Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қазақ тілінің грамматикасы» таңдау курсының бағдарламасы


«Қазақ тілінің грамматикасы» таңдау курсының бағдарламасы

«Қазақ тілінің грамматикасы» таңдау курсының бағдарламасы

Бағдарламаға арналған балалардың жасы :       11-сынып оқушылары
 
Бағдарламаны жасақтаған:         қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Бекмырзақызы Күнімай
 
Түсінік  хат
          Мектептің  жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – 
жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне,қызығушылығына,таңдауына қарай саралап оқыта отырып,орта және жоғары кәсіптік білім беру мекмелерімен сабақтастықты қалыптастыру.
Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру мектептің педагогикалық ұжымының алдына үлкен міндет жүктейді.
     Адам –қоғамның дамуына үлес қосатын саналы тіршілік иесі.Ол өзінің алдына жоспралы мақсаттар қойып,оған қол жеткізуді армандайды.Тіршілік иелерінің қарым-қатынасы тілдің қатысуымен жүзеге асрылады.Олай болса,тіл –қоғамды  қозғаушы күштің бірі, ұлт тірегінің күретамыры.
            Тіл -  кез келген танымдық әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі. 
Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген тілдің қызметін, әдеби тіл нормаларын  жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. 
 «Қазақ тілінің грамматикасы » таңдау курсын оқытудағы негізгі мақсат- оқушыларға грамматика ,оның зерттеу обьектісі,салалары,түрлері,грамматикалық категориялар туралы  тереңірек теориялық білім беру,грамматикалық ұғымдарды меңгерту,синтаксис мәселелері жайлы ұғымдарын қалыптастыру,оқушылырдың өзіндік ізденістерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту,оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру.
Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:
- Грамматика ,оның зерттеу обьектісі, салаларына шолу жасау
- Сөз құрамы мен морфемалар туралы түсінік беру
- Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы түсінік беру
- Талдау,жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы берілген теориялық білімді меңгерту
- Тіл білімінің мәселелерін жүйелі түрде қайталау
- Курста қарастырылатын материалдар «Қазақ грамматикасы» оқу құралына 
негізделіп,басқа да лингвист ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп жаслынды.Ұлттық бірыңғай тест тапсырушы мектеп түлектернің бұл курстан алары мол.
 
Таңдау      курсының     мақсаты:
- Қазақ тлінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі 
меңгерген,коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу;
- Оқушыларға қазақ  тілінің грамматикасы бойынша тереңірек теориялық білім 
беру, әсіресе бағдарламада жете тоқталмаған тақырыптарды қарастырып, сол негізде оқушыларда білім,білік дағдысын қалыптастыру,ұлттық бірыңғай тестке даярлау
- Оқушылардың ауызша және жазбаша сауатты сөйлей білуне көңіл бөлу
- Оқушыларды ҰБТ-ке дайындау
 
Міндеті:
- Әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орны,маңызы мен 
ерекшеліктерін ажырата  білуге үйрету арқылы қажетті іскерлік  дағдыларын қалыптастыру;
- Тіл білімінің мәселелерін жүйелі түрде қайталау;
- Грамматика мәселелері жайында түсінік беру;
- Грамматикалық категория мен грамматикалық форма, грамматикалық мағынаның 
өзіндік ерекшеліктерні айқындау;
- Теориялық материалдар практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға 
үйрету;
- Оқушылардың танымдық,өз бетімен білім алу,шығармашылық қабілеттерін 
дамыту.
Таңдау  курсының  мазмұны:
  -   Грамматика және оның обьектісі,салалары,түрлері
  -   Сөз құрамы мен морфемалар туралы түсінік
  -   Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы түсінік
 -    Грммматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілдері
  -   Грамматикалық категориялар туралы түсінік
  -   Лингвист ғалымдардың ғылыми зерттеулері
  -    Теориялық білімді меңгертуге арналған жаттығу жұмыстары
 
Таңдау курсының тақырыптық жоспары:
- Грамматика, оның обьектісі,салалары                              1 сағат
- Сөз құрамы мен морфемалар                                             2 сағат
- Грамматикалықформа мен грамматикалық мағына        2 сағат
- Грамматикалықммағына білдірудің негізгі тәсілдері      9 сағат
- Грамматикалық категориялар туралы түсінік                   7сағат
- Синтаксис мәселелері                                                          10 сағат
- Талдау жұмыстары                                                                3 сағат
 
Курсты  ұйымдастыру  формасы:
      Лекция 
      Семинар
      Топтық
      Ойын
      Жұптық оқыту әдістерін пайдалану     
 
Курсты  оқытуды /тоқсан сайын/  аяқтау  әдістері:
-    Рефераттар
-    Жоба қорғау
-    Шығармашылық жұмыстар
 
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
- Тест тапсырмалары
- Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасау
- Сынақ тапсырмалары арқылы «5» баллдық жүйемен бағалау
 
Күтілетін нәтиже:
- Қазақ тілі грамматикасы,оның салалары мен обьектісін,түрлерін толық,терең 
меңгерту;
- Зерделенген тақырып бойынша нақты ой қорыта алуы;
- Алған теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыра отырып,білім-
білік дағдыларын қалыптастыру;
- ҰБТ-те курсқа қатысушылардың жоғары білім сапасын көрсетуі;
 
Пәнаралық кіріктіру:
Қазіргі қазақ тілі,қазақ әдебиеті,қазақ тілінің салытырмалы грамматикасы,қазақ тілінің тарихи грамматикасы,
 
Кәсіпке бағдарлау:
Филолог, лингвист ғалым, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, кітапханашы
 
Уақыт көлемі,сабақтың жиілігі:   34 сағат (аптасына 1 сағат )
Таңдау курсының күнтізбелік жоспары.
2012 -2013 оқу жылы
 
 
Р\с Мазмұны Сағат
саны Уақы
ты Пайдаланатын
көрнекілігі Үй
тапсырмасы
1 Грамматика және оның обьектісі,салалары,түрлері 1 6.09
Ә.Хасенов  «Тіл біліміне кіріспе» Грамматика туралы оқу
2 Сөз құрамы және морфемалар туралы түсінік 1 13 Тақырыптық кестелер Сөйлемдер талдау
3
Аффикстер және олардың түрлері 1 20 кесте Ә.Хасеновтың               «Тіл біліміне кіріспе» кітабын оқу
4 Грамматиклық форма 1 27 кесте Мәтін жазу
5 Грамматикалық мағына 1 4.10 Семантикалық кесте Грамматикалық мағына
6 Грамматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілдері 1 11 перфокарталар Сөйлем талдау
7 Аффиксация тәсілі және агглютинация мен фузия құбылыстары 1 18 сызбалар Тақырыпқа мысал жазу
8 Дыбыстардың алмасуы және ішкі флексия тәсілі 1 25 Қазақ тілі
Шың кітабы Шығармашылық жұмыс
9 Талдау жұмыстары 1 1.11 Тест тапсырмалары қайталау
10 Редупликация тәсілі 1 15 Үлестірме қағаздар Сөйлем талдау
11 Сөздерді біріктіру тәсілі 1 22 Тірек сызбалар Мысалдар жазу
12 Екпін және интонация тәсілі 1 29 Венн диаграммасы Мысалдар арқылы айырмашылығын ажырату
13 Сөздердің орын тәртібі тәсілі 1 6.12 Үлестірме қағаз Сөйлем талдау
14 Көмекші сөздер тәсілі 1 13 Кесте Көмекші сздердің қызметі .Реферат жазу
15 Аналитикалық және синтетикалық құрылысты тілдер туралы түсінік 1 20 Кесте «Қазақ грамматикасы» кітабын оқу
16 Тестпен жұмыс 1 27 Тест тапсырмалары Қазақ тілі 
Шың кітабы
17 Грамматикалық категориялар туралы түсінік 1 10.01 Тірек сызба Мысалдар жазып талдау
18 Грамматикалық сан категориясы туралы ұғым 1 17 үлестірмелер Сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жасау
19 Септік категориясы туралы түсінік 1 24 Семантикалық кесте Эссе  жазу
20 Сан есімдер категориясы ерекшеліктері 1 31 Жұмбақтар Сөзтізбек құрастыру
21 Сан есімдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері 1 7.02 Қазақ тілі  «Шың» кітабы Құрамында сан есімі бар сөйлем жазу
22 Сан есімдердің морфологиялық және сөз жасау ерекшеліктері 1 14 Мақал-мәтелдер Сөйлем талдау
23 «-Ды,-ді» қосымшасының шығу төркіні туралы 1 21 Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Мысалдар арқылы қосымшаларды ажырату
24 Қазақ тіліндегі үйірлі мүшелер 1 28 Тірек сызба Көркем әдебиеттен үйірлі мүшесі бар сөйлем жазу
25 Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихынан 1 7.03 Қазіргі қазақ тілі.Морфология          Қазіргі қазақ тілі.Морфология кітабын оқу
26 Құрмалас сөйлемнің түрлері 1 14 кесте т ірек сызбалар Сөйлемдер құрап, талдау
27 Талдау жұмыстары 1 4.04 Сатылай кешенді талдау үлгілері Сатылай кешенді талдау жасау
28 Қазақ тілі синтаксисінің дамуы 1 11 Көркем әдебиеттен мысалдар жазу
29 Қазақ мақал –мәтелдерінің синтаксисі 1 18 Мақал-мәтелдер жинағы Өзіндік ізденіс
30
Жай сөйлем синтаксисі 1 25 Тірек сызба Көркем әдебиеттен сөйлемдер жазу
31 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері 1 2.05 Үлестірме қағаздар Сөйлемдерге талдау жасау
33 Құрмалас сөйлем синткасисі 1 16 Тест үлгілері «Абай жолы» романынан құрмалас сөйлем тауып жазу
34 Тест тапсырмалары 1 23 тест қайталау
 
Әдіс бірлестігінің отырысында қаралып, бекітуге ұсынылды.28.08.2012 жыл
 
Әдіс бірлестігінің жетекшісі :                                          Л.Түменбаева
Бейінді  оқыту жөніндегі орынбасары:                     А.Жарқымбекова
 
 
 
                                  Пайдаланылған    әдебиеттер
 
 
                                    Мүғалім   үшін  
1. Қазақ тілі бағдарламасы.Алматы,1999 жыл
2. Қазақ тілі бағдарламасы.Алматы,2003 жыл
3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
4. Ә.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе.Алматы «Рауан»1990 жыл
5. Т.Қордабаев.Тіл білімінің мәселелері.Алматы «Рауан»1991 жыл
6. М.Балақаев. «Қазіргі қазақ тілі».Алматы «Ана тілі»1992 жыл
7. А.Байтұрсынов.  «Тіл тағылымы» Алматы «Ана тілі»1992 жыл
8. Мектепте қазақ тілін оқытудың мәселелері
9.М.Балақаев «Қазақ тілінің мәдениеті».Алматы «Қазақстан»1971жыл
10.М.Серғалиев,А.Айғабылов,О.Күлкенова «Қазіргі қазақ әдеби тілі»Алматы «Ана тілі»1991 жыл
 
                                      Оқушылар үшін
1.  «Шың»   Қазақ тілі  талапкерлерге арналған оқулық тесті 
2.Қазақ тілі.  Оқушы анықтамасы 5-11 сыныптар
3. Т.Қордабаев «Тіл білімінің мәселелері» Алматы «Рауан» 1991 жыл
4. Ғ.Қалиев,Н.Оралбаева Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9- сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар
Тіл білімі салаларын оқыту
Сөз сыры
Пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары
Үздік факультативтік оқу бағдарламасы
Ағылшын тілі грамматикасы
Практикалық қазақ тілі
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ курсы бағдарламасының мазмұны
Тіл дамыту бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 35721 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык