Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану


Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану

Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану

Ұсынылып отырған жинақта тарих пәнінің мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі ШЖМ-де педагогикалық технологиялардың тиімділігі жөнінде және сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты тарих пәнінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
 
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана 
шәкірт жанына нұр құя алады»
Ахмет Байтұрсынов
Тәуелсіз еліміздің дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуы бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі мен алатын тиянақты біліміне тікелей байланысты[3:2-3].
Бүгінгі кезде жалпы орта білім беретін ШЖМ  - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген. өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс.Мектептің дамуы үшін жаңа үлгі, жаңа жобаларқажет. Бұндай жобаларды жасап, жүзеге асыратын әрине мұғалімдер. Осы орайда біздің мектеп ошағында жаңа жобалар жасалып, іске асырылуда.[2:10].
Инновациялық технологияларды пайдаланудың өзектілігі - ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады; мектептегі білімсапасы артады; оқушылар ғылыми - зертханалық жұмыстар жасауға машықтанады, мұғалімдердің біліктілігі артады.
 Сондықтандақазіргі егеменді еліміздің білім беру саласын жаңғырту мақсатында ШЖМ-де инновациялық технологияларды пайдалану аса маңызды болып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы – инновациялық технология арқылы оқушылардың бойындағы дарындылық қасиеттерін жан-жақты ашу, соның нәтижесінде болашақта бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу қазіргі заман талабы болып табылады. Әрбір мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүріп қана жаңа технологияларды пайдалану арқылы дарынды оқушылармен жұмыс жасай алады. Сол кезде ғана алдына қойған мақсат-міндетіне жете алады.
      Оқу үрдісін жаңғырту жағдайында инновациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаттары:
 Оқу үрдісін инновациялық негізде ұйымдастыру оқу-тәрбие үрдісінде шәкіртті субъект ретінде танып, жеке тұлға ретінде қабылдап, оның интеллектуалды танымдық қабілеті мен іс-әрекетінің дамыту жолдарын анықтау.
 Баланың    тұлғалық    қалыптасуын,    оны қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету
 Ой-өрісі кең ұлттық және әлемдік құндылықтар негізінде тәрбиеленген, нарық жағдайларында еңбек етіп, білім алуға дайындығы бар жеке тұлға даярлау.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қоямыз:
1.Біліммазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру.
2.Оқушыларды ғылыми ізденіске бағыттау, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау және ғылыми негіздеоқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту.
3.Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.
   Ғылыми жобаның болжамы– жаңа технологияның әдіс – тәсілдері арқылы оқушының тұлғалық әрекеті дамиды,оқушылар белсенділікке ұмтылып,көшбасшылық қабілеті қалыптасады, кез-келген проблемадан шешім таба білуге дағдыланады.
Зерттеу нысаны:жан-жақты білім берудің үрдісі жүзеге асырылатын «алаң» сабақ және оқушы тұлғасы.
   Ғылыми жобамыз кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жобаны жүзеге асыру барысында негізгі екі бағытта жұмыс жасалды. Олар – «Ұлағат» және «Дарын»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Гуманитарлық білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру.
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».
Ізденістер жолында
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Абай
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОРНЫ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4075 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык