Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылу эффекті.Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша жылу эффектісін есептеу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Химиялық реакциялардың жылу эффекті, термохимиялық теңдеулер туралы түсінік беру, эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар жайлы ұғым қалыптастыру және термохимиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білуге дағдыландыру.
б) Дамытушылық: химиялық теңдеу құру біліктерін дамыту, жану реакциясы,өрттен сақтану шаралары туралы білімдерін жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.Тақырып бойынша мысалдарды күнделікті өмірмен байланыстыра білуге,оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
в) Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, уақытты үнемді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалармен жұмыс,
Көрнекілігі: слайдтар, электрондық оқулық
Пәнаралық байланыс: Математика, физика
Сабақтың жоспарланған нәтижесі:
*Химиялық реакцияның жылу эффектісі,термохимиялық теңдеу,меншікті жану жылуы анықтамасын біледі.
* Экзотермиялық, эндотермиялық реакциялардың айырмашылығын және термохимиялық теңдеудің химияық теңдеуден айырмашылығын біледі *Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білуге дағдыланады. *Химиялық реакцияның жылу эффектісіне әсер ететін жағдайларды біледі, мысалдар келтіре алады.
Cабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа білімді меңгеруге дайындық кезеңі
4.Жаңа білімді меңгеру бөлімі
5.Бекіту- деңгейлік тапсырмалармен жұмыс ,сұрақ-жауап
6.Бағалау ,қорытындылау
Қалай бағаланады - топ басшылары оқушылардың жауаптарын кестеге түсіріп отырады.бағалау критерийлері сабақ басында хабарланады.
ІI бөлім-үй тапсырмасы « Ауа- газдар қоспасы» тақырыбы бойынша оқушы жауабы тыңдалады.
III бөлім -жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге дайындық кезеңінде өткен тақырып бойынша анықтамаларды еске түсіреді.
1. Химиялық элемент оттекке сипаттама беріңдер.
2. Жай зат оттекке сипаттама беріңдер.
3. Зертханада оттекті қандай заттардан және қандай реакция нәтижесінде алынады?
4. Оттекті жинау әдістері қандай?
5. Жану реакциясы дегеніміз не?
6. Тотығу реакциясы дегеніміз не?
7.Оксидтер дегеніміз не? Оксидтер қалай аталады ?
8. Аллотропия дегеніміз не ? Оттектің неше аллотропиялық түрөзгерістері бар?
9.Озон туралы не білеміз ?
10. Ауа- газдар қоспасы деп не себепті атайды және құрамында қандай газдар бар?
11. Катализатор дегеніміз не?
12.Химиялық реакция типтерін атап, анықтамаларын еске түсіріңдер.
ІV бөлім. Жаңа тақырыпты өздік жұмыс арқылы меңгеру кезеңінде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып анықтамаларды табады. Проблемалық сұрақ қойылып,оқушылар жауабы тыңдалады.
Химиялық реакцияларға жылудың қандай қатысы бар?
Осы реакцияларға мысалдарды күнделікті өмірден келтіріңдер
Көптеген жану реакциясы кезінде жылу бөлінетінін әрқайсымыз білеміз.Мысалы: көмір, табиғи газ, бензин, ағаш жанғанда жылу бөлінеді. Егер реакция нәтижесінде жылу бөлінсе, реакция – экзотермиялық реакция деп аталады. “Экзо” грекше “сыртқа” деген сөзі.Бұл жылудың реакция жүріп жатқан ортадан,сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын көрсетеді.Сонымен бірге аяғына дейін жету үшін үнемі қыздыруды қажет ететін реакциялар да бар.Мысалы,әктастың айырылуы.Мұндай реакциялар эндотермиялық реакциялардың қатарына жатады. Егер реакция кезінде жылу сіңірілсе,реакция эндотермиялық реакция деп аталады. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға беріледі.“Эндо” гректің “ішке” деген сөзі. Сонымен химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері жылу эффекті деп аталады.Жылу мөлшері джоуль (Дж) немесе килоджоуль (КДж) белгіленеді; калориметрмен өлшенеді; жылуды – Q деп белгілейді.Жылу бөлінсе - ______________ +Q экзотермиялық реакция Жылу сіңірілсе - ________________ -Q эндотермиялық реакция.
Реакцияның жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеу деп аталады. Мысалы: C + O2 = CO2 – Q N2 + O2 = 2NO +Q
Химиялық реакциялардың жылу эффектісінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді болады:
• 1. Әрекеттесуші заттардың табиғатына;
• 2. Температураға;
• 3. Реагенттердің мөлшеріне;
• 4. Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне.
1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері меншікті жану жылуы деп аталады. Ғылымда белгілі бір стандартты жағдай қабылданған Т + 25С (298К) қысым 1 атом (101,325 кПа) тең жағдай. Химиялық реакцияның жылу эффектісі стандарттық жағдайда химиялық реакция кезінде 1 моль өнім алғанда бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерімен анықталады.
Жанудың басталуы : 1)затты отынды тұтану температурасына дейін қыздыру
2 )оттектің үздіксіз келіп тұруы . Өрттен сақтану шаралары : 1) қызуды отынның тұтану температурасынан төмендету 2 ) оттектің келуін тоқтату.
Әрекеттесуші заттардың біреуінің массасы арқылы жылу эффектісін есептеу жолдары
Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша:
Ca +H2O=Ca(OH)2+67кДж
1 кг кальций оксиді сумен әрекеттескенде қанша жылу бөлінетіндігін есептеңдер.
Шешуі. Mr(CaO)=40+16=56,
M(CaO)=56
56 г CaO әрекеттескенде 67кДж бөлінсе,
1000 г CaO ________________ х кДж бөлінеді; Х= 1196,4 кДж
Массасы 4 г күкіртті жаққанда 37,1кДж жылу бөлінді.Күкірт (IV) оксиді түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
Шешуі. 4 г күкірт жанғанда 37,1кДж бөлінсе,
32г_____________ х кДж бөлінеді Х =297 кДж
Жауабы. Күкірт жанып, күкірт (IV)оксиді түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуі:
S+O2=SO2+297кДж
V бөлім. Бекіту бөлімінде деңгейлік тапсырмалар орындалады. Үлестірмелі карточкада жазылған тапсырмалар орындалады.
І – деңгей
• 1. Жылу эффекті дегеніміз не?
• 2. Экзотермиялық реакция дегеніміз не?
• 3.Эндотермиялық реакция дегеніміз не?
• 4. Термохимиялық теңдеу деп нені айтады?
• 5.Меншікті жану жылуы деген не?
• № 5,6жаттығу, №10жаттығуды Данияр,Дана ауызша орындайды.
• №2-46жаттығуды тақтаға орындайды.
II деңгей ( Айымгүл, Ақгүлім, Әсемгүл,Райымбек,Ермахан)
• 1.Графиттің көміртек (І\/) оксидіне дейін жануы мынандай термохимиялық теңдеумен сипатталады.
C + O2 = CO2 + 393 кДж
Массасы 24 г графит (көмір) жанғанда қанша жылу бөлінеді?
_III деңгей ( Нұржан, Аңсар,Ерген, Диана, Айкөркем)
• 2. Күкірт жанғанда 32 г күкірт (І\/) оксиді түзіледі және 146,3 кДж жылу бөлінеді.Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңыз .
VI бөлім қорытындылау, бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Химия |
Көрсетілім: 29119 |
|
|
|
Химиялық реакциялардың жылу эффекті.Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша жылу эффектісін есептеу.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |