Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Футбол ойыны арқылы оқушылардың дене қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу.


Футбол ойыны арқылы оқушылардың дене қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу.
Ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Ал спорттың қай түрімен айналысу әр адамның өз қабілетіне байланысты болатындығын ұлы ойшыл Ибн Сина шығармаларында жазыпты. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа- деп бірнеше түрге бөле отырып денсаулықтың мықты болуы үшін күніне кем дегенде 33 түрлі жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бұл бағдарлама бүгінгі таңда елімізде етек алып, отбасынан бастап барлық мекемелерде ерекше мән берілуде.
Осыған орай, бүгінде мектептерде дене шынықтыру сабағымен қатар түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Жалпы спорттық ойындарының негізгі идеясы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. Жастары– сауатты, білімді, дені сау елдің іргесі мықты болатыны айғақ.
Еліміздің мектептеріндегі оқу- тәрбие жұмыстарының басты міндеті – жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, ой -өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жоспарланады. Осы тұста дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Әсіресе 1 - ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт бір орында отырғандықтан тез шаршайды. Ал дене шынықтыру сабағынан кейін баланың миы тынығады. Сондықтан күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой - өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Тұлымшағы желбіреген жеті жасар балалардың асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп, шымыр да шыныққан, епті де икемді болып өскенін білеміз.
Бүгінгі өзгерістерге толы заман ауысымында бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі туындап отыр. Сондықтан мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесінің маңызы екенін ұғындыру. Әсіресе жастардың, оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас -жігерін тәрбиелеу маңызды болып табылады.

Елбасы дені - сау, білімді, білікті, жан - жақты қалыптасқан болашақ жастарға зор сеніммен қарап, үміт артады.
Біздің «НұрОрда» лицейінде Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие бағдарламасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі барлығымыздың көңілімізден шығатын футбол ойыны.
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады. Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
Дегенмен, бұл ойын мектеп оқушылары үшін өте пайдалы. Себебі спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Онымен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.

Лицейдің жоғары сынып оқушылары үшін дәстүрлі кіші футболдан жарыс жыл сайын ұйымдастырылады. Айтулы даталарға, спорт чемпиондарына арналған турнирлер де қала, республика көлемінде қазақ-түрік лицейлер арасында жыл сайын өткізіліп келеді.
Лицей оқушылары мен оқытушылары, ата-аналары арасында спорттық ойындардың ішінде қозғалмалы ойындардан футболға қызығушылық басым.
Лицей оқушылары жыл бойына жеткен жетістіктері пән оқытушыларының тынымсыз еңбегі деп білемін.
Қорыта айтқанда, салауатты өмір салтын тиянақты ұстанғанда ғана, өміріңе қажетті нәрсені ала аласың. Бұл үшін біздің елде барлық жағдай жасалған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Осыны оқушылардың санасына сіңдіру біздің, яғни дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің міндеті.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру
Шағын жоба Волейбол
Салауатты болсаң, сау боларсың.
Дені саудың – жаны сау.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері
Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе
Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе
Дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы
Мұғалім портфолиосы
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 7589 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз