Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адамгершілік -асыл қасиет


Адамгершілік -асыл қасиет

Адамгершілік -асыл қасиет

     Мақсаты: оқушылардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т. б. адамдық асыл қасиеттерді игеру ықпал ету мақсатында өтіледі.
Көрнекілік:  кемпірқосақ суреттері
, презентация, нақыл сөздер:
Барысы:
1. Ұйымдастыру. Баяу күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, тәрбие сағаты басталып кетеді.
2. Оқушылар орындарына отырып, музыка әуені тоқталады, сол кезде есік қағылып, хат әкелінеді. Хатта бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы жазылған екен.
Тақырып айтылады.

Слаидпен көрсетіліп тұрады, күй жүріп жатады.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз «Адам бойындағы асыл қасиеттер» деп аталады. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы -  тәрбиелілік, адамгершілік. Ата - ананың тілегі сенің жақсы адам, азамат болуың. Өзінең үлкеннің ақыл кеңесін тыңдап, кішіге мейірімді, досына қайырымды бол. Бойында осындай қасиеттері бар баланы қандай бала дейміз?
(Тәртіпті, әдепті дейміз).

Жұмбақ жасыралады:

Бұл бала қай бала?

Қарашы үстіне, өзіне

Бір кіршік түстімен көзіне

Тап-таза, ақ қаздай, мұнтаздай,

«Жарайсың, балақай!»

Дейміз біз мадақтай

Бұл бала қай бала?

       (Әдепті)

Бұл бала, қай бала?

Қарашы үстіне, өзіне

Түсті не көзіңе

Бет, ауыз кір кір, айғыз

Киімі кір, сатпақ

«Ұят-ай, балақай»

Дейміз біз мазақтай

Бұл бала қай бала?

(Әдепсіз)
Әдептілік ар-ұят

Адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез тағы жат,

Надандықтың белгісі дей отырып,  оқушыларымыз дайындаған көрініске назар аударайық? Содан не қорытамыз ортаға салайық?!

II Көрініс тамашалап ой қорытайық:

Автор: Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды.
Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, өнерлі, әнші, математикадан нашар болғанмен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін»,- дейді баласын мақтап.

Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы балам болашақта үлкен бизнесмен болады - ау»,- деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалған үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.
Сұрақ? Қай баладан болашақта не күтуге болады?
(Оқушыларды сөйлете отырып, сұраққа жауап алу.)

III Ұлы Абайдың
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз», дегендей келесі бөліміміз Кім көп біледі?деп  аталады?

 

  • Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
  • Әдептілік адамгершіліктің бастауы дегенді қалай түсінеміз?
  • Қандай әдептің түрлерін білесіңдер?

Альбина: Біз қайда барсақ та, үнемі адамдар арасында жүреміз. Көшеде, кинода, автобекеттерде, автобуста, вокзалда т.б жерлерде кейбір мәдениетсіз қылықтардан ұяласын. Ол тұрғындарды да, өзінде сыйламау. Жасы үлкенге жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл – әдепсіздік.

   Құттыбек: Сәлемдесу әдебі. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз.Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.

Жаңабек: Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп, көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығыс, тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі.

Нұрхат: Әдемі, таза, киіну әдебі. Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне, талғамына байланысты. Жүріс тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз, рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап,үнемі таза жүре алады.

 Аслан: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы. Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

Аружан: Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Батырбек: Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Асылжан: Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Адия: Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Аида:Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Алтынай:                                                    

Ата ананың тілегі - адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің,

Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің - әуре салған әлегің.

Диас:

Спортпен айналыс сұлулық сыйлаған,

Сол саған пайдалы сауық пен кинодан,

Тәртіпті бала - сүйеніш, төбең көкке жетеді,

Тәртіпсіз бала - күйініш, төмендеп басың кетеді.

Диана:

Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде

Ізетпен бас иемін үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін анама айтып өкпесін

Су құйдым қолына мен әкемнің

Содан кейін оған мен орамалын әкелдім

 

IVСитуациялық жағдаяттар:    

Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сенің әрекетің...

Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің...

Есіктің қоңырауды соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің...

Топ ішінде талқылайды.

Кім мақал мәтел көп біледі?  (Әдептілік туралы мақал мәтелдер алдыңғы сөздерін аитамын, жалғастырасыздар?!)
1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала,  әдепсіз бала – сорлы бала.
3. Әдепті бала ата анасын мақтатар

Әдепсіз бала ата анасын қақсатар
4. Әдептің не екенін
   Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5. Аға әдепті болса,- іні әдепті
   Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

6. Жақсы адам ай мен күндей әлемге бірдей

7.  Бір жылы сөз бір күнге азық

 

«Жалғастыр» ойыны.
 

«Әдептілік» тобына. Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;
- кішкене баланы жылатуға болмайды;
- құстарды атуға болмайды;
- сабақтан кешігуге болмайды;
- сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды;

 

«Әдемілік» тобына. Не істеу керек?
- үлкенді сыйлау керек;
- үлкендердің тілін алу керек;
- кішілерге қамқор болу керек;
- оқу құралдарын күтіп, та
за ұстау керек;
- сабақты жақсы оқу керек;

 

 

Құрметті оқушылар, бүгінгі сынып сағатынан алған білімдерімізді қорытып, «Адамгершілік» сөзін топтастырамыз. Әрқайсысы шығып жазғандарын айтады. Тақтадағы плакатта өз ойларын қорытып жазады.

 

Қорытынды сөз: Слаидта кемпірқосақ бейнесінде көрсетіледі.

  • Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
    Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.
    Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рақатқа бөленесің.
  • Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.
  • Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

 

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сынып сағатымызда ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ. Әр адам адамгершілікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғатынан бойына сіңіреді. Сіздер, өмірде қиындыққа моймай, еш кедергісіз алға қадам басыңыздар. Ғабиден Мұстафин «Адамшылықты айта бергеннен гөрі көрсете біл» деген. Біздің мектебімізде адамгершілігі мол оқушылар көбейе берсін деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

                                                                                              

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әдептілік - әдемілік.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік-әдемілік
Әдептілік – тәрбие бастауы
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол
Әдептен озбайық
Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов
Әдептен озбайық
Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4202 | Қосты: Елеуова Гулжанат | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык