|
|
«Ең үздік химик» интеллектуалдық турнир
Мақсаты: Химия пәні мұғалімдерінің интеллектуалдық деңгейін анықтау, танымдық қабілеттерін арттырып, дамыту.
Интеллектуалдық турнир 4 турдан тұрады.
І тур – Тест – 25 сұрақ – 25 минут уақыт беріледі.
ІІ тур – Танымдық сұрақтар 4 сала бойынша 16 сұрақ беріледі.
ІІІ тур – Химиялық викторина – 10 сұрақ.
ІУ тур – Эстафеталық есептер – 45 минут.
Интеллектуалдық турнирдің әділқазылар алқасымен таныстыру.
Жүру барысы:
І тур - Тест.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Тест
- Аммоний тұздарына сапалық реакция:
а) сілтінің әсері
б) басқа тұзбен әсер ету
в) қышқылдың әсері
г) нитраттарды айыру
2) Мына элемент атомдарының қайсысының радиусы үлкен
а) кальций
б) стронций
в) барий
г) радий
3) Мына жүйеде тепе-теңдік қандай жағдайда жағына қарай ығысады
2SO2 + О2 2SO3 + Q
а) температураны төмендеткенде
б) температураны жоғарлатқанда
в) қысымды төмендеткенде
г) катализатор қолданғанда
4) Бром пропиленге қосылғанда түзілетін өнім
а) 1,3 – дибромпропан
б) 1,1 – дибромпропан
в) 2,2 – дибромпропан
г) 1,2 - дибромпропан
5) Глицерин, глюкоза, ацетальдегидті тану үшін қолданылады...
а) лакмус индикаторы мен бром суы
б) күміс оксидінің аммиакты ертіндісі
в) мыс (ІІ) гидроксидінің ертіндісі
г) натрий гидроксидінің ертіндісі
6) Ацетиленді өндірісте алу реакциясы
а) 2CH4 C2 H2 + 3H2
б) C4 H10 H2 С = СН – СН = H2 + 2H2
в) 3C2 H2 C6 H6
г) С2Н5ОН С2Н4 + Н2О
7) C6 H10 құрамы затына (алкиндерге) сәйкес изомер саны
а) 3
б) 5
в) 4
г) 6
8) Қай зат тек тотықтырғыштық қасиет көрсетеді?
а) К2МnО4
б) МnО2
в) МnО
г) КМnО4
9) Сутекті лабораторияда алу сызбанұсқасын көрсет.
а) Ғе + Н2О
б) Na + Н2О
в) Zn + Н2SО4
г) LiН
10) Литий гидриді балқымасы электролизінде сутегі қай электродта бөлінеді?
а) анод
б) катод
сызбанұсқасын құрыңыз
11) Тепе – теңдікті оңға ығыстыру үшін СО концентрациясын қалай өзгертуге болады?
2СО + О2 2СО2
а) арттыру
б) азайту
в) өзгерту
12) Реакцияда қандай бөлшек бөлінеді?
а) - бөлшек
б) -бөлшек
в) нейтрон
г) протон
13) Сахароза гидролизінің өнімі
а) глюкоза
б) глюкоза мен фруктоза
в) глюкоза мен галоктоза
г) фруктоза мен галоктоза
14) Гексадекан крекингісі нәтижесінде түзілетіні
а) декан
б) гексан
в) гептан
г)октан
15) Сұйық сабын:
а) С17Н35СООNа
б) С17Н33СООК
в) СН3 СООNа
г) СН3 СООК
16) Сірке альдегиді мыс (ІІ) гидроксидімен қосып қыздырғанда түзілетін тұнбаның түсі
а) көгілдір
б) ашық сұр
в) қызық
г) ақ
17) 9,8 күкірт қышқылындағы күкірт атомдарының саны
а) 6,02*1020
б) 6,02*1022
в) 6,02*1021
г) 6,02*1023
18) Целлюлоза макромолекулалары қалдықтан тұрады
а) рибоза
б) -глюкоза
в) мальтоза
г) -глюкоза
19) Тотықсыздану процесі
а) Н2О О2
б) НСl Сl2
в) NН3 → NО
г) Вr2 → НВr
20) Қызыл фосфордың физикалық қасиетіне жатпайды
а) ұлы емес
б) қою қызыл түсті
в) суда ерімейді
г) сарымсақ иісті
21) Натрий сульфатының 200г 20%-тік ертіндісі не 50г су құйылды. Алынған ертіндідегі Na2SО4-ң массалық үлесі
а) 12 %
б) 18%
в) 16%
г) 28%
22) Изопренді каучуктың массасы 340.000, құрылымдық буындар саны
а) 5.000
б) 25.00
в) 10.000
г) 35.00
23) Массалық үлесі 10% НСl ертіндісінің массасын есептеңдер. 20 % қосымшасы бар массасы 5 г мәрмәрды ерітуге жұмсалған.
а) 21,4
б) 29,2
в) 36,7
г) 40,0
24) Алюминотермия жолымен аланатын металл
а) хром
б) барий
в) калий
г) магний
25) Мына айналымдағы В заты
Н2О І+ОІ +Na
Метан →ацетилен → Х → Х → В
2+
Hg -H2
а) құмырсқа қышқылы
б) сірке қышқылы
в) ацетальдегид
г) натрий ацетаты
Тест тапсырмалары жеке беріліп, уақыт аяқталған соң әділқазылар алқасына беріледі.
ІІ тур.Экрандағы танымдық сұрақтарға назар аударамыз.
4 бағыт бойынша 16 ұяшықта сұрақтар қойылған. Ғажайып химия, Ұлы химиктер, Химиялық құбылыстар, Химиялық заттар, қасиеттері.
– Әрқайсысынан 4 сұрақ.Ең төмені -10 ұпай, жоғарысы -40 ұпай.
Сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда осы ұяшықтағы ұпайға ие боласыз. Ұяшықтарды қатысушылар ретімен таңдайды. Сұрақты таңдаған қатысушы жауап бере алмаған жағдайда басқа қатысушылар жауап бере алады. Алдарыңыздағы қызыл жалаушаны көтеру қажет. Әділқазылар алқасы мұқият қарап отырыңыздар.Осы турда қатысушылардың алған ұпайларын есепке алып отырыңыздар.
Ғажайып химия 10 20 30 40
Ұлы химиктер 10 20 30 40
Химиялық құбылыстар 10 20 30 40
Химиялық заттар, қасиеттері 10 20 30 40
Қатысушылар сұрақтарды таңдап жауап береді.
Дұрыс жауап берілмеген жағдайда жауабы оқылады.
Ғажайып химия
- Сұрақ: «Түтінсіз от болмайды» деген мақалдың дұрыс еместігін химия жоққа шығарады. Бұл қандай реакция.?
Жауап: Аммиактың тұз қышқылымен арасындағы реакция. Бөлме температурасында 2 газ әрекеттескенде қою ақ түтін пайда болады.Ол Аммоний хлориді.
- Сұрақ: Ертедегі тарихшыларға сүйенсек Александр Македонскийдің Үндістанға жорықтары кезінде армиясының офицерлері солдаттарға қарағанда асқазан-ішек ауруларымен сирек ауырған. Тамақ пен сулары бірдей де, ыдыстары түрліше болған екен. Офицерлер ыдысы қандай металдан жасалған?
Жауап: Офицерлер ыдысы күмістен жасалып, солдаттар ыдысы қалайыдан жасалған екен.
30 Сұрақ: Ертедегі Египетте майлы шашты сұлулықтың белгісі ретінде болғандықтан олар шаштарын майлап қоятын. Ал адам жерленер уақытта олардың бастарына күл себу ғұрпы болған. Осы аңыз бойынша бір күні қатты жаңбыр болып, адам жерлеу кезінде, кейін адамдардың өмірінде елеулі маңызға ие болған жағдай орын алған. Бұл қандай жағдай?
Жауап: Жерленген адамдардың бастары жаңбыр суынан көбікпен қапталып, шашқа жағылған май мен күлден сабын пайда болған, - дейді аңыз.
40 Балдың құрамына дәрумендер, ферменттер, аминқышқылдары және глюкоза мен фруктоза кіреді. Олар тотыққанда СО2 мен Н2О түзіледі. Арнайы залалсыздандырғыш құралдар қолданыста болмай тұрғанда жарақаттарды таңу үшін осы бал қолданылған. Сұрақ: балдың дезинфекциялаушы қасиеті неге байланысты?
Жауап: Ферментативтік реакция нәтижесінде глюкозадан Н2О2 (сутегінің асқын тотығы) түзіледі.
Ұлы химиктер
- сұрақ: Тышқандарға тәжірибе жасап, оттегіні ашқан ғалым.
Жауап: Джозеф Пристли
- Сұрақ: Бұл ғалымның осы галогенді ашуына себепкер болған мысық көрінеді. Бұл қай галоген? Ғалымның есімі.
Жауап: Бір күні Куртуа түскі ас кезінде өз лабораториясында тамақтанып отырғанда мысығы еденге секіріп, бөтелке үстіне құлап түскен екен. Бір бөтелкеде этанолдағы балдыр күлінің суспензиясы, ал екіншісінде конц. H2SO4. бар еді. Бөтелкелер сынып, сұйықтықтар араласып кетеді де, еденнен көкшіл-күлгін түсті бу шығып, айналадағы заттарға ұсақ кристалдар тұра бастаған. Бұл элемент йод еді.
2NaI + 2H2SO4 = I2 + SO2↑ + Na2SO4 + 2H2O.
- Сұрақ: Бұл жаңалығы үшін ағылшын химигі Фредерик Содди (1877-1956) 1921 жылы Нобель сыйлығына ие болды. Бұл қандай жаңалық?
Жауап: Изотоптарды ашқаны үшін Ф.Содди Нобель сыйлығына ие болды.
40 Сұрақ: «Металл жылтыры туралы», «Химиялық еріткіштердің әсері туралы», «Жылу мен салқынның себептері туралы толғаныс» тақырыптарындағы диссертациялардың авторы.
Жауап: М.В.Ломоносов
Химиялық құбылыстар
10 Сұрақ: Жағымсыз иістерді кетіру үшін үстел тартпасы, тоңазытқышқа ағаш көмірінің бөлшектерін салып қояды. Көмір қандай роль атқарады?
Жауап: Ағаш көмірі ауадан әр түрлі заттарды сіңіреді. Иістердің жойылуы көмір бетінде иісті заттар молекулаларының адсорбциялануына байланысты.
- Сұрақ: кәдімгі жағдайда қант жана ма?
Жауап: Кәдімгі жағдайда қант жанбайды. Егер шырпы апарса ол тек балқиды. Бірақ темекі күлін сеуіп, қайта жанған шырпы апарсақ, қант көкшіл-сары жалынмен жанады.
- Сұрақ: Жарық сәулелерінің «сұрауы» бойынша электронды оңай беретін екі металды атаңыз. Бұл құбылыстың аты не?
Жауап: Рубидий мен цезий. Фотоэффект құбылысы.
- Сұрақ: Егер қандай да бір заң болса, оны бұзушылар да табыла қалады. ХІУ ғасырда ағылшын королі ІУ Генрих белгілеген бұл заңды бұзғысы келгендердің шексіз санына қарамастан заңды ешкім бұза алмады. Бұл қандай заң?
Жауап: Кәдімгі металдарды алтынға айналдыруға қатаң тыйым салынған заң еді.
Химиялық заттар, қасиеттері
- Сұрақ: Тәжірибе арқылы ас содасын кір содасынан қалай ажыратуға болады?
Жауап: Ас содасын қыздырғанда көмірқышқыл газы бөлінеді.
- Сұрақ: Жерорта теңізіндегі Кипр аралында көп кені болғандықтан осы ат берілген. Иілгіш, созылғыш, электр тогын жақсы өткізеді.
Жауап: Металл Мыс.
- Сұрақ: Қандай көйлекпен күнге күюге болады?
Жауап: Ацетатты жібектен жасалған көйлекте. Себебі: ультракүлгін сәулені өткізеді.
40 Сұрақ: Қоңыр күзде жер жыртқан фермер 2 қоянды бір оқпен атуды жөн көрді. Жердің қышқыл топырақты учаскелерін ізбескелеп, оны суперфосфатпен қоректендірді. Бірақ көктемде фермердің бұл әрекеті қажетті нәтиже бере қоймады. Неге?
Жауап: Себебі топырақтағы қышқыл тұз негізбен нейтралданып, кальций ортофосфатының тұнбасына айналады.
Кальций дигидрофосфаты + кальций гидроксиді = кальций ортофосфаты + су
Осымен ІІ тур аяқталды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың ұпайларын жарияласын.
І тур қорытындысымен таныстырып өтсеңіздер.
ІІ тур бойынша қатысушылар ұпайы:
ІІІ тур. Химиялық викторина.
10 сұрақ оқылады. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі. Жауап лезде берілу қажет. Жинақталыңыздар. Жылдамдықты қажет етеді.
1.Ең жеңіл газ. (Жауабы: сутегі)
2. Әрі композитор, әрі химик, Менделеевтің досы. (Жауабы:Бородин)
3.Өлі теңізде батып кету мүмкін емес.Неге? (Себебі тұзы көп)
4.ХІХ ғ.алтыннан да қымбат болған бағалы металл. (Алюминий)
5.Химия тарихында үлкен роль атқарған тас (философия тасы)
6.Кремний оксиді қандай оксид? (Қышқылдық оксид)
7.Хлорлылау қышқылдың формуласы (НСІО)
8.Суға батпайтын металдар. (Натрий, калий, литий)
9.»Изомерия» ұғымын алғаш кім және қашан енгізді? (1830 жылы Ян.Берцелиус)
10.Д.Менделеев жоғары білімді қандай оқу орнынан алды, қай жылы бітірді?
Петербургтегі Бас педагогикалық институт 1855 жылы бітірді.)
әділқазылар алқасы осы турды қорытындысын хабарлаңыздар.
ІУ тур. Химиялық эстафета.
10 есептің берілгені жазылған. Осы бойынша есептің шығарылуы мен жауабын орындауға 45 минут уақыт беріледі. Әр есеп тұсында ұпайлары көрсетілген. Есептер оқу бағдарламасының әр түрлі тақырыптарынан берілген.
№ 1 есеп (5 ұпай)
Берілгені: V (Н2)= 100 мл =0,1 л
V (СО2)= 100 мл =0,1 л
V (ауа)= 100 мл =0,1 л
_________________________________
т/к? m (Н2), m (СО2) , m (ауа) - ?
№2 есеп (5ұпай)
Берілгені:
m (Na2CO3*10H2O) =75 г
m (Н2О) =425 г
_________________________________
т/к? w (Na2CO3) -?
№3 есеп (3 ұпай)
Берілгені: m (тұз) =50г
m (су) =200г
_________________________________
т/к? w (тұз) -?
№4 есеп (3 ұпай)
Берілгені:
m (Мg) =6 г
m (МgО) =9,945 г
_________________________________
т/к? Э (Мg)-?
№5 есеп (3 ұпай)
Сызбанұсқаны жүзеге асыр:
Крахмал глюкоза этанол көміртек диоксиді крахмал
№6 есеп (3 ұпай)
Тотығу-тотықсыздану реакциясының сызбанұсқасын аяқтап, теңестір.
Н2S + H2SO3
№7 есеп (5 ұпай)
Берілгені:
m (С12Н22О11) =68,4 г
шығым (глюкоза) =70%
_________________________________
т/к? m(глюкоза)-?
№8 есеп (5 ұпай)
Берілгені:
Н2SO4 +H2O
t =5 мин
І = 2 А
_________________________________
т/к? m(газ -анодта)-?
№9 есеп (3 ұпай)
226 222
Ra Rn + .....
88 86
9 4 12
Be + H C + .....
4 2 6
27 2 4
АL + H Не + .....
13 1 2
№10 есеп 10 ұпай
Берілгені:
Гидрлену
m (СН3СОН+С2Н5СОН) =19,3 г
қ.ж. V (Н2)=8,06 л
_________________________________
т/к w (СН3СОН) -?
Қорытындылау.
әділқазылар алқасы турнир нәтижелерімен таныстырады.
р/с |
Қатысушының аты-жөні |
І тур |
ІІ тур |
ІІІ тур |
ІУ тур |
Барлық ұпай |
орны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Марапаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |