Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде психология


Қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде психология
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде психологиялық қолдау көрсету
Еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі- бала.Өмірге келген әрбір бала бақытты болуға тиіс. Сондықтан да баланың денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, өмірін гүлдендіріп саналы тәрбие мен сапалы білім беру біздің басты мақсатымыз. Бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы балабақшадан басталады. Қоршаған ортаға бейімі, еңбекке араласуы, білім алуы, адамдармен қарым – қатынасы, ойлау, қиялдау қабілеттері, сөздік қорларының дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баршамызға белгілі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа стандартын әзірлеп енгізген болатын. Бұл стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастыру, педагогтарға қойылатын талаптар мен олардың біліктілігін арттыру, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етеді.Тәрбие мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер нәтижелері бес түрлі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеуметтік орта».Әр білім саласының балалардың дамуына қойылатын талаптары мен мақсаттары берілген.Соның ішінде «Таным» білім саласының мақсаты: танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру.Соның ішінде балалардың дамуына қойылатын талаптар:қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге; алға қойылған міндеттерге барабар қызмет тәсілдерін таңдауға;алға қойлған мақсатқа жетуге; психологиялық ойындар ойнату арқылы білімді меңгеруге; сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп-салдарлық байланыстар орнатуға; құрастырылымдық іс-әрекеттегі ойды жүзеге асыруға;
заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде іріктіруге және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік береді. «Таным» білім саласы мынадай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады: сенсорика; қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру; құрастыру; экология негіздері-қоршаған ортамен таныстыру.
Өзім жұмыс жасап жатқан ересек тобының балаларына күнделікті өмірде сөйлесу, әңгімелесу, арнайы берілген тапсырмаларды орындату, әртүрлі дидактикалы ойындар, серуен кезінде бақылау, табиғат құбылыстарын, қоршаған ортадағы болып жатқан оқиғалар, ертегілер, сурет бойынша әңгіме және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер арқылы таным құзіреттіліктерін дамытуға ықпал ету қажет. Заттарды сенсорлық қасиеттері бойынша атайды, сезу, есту, иіс сезу қабілеттері артады. Уақытты, кеңістікті, мөлшерлер туралы ұғымдары кеңейеді. Таңертең, түс, кеш, түн сияқты тәулік бөліктерін, көру, салыстыру арқылы зерттеу әдістерін үйренеді. Құрылыс материалдарын өз беттерінше таңдау, әдемі етіп жасауға тырысу, зейін, ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды.Табиғатта өзін-өзі ұстау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне ересектермен бірге қамқорлық жасауға тырысады. Өлі және тірі табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды ажыратады. Жел соғады, ағаштардың бұтағы шайқалады, күн шықса жылы болады деген сияқты себеп-салдарлық ұғымдары кеңейеді.Тіршілік атаулыға қамқорлық, жақсы көру, қамқор болу сияқты түсініктері қалыптасады және іске асыруға талпынады. Балалардың психологиялық қабілеттерінің одан ары қарай кеңеюіне «Қай пішін жоқ?», «Түсін таны», «Кімнің даусы?», «Көбелектер гүлге қонды», «Түрлі-түсті таяқшалар» сияқты дидактикалық ойындар мен «Өз үйіңді тап», «Көліктер» сияқты қимылды ойындарды пайдалануға болады.«Қанша болса, сонша», «қайсысы көп?» «Не өзгерді?» ойындары арқылы қарапайым математикалық ұғымдарын арттыра аламыз. Құрастыру іс-әрекетіне де байланысты ойындар да баланың қоршаған ортадағы алуан түрлі құбылыстарды танып және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу арқылы өздерінің шығармашылық ойларының және көркемдік талғамдарының баюына әсер етеді. Психологиялық білімдерін толықтыру мақсатында балаларға күнделікті серуен кезінде ауа-райын бақылату, жыл мезгілдерінде болатын өзгерістерді байқап айта білуге жетелеймін.«Күн мен жаңбыр», «Тез жина» қимылды ойындарын ойната отырып ептілікке, шапшаңдыққа және зейінділікке, түйсіктерінің қалыптасуына және түстерді ажырата білуге баулимын.«Таным» білім саласы бойынша өткізілген «Көп және біреу», «Кел, балақай ойнайық» атты ашық оқу іс-әрекеттерімде балаларға «Қайсысында көп?» «Көп пе, әлде біреу ме?» ойындары арқылы сипап-сезу іс-әрекеттері арқылы зерттеу іскерліктерінің жетілуіне, «Ғажайып қорапша» ойыны арқылы көріп-тану, салыстыру, пішіндерді, түстерді ажырата білуге ықпал еттім.Үлестірмелі материалдармен ойын кезінде балаларға «оң», «сол» көп, аз ұғымдарын ажыратып тұтастыру әдісі арқылы солдан оңға қарай затты орналастыра білуге, саусақтарының ұсақ моторикаларының жетілуіне әсер етемін.Ойын барысында сұрақ-жауап ала отырып тілдерінің жетіліп, сөздік қорларының молаюына ықпал етемін.Табиғат құбылыстарындағы өзгерістерді байқап, атап айтқызу, қимыл-қозғалыс арқылы көрсету арқылы есте сақтауға, зейінділікке жетелеймін.Сол сияқты күннің ІІ жартысында ұйымдастырылатын ойындар, өз беттерінше ойындар, балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы балалардың ойындарын бақылап зерттеу жұмыстарын жүргіземін. Мысалы: Аяжанға маған ана ойыншықты домалатып жіберші десем, ол маған көп ойыншықтың арасынан допты домалатады, яғни түйсік арқылы доптың домалайтынын сезінеді.Мына ойыншықтардан үй құрастырайықшы дегенде кубиктерді әкеле бастайды.Сонымен қатар «біз далада ойнап жүрміз, кенет аспанды бұлт торлап жаңбыр жауа бастады, не істейміз?» деген сұрақ қойғанымда балалар ішке кіреміз деп жауап берді, яғни жауын кезінде ойнағанның қолайсыз екенін түйсінеді.Балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл-қозғалысын дамыту
Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту
"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні
ТАБИҒАТТАҒЫ КӨКТЕМГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы
Ойын арқылы баланың тілін дамыту (баяндама)
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 4762 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз