КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курсының II -/негізгі/ деңгейінің сертификатталушысы
ОҚО, Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
ДЖаикбаева Жибек Сыргабаевна
Аннотация
«Коучинг және тәлімгерлік – мұғалімдердің кәсіби білімдерін арттыру тәсілі» тақырыбында кез-келген мұғалім өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг пен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеулері керек. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейтіні жайында айтылады.
Аннотация
По теме «Коучинг и наставничество- метод повышения профессионального знания у преподавателей» каждый преподователь не сможет контролировать свои успехи и достижения самостоятельно, это приводит к тому что, преподователи совместно с коллегами по методу коучинг и наставничество должны внедрить новые методы обучения предмета. Главное позиция наставничество заключается в взаимоотношении между коллегами, наставник является объективным слушателем и направляющим. Процесс коучинга связан с наставничеством: по методу коучинг оценивается профессиональная возможность коллеги, а с помощью наставничество системно и всесторонно можно оценить эти качества.
Annotation
On theme "Coaching and mentoring is a method of enhancing the professional knowledge of teachers» every teacher will not be able to control their successes and achievements independently, it leads to the fact that the teachers together with colleagues according to method coaching and mentoring should introduce new methods of teaching the subject. The main position of mentoring is the relationship between colleagues, the mentor is an objective listener and guides. The process of coaching is associated with mentoring: coaching method is evaluated professional colleagues the opportunity, and with the help of mentoring systematically and comprehensively, you can appreciate these qualities.

ОҚО, Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
«Басқаларды үйрете жүріп, біз де өзіміз үйренеміз»
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтар мен кедергілерді кездестіреді. Ол заман көшіне ілесу ішін өз білімін жетілдіріп отыру қажет. Болашақ еліміздің тұтқасы жас ұрпаққа білім беруде әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көптеген жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекетіміз білім беру жүйесін әлемдік үздік жүйеге сәйкес деңгейге көтеруді көздеп отыр.
Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету, жаңаша оқыту үлгісін қалыптастыруды оқу, білу, үйрену мақсатында Шымкент қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық Шеберлік Орталығы Кембридж Университетінің Білім Беру фаультетімен бірлесіп әзірлеген екінші / негізгі / деңгейлік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан өтіп, сертификатталдым. «ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды? » деген сауал бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғаны рас. Ол - сағат сайын қарыштап дамып бара жатқан әлемнің талаптарына сай өмір сүру мен өзге елдермен терезесі тең болу туралы ойлану дегенді білдіреді. Осы Кембридж бағдарламасының Жеті модульге қарастырылған идеялар, жеке стратегиялар мен әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану арқылы білім беру үдерісіне енгізе отырып, сабақтарды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізу үшін коучинг пен тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру міндеттемесін мойнымызға алдық.
Бұл курстан күтілетін нәтиже курстың соңында мұғалімнің әрбір оқушының жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемалар және оларды шешу жөнінде басқа мұғалімдерге кеңес беру, кәсіби проблемаларды шешуде біліктілігі төмендеу әріптесіне көмек көрсетуге дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады. Екінші деңгей бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген: біріншісі - мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы замануи түсініктерге сай келетін бай білімді игеруі, ал екіншісі - мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара байланысты үдерістерге көңіл бөлу./ МАН 2013/.
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдылардың қалыптасуына ерекше көңіл бөлу керек. Кез-келген мұғалім өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг пен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеулері керек. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Осыны негізге ала отырып, екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг және тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынған.
Коучинг – (ағылш.coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру деген мағынаны білдіреді. Бұл - әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибиелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, оның тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салдарынжетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалықдеңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибе аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым – қатынас құру үдерісі. Ол әріптесінің педагог ретінде қалыптасуы мақсатынды өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Үдеріс барысында, әріптес өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал екінші әріптес еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.
Коучтер - бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдар. Олар өзінің белгілі бір қасиетін өзгерткісі келетін адамдар, мысалы өз жұмысын әлде қайда тез және жеңіл атқаруға немесе өзінің өмірін өзгертіп, өзіне пайдалы және ұнамды істер жасауға көбірек бос уақыт бөлгісі келетіндер. Яғни, негізінен өз өмірін жақсы жаққа қарай бұру! Өз қызметінде жетістікке жету үшін тәлімгерге үдерісті білу және түсіну қажет, сонымен қатар коучинг өтетін мәнмәтінге сәйкес келетін әртүрлі стильдер, дағдылар мен техникаларды жақсы меңгеруге тиіс.
«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деп тұжырымдама жасаған Махатма Ганди айтқандай мен осы екінші /негізгі/ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталып келгеннен бері менің өзімде де, қызметімде де өзгерістер бола бастады, бұрынғыдай мұғалім ғана емес сонымен қатар өзімнің басқа адамдарға да қажет екенімді түсіндім. Адам болмысын үнемі кәсіби жаңарту арқылы өзгертуге болатынын жоспар бойынша жүргізіліп жүрген іс-шараларымнан байқадым. Деңгейлі оқу курсы қандай мұғалімнің болсын белсенділігін оятады екен. Қазіргі таңда мектепте курстан кейін өз ұжымымда әріптестеріме қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырған оқу тобыма қатысатын мұғалімдерге 3-/базалық/ деңгейдің бағдарламасын оқытып жатырмын. Топтың жұмыс кабинеті мен жұмыс бұрыштары бар. Жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізіп отырамыз. Оқу тобындағы мұғалімдеріммен апта сайын кездесіп жүргізілген жұмыстарға талдау жасап, келесі жұмыстарға шолу жасаймыз. «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге және үйретуге болады». Коучингке қатысқан мұғалімдерге коучинг үдерісі туралы «Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар.Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады» (МАН,81-бет) деген ақпаратпен таныстырып өттім. «Коуч» сөзіне де слайд арқылы түсіндірме жүргізілді. Әңгіме сұхбаттың қызу талқылауға түскені сонша мұғалімдердің көздерінен «тағы да біле түссек» деген ойды оқуға болатыны сөзсіз еді. Мұны бірлесе отырып пікірлескенде олардың қойған сұрақтарынан да анық аңғарар едің, осы себептен өзімнің курстан алған білімімді айта түссем деген әсерде болдым. Бірақ қобалжуым басылмады. Өйткені оқушыларға өткізген сабағымда өзімді жайлы, қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, «сабақ төңірегінде берілген тапсырманы ғана түсіндірсем болды, сабақ мақсатына жетіп отырады» деген пікірде болатынмын. Ал мұғалімдермен өткізген коучингімдегі іс-әрекет мүлде басқаша. Өзіңмен қатарлы әріптесіңнің алдында жаңалықпен таныстыру, олардың тәжірибесіне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені, барлығы жоғары білімді, өз саласының мамандары. Олармен жұмыс жасағанда теориялық және әдістемелік жағынан өзіңе сендіре білуің керек. Сол үшін өзімді сенімді ұстадым, бағдарлама идеясын түсіндіруге тырыстым.
Коучинг сабақтарында оқу тобымдағы мұғалімдерім орындаған тапсырмалар «мені неге үйретті», «мен оны қай жерде қолдана аламын», «менің кәсіби деңгейімнің өсуіне қандай үлес қосты» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің алған білімдеріне баға бере алуды үйренді. Коучинг сессиясынан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, жеті модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіземіз. Меніңше, бұл оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс болып табылады. Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізіледі. Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.
Менің өз әріптестеріммен өткізген алғашқы бірінші коучинг сабағымды «Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында өткізуімнің себебі, мұғалімдерге өз тәжірибемдегі өзгерістерді, яғни оқыту мен оқудың жақсартылған әдістерін тарату ғана емес, сонымен бірге осы әдістерді өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылды. Оларға топтық жұмысты ұйымдастыруды, топ ережелерін, топқа бөлу түрлерін және топтық жұмысты қалай бағалау керектігін осы коучинг сабағымда толық қамтып шықтым. Осы өткізген коучинг сабақтан кейін мен бұл сабақтардың мұғалімдерге жағымды әсер туғызатынын байқадым. Олар өздерінің оқуға қатысты проблемалары туралы, сабақтағы сәттіліктері мен қиындықтары туралы ойларымен бөлісіп, бір-бірімен пікірталасқа беріле түсті. Бұл жағдайлар маған да әртүрлі ой туғызды. Мұғалімдерге өз тәжірибелері туралы ой-пікірлерін бөлісетін, тығырыққа тірелген сәттерінде көмек сұрайтын, жол көрсететін, кәсіби тұрғыдан жетілуіне ықпал ететін орта керек екен деп ойладым. Бұл жердегі әңгіме шағын топтар туралы екенін айтқым келеді. Бұл істі әбден жан-жақты ойланып, асығыстық жасаудың қажеті шамалы екенін ұғамын. Коучинг сабақтардан мұғалімдерге ұнағаны топтық жұмысты ұйымдастыру болды.
Келесі сабағымда «Ақпараттық- коммуникациялық технологияны / АКТ/ пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында өткізген себебім, қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Сондықтан оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқушылардың білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында қазіргі уақытта ақпараттық технологияны әрбір сабақта қолдану мұғалімдер үшін қажеттілік болып отыр. Коучинг сабағына қатысқан мұғалімдердің барлығы өз сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белгілі бір деңгейде пайдаланып жүрген ұстаздар, өз сабақтарында проекторды, электрондық оқулықтарды, компьютерлік тестті пайдаланып жүр, бірақ мұғалімдердің көпшілігі АКТ-ны пайдаланғанда басқа компьютерді білетін мұғалімдердің көмегіне жүгінеді. Сондықтан маған бұл тақырыпты алу маңызды болып саналды. Өзім информатика пәнінің мұғалімі болғандықтан, мектепте әріптестерімнің АКТ-ның мүмкіндіктерін, сабақта тиімді пайдалану әдіс- тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсете алып, әрбір мұғалім өз сабағында кеңінен қолдана алса, мектептің де қиыншылықтары шешілетін болатынын ескердім. Бұл тақырып мұғалім үшін де, мектепке де өте маңызды болып табылатынын білдім. Тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырылып отырады. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ол ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру. Сауалнама арқылы мұғалімдердің қажеттілігі анықталып, коучинг және тәлімгерлік үдерісінің ұйымдастыру түрлері жоспарланады. Менің пікірімше, тәлім алушы тәлімгерлік тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты ала алады деп ойлаймын. Ал тәлімгер тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне көп өзгеріс енгізе алады.
Мен курстан кейін тәлім алушым ретінде тәжірибесі аз, бірақ ойын толық жеткізе алатын, жаңалықты саралай білетін, өзінің еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамыту үшін көп ізденетін мұғалімді таңдадым. Менің тәлім алушым Жолдықараева Ақмарал Жандарбекқызы мектепте тарих және география пәні мұғалімі. Білім жоғары, еңбек өтілі он жыл, екінші санатты мұғалім. Өз әріптестерінің алдында беделі жоғары, жас та болса көп жетістіктері бар. Ақмарал биылғы оқу жылында 3 - /базалық/ деңгейлік курстан өтіп, сертификатталды. Курста да өзін ізденімпаз және білімді ұстаз екендігін дәлелдеп келді. Осындай білікті тәлім алушыларыммен мақтансам артық болмас. Тәлім алушым тәлімгерлік тәжірибесінен өзіне көп нәрсе алғандығының куәсі ретінде өзінің көзқарасын өзінің рефлексивтік есебінде жазған. Әріптесіме алдағы уақытта да өзімнің біліміммен, тәжірибеммен бөлісіп, тәлім алушымның еңбек жолында айтулы жетістіктерге жетуіне әруақытта қолдап отыратындығымды айтамын. Тәлімгерлік жұмысым қазіргі таңда жалғасын табуда, кері байланыс әдістері арқылы мен мұғалімдерді не қызықтырады, нені білді, нені үйренді деген сұрақтарыма жауабымды алып, келесі коучингімнің жоспарына не жоспарлайтыныма үлкен ықпалын тигізеді. Тәлім ету, өзіңді әріптестеріңнің ортасында сенімді жеке тұлға ретінде қабылдағандары саған бір ерекше серпінді күш беретінін, мен өз тәжірибемнен айта аламын. Әрі үйренудің ең тиімді әрекеті – басқаларды үйрету екен. Мұғалімдерге оқып үйренгенімді жеткізе отырып, мен де есіме білгенімді қайта түсіремін, жаңашылдыққа ізденіс үстінде жүріп, мен де үйренемін. Біліктілігін арттырып, мектепте коучтер бірігіп жұмыс жасап, артына тәлім алушы алып жетекші болса, білім беру саласында үлкен өзгеріс болатындығы сөссіз. Және де сындарлы оқыту жобасын қолдану барысында келешек ұрпақ балалары сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, терең ойлай білетін, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасады деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІ - /негізгі/ деңгей
2. Портал материалдары , интернет материалдары
3. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы ІІ -/негізгі/ деңгей
4. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» А.Әлімов. Алматы 2013.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға |
Көрсетілім: 14607 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |