Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен


МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ.

«Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. «Надан- жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқанындай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.Сусыз, құрғақ, таза көлеңке жерге дән ексең өңбейтіні  сияқты  жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді.Қазіргі мектеп мұғалімдерінің  алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармпашылық білім дағдыларын  қалыптастыру.Өз ұрпағының өнегелі,өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану – әрбір үзтаздың міндеті.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады.Сонымнен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.Оқыту технологиясын жаппай енгізуді зерттеушілер 1960 жылдардың басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң еуропалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады.Қазіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады және  психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика, менеджмант теорияларынды бағаланады. «Педагогикалық технология » термины тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды көздейді.Бүгін  педагогикалық  технология педагогикалық  міндеттерді шешумен байланысты  педагогтың жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын ала жобаланған педагогикалық үрдістің тәжірбиеде тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі.Педагогикалық технология – педагогикалық  іскерліктердіңжетістігіне  жеткізетін ғылыми жобалар және нақты өндіру.Сонымен педагогикалық үрдіс  белгілі жүйе ұстанымдарында  құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология  сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы ұстанымдарды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.Міне, осындай педагогикалық технологияның  оқыту әдістемесі мен тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады.Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі –шеберлік.Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың педагогикалық шеберлігі және кәсіпқойлығы көрінеді.Оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері  мен мазмұнын өндіруді көрсетеді.
Қазіргі өндірілген және білім беру тәжірибесінде   білімді трансформациялау, іскерліктер мен дағдылар, проблемалық, бағдарламаланған әр түрлі деңгейлік, бейімдік , модульдік оқыту  және т.б технологиялар қолданылады.Педагогикалық жаңалық- жаңа идеялар, әдістер,  технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігін немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі  белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.Бір технологияның өзі әр орындаушыда әртүрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің  тұлғалық құзыреттілігі оқушылар контингенті, сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл-күй әр түрлі болуы мүмкін.Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әр түрлі болғанымен, бір-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.Педагогикалық технология М.Клариннің анықтауында: «Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын  барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.».Ғалым-акедемик В.Монахов оқыту технологияларының тәжірибедегі қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады.Ғалымның пікірінше: «Технология-оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық  әрекетті жобалаудың жан-жақты  ойластырылған үрдісі». Сонымен технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материаларды түрлендіру үрдістері мен әдістердің жиынтығы және бірізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейе түсуде.Елбасы өзінің жолдауында  «Білім беру реформасы- Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы қабілеттілігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»,- деп атап көрсетті.Қазіргі кезде  жаңа технологиялардың ішінде  ақпараттық- коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі.Сонымен қатар, білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес.Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау  заман талабыны сай талап етілуде.Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты- білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік  дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін  бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.Ақпараттық технология- бұл нысандар мен үрдістер дәстүрлі мәтінмен сипаттау емес, сурет бейне, графика,айналма, дыбыс, яғни бүгінгі күні бәрімізге таныс  формаларды беру.Бұл жағдайда біз екі негізгі-сапалық және сандық басымдылыққа ие боламыз.
 Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану әдістемесі:
1.Оқытудың басқару жүйесін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде  жетілдіріп  отырады.Оқудың мотивациясын  күшейтеді;
2.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың  дайындық деңгейін арттырады;
3.Компьютер тек қана ойын құралы емес, басқа да мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетеді.
Ақпараттық технологияны  пайдалану математика сабақтарында келесі дидактикалық  мәселелерді шешуге көмектеседі:
-Пән бойынша базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
-Жалпы білімге деген, оның ішіндегі пәнге деген ынтасын арттыру;
-Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және  оқушылардың ақпаратты  меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.Соңғы жылдары ақпараттық- коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабақта компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен жұмыс жасауына жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтарды қолдана отырып, оқушылар математика сабақтарында төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:
-Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
-Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеру;
-Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталау;
-Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдау;
-Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық технологияның мүмкіндіктері пайдаланылып жасалынған электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылар өздігІнен жұмыс жасай алады.Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне мүмкіндік туғызады.Мен өзім 6-сыныпта электрондық оқулықты қолданамын, оқушылар қызығушылықпен қатысады.Әр тарау сайын тест жұмыстары орындалып, оқушылар бағаланады.Тек мұғалімдердің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.Электрондық оқулық пен оқытудың негізігі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрын алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді.Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланған.Қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай, алға жылжу  мүмкін емес.
Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім білікдағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді.
Интерактив- ағылшынның өзара әрекет деген сөзі.Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты түсінікті етеді, ал бұл сабақтың басынан бастап оқушылардың танымдық іс-әрекетінің арттыруына ықпал етеді.Интерактивті  тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, бңлңм сапасын, арттыруға болады.5- сыныпта «Ондық бөлшектер.Ондық бөлшектерді координаталық түзуде кескіндеу», «Ондық бөлшектерді жай бөлшектерге айналдыру», 6- сыныпта «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі» т.б сабақтарда интерактивті тақталарды қолдандым.
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ақпараттық технология төмендегідей мүмкіндіктерді береді:
-    Оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады;
-    Оқушыларды өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасатуға болады;
-    Тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады;
-    Оқушының жас ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады;
-    Ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал жасалады;
-    Оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан-жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;
Дәстүрлі оқыту жүйесі мен ақпараттық технология қолданылған оқыту жүйесінде үлкен айырмашылық бар.Мұғалім бағыт-бағдар берушінің қызметін атқарады.Тақырыпты слаид түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге, материалды құрастыруға, ал анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.Білім берудің тиімді әдістерінің бірі-электрондық оқулық екендігін мойындауымыз керек.Заман талабына сай ақпараттық технологияларды шәкірттеріміздің тиімді пайдалана алуы болашақтың өркендеуін білдіреді.Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Оқыту-тәрбиелеу технологиясы.№6.2013ж
2.Қазақстан мектебі.№3.2010ж
3.Қазақстан мұғалімі.№22.2012ж
4.Қазақстан мұғалімі.№16-17.2012ж


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары
Инновациялық әдіс –білімді ұрпақ кепілі
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Жаңа технология – сапалы білім кепілі
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Жаңа технология түрін қолдану
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4104 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык