Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Физикалық және химиялық құбылыстар


Физикалық және химиялық құбылыстар

   Физикалық және химиялық құбылыстар

Сабақ мақсаты:

Физикалық және химиялық құбылыстар туралы ұғымды қалыптастыра отырып, химиялық реакцияның жүру белгілерімен таныстыру.

Міндеті:

  • Жасалатын тәжірибелер негізінде физикалық және химиялық құбылыстар туралы ұғымды қалыптастыру.
  • Көрсетілім тәжірибелері және күнделікті өмірдегі бақылаулар негізінде химиялық реакцияның жүру белгілерін анықтау.
  • Күнделікті тұрмыста және өмірде физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата білуге үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ типі: интербелсенді тақтамен жұмыс, топпен, жұппен, жекелеме жұмыстар,тәжірибелер, тест жұмыстары.

Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, маркерлер, суреттер, цинк, тұз қышқылы,

ағаш ұнтағы, барий хлориді, натрий сульфаты, крахмал, йод,кәрлен ыдыс, сынауықтар.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 4 топқа бөлеміз.

І. Ой қозғау. Алдымен мұғалім табиғатта болып жатқан құбылыстармен таныстыра отырып, сыныпқа мынадай тапсырма береді: Күннің күркіреуі, жапырақтың сарғаюы, судың булануы, адамның өсуі, найзағайдың жарқырауы, мұздың еруі, сүттің ашуы, ағаштың жануы, темірдің балқуы, шамның жануы, қардың еруі, мұнайдан бензиннің алынуы. Осы берілген жағдайларды қандай құбылыстарға жіктеуге болады.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

ІІ. Мағынаны тану.Сонымен бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы:

« Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар.»

1.Жалпы құбылыстардың не екенін ұқсақ әрбір топқа мынадай тапсырма:

  • 1 топ физикалық құбылыс
  • 2 топ химиялық құбылыс
  • 3 топ химиялық реакция
  • 4 топ химиялық реакция белгілері

Жетелеуші сұрақтар беріледі:

  • Осы құбылыс туралы ойларыңды қағазға түсіріңдер
  • Соған мысал келтіріңдер
  • Қорғау барысында ойларыңды өмірмен байланыстыр

Осы тапсырмалар бойынша әр топ қорғау жұмыстарын жасайды

3.Тәжірибе жасап көрсету арқылы химиялық реакциялардың жүру белгілерімен таныстырамын.

  • Картоптағы крахмалдың йодпен түсін өзгерту арқылы, түстің өзгеруі химиялық реакцияның белгісі екенін түсіндіру.
  • Мырыш пен тұз қышқылының әректтесуінен сутек газының түзілгендігін дәлелдеу арқылы, газ түзілу реакцияның жүргендігінің белгісі екндігін түсіндіру.
  • Ағаш жанған кездегі бөлінген жылу арқылы реакцияның бір белгісімен таныстыру.
  • Барий хлориді мен күкірт қышқылын бір- біріне құйғанда түзілген ақ тұнбаны көрсете отырып, химиялық реакцияның тағы бір түрімен таныстыру.

ІІІ. Мағынаны ажырату.

Әрбір оқушыға жеклеме тапсырма беру арқылы сабақты бекітеміз.

Физикалық және химиялық құбылыстарға мысал келтір.

Физикалық :

Химиялық  :

 

Физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін ата .

     Физикалық

Химиялық

  Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Бүгінгі сабақты қаншалықты (пайызбен) меңгердіңдер:  25%, 50%,75%,100%.

Сабақ соңындағы көңіл күйлерің қандай?

Тақтаға жазылған стикерлеріңді жапсырып қалдыруларыңды сұраймын.

 ІV.Оқушыларды бағалау.

V. Үйге тапсырма:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Химиялық реакциялардың жылу эффекті.Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша жылу эффектісін есептеу.
Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
Химиялық реакция теңдеулері
Химиялық реакциялардың жылу эффекті
Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу.
«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау
Алғырлар, тапқырлар, білгірлер
Реакцияның жылу эффектісін есептеу
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Химиялық реакцияның жылу эффектісі
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 4307 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык