Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гуманитарлық білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру.


Гуманитарлық білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру.
Гуманитарлық білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру

М.Т.Қаналиева
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесіннің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Ақтау қаласы
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.
Әр елдің білім көкжиегінде өзіндік ізденістері , сүрлеуі болуы – аса қажет нәрсе. Оған А.Байтұрсыновтың мына бір тұжырымын келтірсек: «Әдіс ерекшеліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмса- латын орынның күш-қуатына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау әдісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болмақ деп ешкім де айта алмайды» десе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Гумилев атындағы Еуразия университеті студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде: «...Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қалмайды. Бұл – ұзақ үрдіс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі. Сонымен бірге, егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек.»,- деп атап көрсеткен еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан- 2050»стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: оқыту әдістемелерін жаңарту, онлайн режимді бағытта білім беру- заман талабы екенін айта келіп, Отандық білім беруде жаңа технологияларды пайдалана, дидактикалық әдістемелер көмегімен оқыту қажеттігін, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана, білім беру үдерісінде қоғамдық пәндердің берілуін жетілдіру талабын қойған болатын. Бұл – мектеп пен ұстаздар алдында тұрған басты міндет.
Еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын берік қалыптастыруда қоғамдық – әлеуметтік пәндердің, соның ішінде, филолгия пәндерінің алатын орны ерекше. Тіл мен әдебиетті ұлттан, ұлттық мәдениеттен, ұлт өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастан бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан да филологиялық пәндерді заман талабына сай жаңаша оқытып,оның рухани-мәдени әлеуетін жас ұрпақ тәрбиесінде барынша тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанды келешекте ең білімді ел,озық экономикасы мен жоғары білікті жұмыс күші бар мемлекет есебінде көргіміз келсе, онда білім жүйесін дамытуымыз қажет. Оқытудың озық технологияларын сараптап, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін зерттеп, саралап, мектеп өміріне енгізуді көздейтін жаңа үлгідегі Жобаны қазақстандық білім беру жүйесіне көшбасшылық етіп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2012 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асыра бастады. ХХІ ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынастар жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Сондықтан да жаңаша оқыту жаңалықтарын жүзеге асыру, игеру және өмірге енгізу мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты. Қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударуды қажет етеді. Сондықтан да мұғалім мен оқушының тұлғалық-бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алады. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріліп, мектеп, отбасы, әлеуметтік ортаның бірігуі көзделеді. Мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудағы алғашқы баспалдағы.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекеті маңызды. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көп көмектеседі.
Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына дарытып, қоғамда өз орнын таба білетін дара тұлға тәрбиелеуші - мұғалім.
Елбасымыз өз сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең білгірі болу емес,тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік пен ақпараттық сауаттылықты да талап етеді.Сондай-ақ қазіргі мектеп жағдайында білім берудің ұлттық моделіне өту - оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылып, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді,шығармашыл педагог-зерттеуші ойшыл мұғалім болуды талап етеді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттытып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу.
І . Жаңа идеяны іздеу.
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ.Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ.Жаңалықтарды енгізу.
Оқу- тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
ІҮ.Жаңалықтарды бекіту
Инновациялық технологиялардың мектептегі білім сапасын арттыру:
- Әр сабақта интерактивті әдістерді қолдану;
- Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесін қолданамыз, бұл әдістемелерді қолданғанымызда мына жай есте болуы керек:
- Қатар отырған екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
- Әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
- Оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
- Параллель сыныптардағы сынып топтарының қабілет ерекшеліктерін ескеру;
- Мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы т.б.
Қазіргі таңда мемлекеттің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Қазақстан жастары да терең білім алып, сол білімді тұрмыс игілігіне және өзінің рухани байлығын толықтыруға жұмсаса, еліміз білімді қоғамға айналып,дамыған елдер қатарынан көрінеріміз анық.
«Сендердің озат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастарға арналған сөзі ұстаз қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Бүгінгі уақыт талабы - мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Себебі, адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі де білімді оқушы кез келген мемлекеттің байлығы. Заманауи озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңаша оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамытуымыз керек . Өз еңбек жолымдағы осы бағытта жасаған азғантай жұмысыма тоқталып өткім келеді. Жаңа технологиямен сабақ беруде
«Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын » қолданып келемін .Бұл технологиялардың өз мақсатыма жетуге көмегі мол болды.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың басты принциптері:
- теория мен ұғымдардың мазмұнын беруде көп тәсілділікті меңгерту;
- сөзбен, суретпен, математикалық амалдармен т.б. жеткізе білуге үйрету;
- ақпаратты қорыта,қысқаша түйіндей алу,мысалы,бір ғана сурет, сызба арқылы мыңдаған сөзден тұратын түсінікті бере алу;
- өз ойын ықшамды , әрі тиімді жеткізу үшін сызбалар жасай алуға үйрету;
- нақты нәрселер туралы ғана емес, абстрактілі ойлауға да үйрету;
- кез келген құбылыстың басты,жетекші принциптерін анықтай білуге үйрету;

Сыни тұрғыдан ойлау

Өзінің білім алу процесіне жауапкершілікпен қарау

Басқалармен Бірін-бірі топтың
бірлесіп мұхият шешіміне өз
жұмыс жасау тыңдауы үлесін қосу


Мұғалім міндеті

Сыныпта өзара ашық , әрі Оқушыға өз бетімен білім
талапты қарым-қатынасты алуға көмектесетін кесте
қамтамасыз етуге жағдай немесе мәтінді лайықты
жасау стратегияға қоя білу

СТО стратегиясын пайдалануда нәтижеге жету



Жеке тұлғаның ғыл.зерттеу ойлау еңбекте- бүгінгі өмір жан-жақты да- және оқу –таным рінің беделін шындығына
муы, әлеумет- дық жұмыстарға көтеру тұлға ретінде
тендіру күтіледі ынталандыру көзқарасына мән
беріледі


Күнделікті сабақ жоспарына қойылатын талаптар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытындылау
Қызығушылықты ояту Мағынаны ашу Ойтолғау
Сабаққа қызығушылығын арттыру,бейімдеу, танымдық белсенділігін арттыру Тақырып мазмұнын ашу.Ойын жеткізуге дағдыландыру.Талдау жасау.Сөйлеу дағдысын жетілдіру. Ойын өз сөзімен жеткізе алуы.Ақпарат қорларын ұлғайтуы.Нәтижеге қол жеткізу.

СТО технологиясын сабақтың негізгі бөлімінде қолдануға тиімді стратегиялар
СТО стратегияларында сабақтың негігі бөлімін «Мағынаны ашу» деп белгілейді. Бұл сабақтың негізгі мәні, мазмұнының ашылатын кезі. Тиімді стратегиялар деп «Ұқсастық пен даралық», «ББҮ», «ДЖИГСО», «Екі жақты күнделік», «ВЕНН» диаграммасы, «Кубизм» т.с.с. стратегияларды білемін. Мұнда оқушы тақырыпты кең ауқымда, жан-жақты меңгереді.
Жұмыс түрлері:
а ) жеке жұмыс – ойлау
б ) жұптық жұмыс – өзара жұптасу
в)топтық жұмыс – мәтінді талдау
г) ұжымдық жұмыс – жалпы сыныпта орындалады.
Мен біраз жыл бұрын «Дебат» технологиясымен де айналыстым. Мұнда да оқушы өз іс-әрекетіне сын көзбен қарап,өзін-өзі бағалауға үйренеді. Оқушының ой танымы артады, ізденеді, ойын жинақтап, дамытады. Шығармашылықпен жұмыс жасай алады. Өз пікірін айта алады, кейіпкерді саралап, салыстырады, жақсы кейіпкерден үлгі алады. Қажетті ақпараттарды тауып, нақты дәлелдермен сөйлеуге дағдыланады
Қорыта келгенде, жаңа технологияның оқушыға да, мұғалімге де берері мол.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану-білім құзіреттілігіне жету.
Сабақ сапасы- ұстаз біліктілігінде
«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».
Инновациялық әдіс –білімді ұрпақ кепілі
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Оқыту тиімділігі – озық технологияларда
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 8450 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз