Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру


Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру

Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру

Ауыл мектептерінде жазғы тынығу лагерінде өткізілетін ұлттық ойындардың мәні өте зор. Бұл дегеніміз оқушыларды салауатты өмір қалыптастыруға, денсаулықты нығайтуға, дене шынықтыру мен спортты,ұлттық ойындарды насихаттауға дене бітімінің дұрыс қалыптасуына сапалы қимыл дағдыларын жетілдіруге жеке тұлғаның қасиеттерін тәрбиелеуге демалыс пен уақытты тиімді өткізуге бағытталады.

Себебі ұлттық ойындар адамгершілік пен әділдікті, ептілікті, алғырлықты батылдықты шапшаңдықты тағы да көптеген тәрбие құралы болып табылады.Бұл қасиеттерді бала бойына дарытуға дене тәрбиесі мұғалімінің қызметі ерекше.Сондықтан дене шынықтыру мұғалімі білімді,білікті, ұйымдастыру қабілеті жоғары маман болуы тиіс.Сонымен қатар мұғалім ойынның мазмұнын ғана біліп қоймай ойынның түрлі нұсқауларын төрешілік ережесін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын түрлерін тәрбиелік тіпті тарихи маңызын білу керек.Жазғы тынығу лагерінде демалушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойындарды дұрыс таңдау қажет.Мұғалім қандайда бір ойынды алғанда бала ағзасына тигізетін әсерін, қызығушылықты арттыратын тұстарын, дене жүктемесін дәл реттей білу керек. Өйткені ұйымдастырылмаған ойын баланың қызығушылығын жойып, жалықтырып жібереді. Жазғы тынығу лагерінде мұғалім күнделікті таңертеңгілік гимнастикалық жаттығудан бастап бір күндік лагерь уақыты аяқталатын мезгіл аралығындағы күн тәртібін құру тиіс.Оған спорттық жарыстар , мерекелік іс-шаралар , ұлттық ойындар, жаяу серуендер (табиғат аясында, өзен, көл жағасында) кіреді.
Мысалы бастаушы сынып оқушыларына өтілетін ойындарға мыналарды жатқызуға болады: «Қоян», «Қасқыр қақпан», «Мерген мен үйрек», «Қарғымақ», «Кім жылдам», «Қуыспақ» , «Қоян мен қасқыр», «Қырықаяқ», «Сиқырлы таяқ» тағы да басқа ойындар. Бұл ойындарды өткізгенде бірыңғай спорт киім мен спорт залдардың керегі жоқ.Керісінше көл жағаларында, алаңқай жерлерде өткізе беруге болады. Бұл ойындарды ойнағанда баланың қимыл қозғалысы артып, денесі ширап, көңіл-күйін көтеріп, мұғалім берген нұсқауларды дұрыс орындауға дағдыланады. Балалардың денелерін шынықтырып, болашақ өмірге жастайынан оның қиын сәттерін оңай жеңуге дайындайды. Бұл ойындарды таңдағандағы себебіміз, баланың есте сақтау қабілетін дамытып, ойын ережесіне бағынуын, патриоттың сезімін қалыптастыру болып табылады.

Орта сынып оқушыларына спорттық элементтері басым ойындарды беруге болады. Айта кететін болсақ, «Допты соқ», «Доппен жарысу» , «Доп тебі», «Қазан доп» , «Қашпа доп» , «Дәл түсір» т.б. ойындарды жаьқызуға болады.

Ойынды өткізгенде мұғалім ескеретін ережелер:

1. Ойын оқушының көңіл-күйіне әсер етуін қадағалау;

2. Әр ойында қатысушылар белсенді дене жаттығуларының жүктемесін сезінуі тиіс;

3. Ойынды өткізу барысында мұғалім барлық баланы бақылап отыруы керек;

4. Ойны соңында оқушыларға ойын қорытындысын хабарлау керек.

Ұлттық ойындар көнеден келе жатқан мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы зор. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, өмір тынысы болып қала береді.Ойын баланың дене бітімін жетілдіріп қана қоймай ақыл-ойын шыңдайды, ұлттық рухын, сана сезімін қалыптастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақтың ұлттық ойындары / Құрастырғандар С Қасымбекова, С.Тайжанов / Атамұра ,1994

2. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары /Оқу құралдары- Алматы 1991/


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДЕ ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР ФОРМАСЫН ҚОЛДАНУ
"Жылқы тану" қосымша сабағын мектеп бағдарламасына қосу бізге не береді?!
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа тәсілдері
Дене қасиеттерін дамыту Сағ. саны уақыты
Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны
Ұлттық ойындар
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
Ұлттық ойындар бойынша әдістемелік материалдар даярлау, оларды сабақта
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 5987 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз