Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы


Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы

Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаты бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын барлық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес[2, б.32].
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқталса, ұлы Абай өзінің 43-қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, оның өзі іс-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі – оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады.
Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» - десе, ғалым Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арнаған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды – деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп-тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды
Ойын – таным процесін дамытудың негізі болғандықтан, әрбір тәрбиеші – оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды, жақсы ойын да, жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рақатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойынында да белгілі бір дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
- ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.
- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оны өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса, кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айтып тартады. Ол көбінесе, тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төсілдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы, ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да, алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл-қозғалысын дамыту
Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру
Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту
Ұлттық ойындар
"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "
Халықтық педагогика арқылы баланың сөздік қорын,қимылын дамыту
Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары
Ойын арқылы баланың тілін дамыту (баяндама)
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2913 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык