ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДЕ ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР ФОРМАСЫН ҚОЛДАНУ
Іскерлік ойын – оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және моноглогтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі.
Қазіргі кезде іскерлік ойындардың қолданылу деңгейі өркендеуде. Іскерлік ойындар ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдана отырып, басқару қабілетін үйретудің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңда іскерлік ойындарды қолдану деңгейін көтеру қолға алынған.
Іскерлік ойындарды қолданудың бірнеше аумағы қарастырылады:
1. ғылыми зерттеулерде;
2. өндірістік аумақтарда нақты шешімге келу үшін тиімді нұсқаларын таңдауда;
3. оқушыларды оқыту барысында.
Соңғы уақыттарда іскерлік ойындардың қолданылу аясы тапсырмаларға, басқару құрымының өзгеруіне, техникалық прогреске, ғылымдардың және экономиканың дамуына байланысты өзгеріске түсті.
Сырт көзбен қарағанда, іскерлік ойынды өткізу оңай көрінеді (жай ғана ойын деп ойлайсың!). Шындап келгенде, ойын технологиясына білім, білік және ойынды жүргізу қабілеті талап етіледі..
Іскерлік ойын оқушылардың дайындық дәрежесін көтеру нәтежиесіне мүмкіндік беретін оқытудың бірегей әдісі ретінде көріне білді. Іскерлік ойындағы ойын процесі белгілі бір пәнді оқуға деген қызығушылығын шақырады. Іскерлік ойындар ұжымдасып әрекет етуге шақырады, сонымен қатар олар басқарушылық шешімдерді қабылдау мен өндіруге бағытталған.
Іскерлік ойынның ерекшелігі
Оқушылардың оқу деңгейінің төмендеуіне олардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығының жоғалуынан туындайтыны барлығымызға аян. Оқушылардың оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын қалай оятуға болады? Бұл мәселелердің шешімі іскерлік ойындарды ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.
Іскерлік ойын дегеніміз не?
Іскерлік ойын – оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі.
Іскерлік ойын – нақты объектілер мен жағдайларды қарастыратын, алған білімді нәтижиелі түрде дамыту құралы болатын имитациялық модель.
Іскерлік ойын – кәсіби түрдегі шығармашылық ойлау қабілетін дамыту құралы, ойын барысында адам мамандандырылған жағдайларды талдау және жаңа кәсіби тапсырмаларды шешуге үйрену қабілеттеріне ие болады.
Берілген барлық анықтамаларда іскерлік ойынның негізгі құраушысы –мамандықтың нақты бір қызмет түрін модельдеу екендігіне көз жеткіземіз. Іскерлік ойынның негізгі құрылымдық компоненттеріне келесілер жатады:
1. ережелер;
2. жеке жұмыстар;
3. топтық талқылау;
4. ойын нәтижиесі.
Іскерлік ойын сабағына дайындық барысында сценарий дайындау, ойындардың уақытын белгілеу, білім деңгейлерін ескеру қажет.
Іскерлік ойынды ұйымдастыру барысында келесі ережелерді ұстанған жөн:
а) ойын ережелері қарапайым болуы тиіс.
б) мектеп оқушыларына түсінікті тапсырмаларды тұжырымдау.
в) әрбір оқушы ойынның белсенді қатысушысы болуы тиіс.
г) жарыс нәтижиелерін жүйелеу ашық түрде өтуі тиіс.
д) ойынды сабақта аяқтап, нәтижиесін алу керек.
Іскерлік ойындарды ойнау барысында оқушылар шығармашылық жұмыс істеуге үйренеді, басқа жолдастарының сөзіне дұрыс қарауға, олардың пікірін бағалауға төселеді.өзінің де, өзгенің де ісіне баға беруге дағдыландырады.
Іскерлік ойын информатика сабағын белсенді оқыту әдісі
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарына сай білім, білік, дағдыларды бірыңғай қалыптастыру үшін, олардың жаңа білімге және осы пәнді оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін мектеп оқушыларын оқыту қандай болуы тиіс? Заман талаптары бойынша, бұл мәселелердің шешімі белсенді оқыту әдісін қолданумен байланысты, себебі кез келген нәрсені нәтижиелі оқыту – бұл тек қарапайым есте сақтау ғана емес, оқушылардың белсенді зияткерлік қызметін арттырады. Сабақ жоспары мәліметтерінің дәстүрлі мазмұнын оқытуда оқушылардың бір бөлігі белсенді атсалысқысы келмейді. Егер сабақ барысында тек мұғалім ғана әрекет етіп, оқушылар енжарлық танытса, нақтырақ айтсақ сыныпта жүріп жатқан жұмыстарға атсалыспай, немқұрайлық танытса, онда мұндай сабақтар ешқандай құндылыққа ие бола алмайды.
Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінде енжар оқушыларды белсенді оқушыларға айналдыра отырып, оқушы рөлін өзгертеді. Оқушылардың белсенділігі өзіндік ізденіс барысында және практикалық тапсырмаларды орындау үшін керекті білімдерді игеруде, қойылған мәселелер шешімдерінің әдістерін табуда артады. Бұл айтылғандардың барлығы білімге деген талпынысты күшейтеді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 4946 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |