Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Сиқырлы кемпірқосақ»


«Сиқырлы кемпірқосақ»

«Сиқырлы кемпірқосақ»

Тақырыбы: «Сиқырлы кемпірқосақ»

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет

Мақсаты: Балалардың жыл бойына қткен білімдерін қайталау, сурет салу дағдыларын жетілдіру, түстерді ажыратып, қолдана білуін пысықтау. Бейнелеу қнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер:  сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау, топтау, галереяны шарлау. Көрнекілігі: мультимедиялық тақта.

Қажетті құралдар: субояқ, акварель бояуы, көз бояғыш, қылқалам, картон, ақ қағаз, сүрткіш.

 

Қызмет кезендері

Педагогтің басқару іс-қимылдары

Балалар қызметі

 

 

 

 

1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Шаттық шеңбері.

Қол ұстасып, қане, біз!

Достасайық бәріміз.

Амансың ба, Күн Ана!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Топтау әдісі арқылы түрлі-түсті карточкалар таратып, балаларды үш топқа бөліп отырғызу.

Проблемалық жағдай орнату.

Балалардың назарын мультимедиялық тақтаға аудару:

-Балалар, суретке назар аударайықшы. суретте не бейнеленген?

-Иә, балалар. Дегенмен кемпірқосақ көңілсіз екен. Себебі оның түстерін қатігез сиқыршы алып кеткен екен.

-Оған түстерін қайтаруға көмектесеміз бе?

 

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады, бір-бірімен амандасады, қонақтармен сәлемдеседі.

Үш топқа бөлініп отырады.

 

 

Балалар суретке назар аударады, суретте не бейнеленгенін айтады.

-Кемпірқосақ.

 

Балалар кемпірқосақтың түстерін қайтаруға дайын екендерін айтады.

 

 

 

 

2 кезең

проблемалық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

-Ендеше, ең алдымен кемпірқосақ түстерін ажыратып алайық.

Ой қозғау:

 -Кемпірқосақ қандай түстерден құралған?

-Балалар, біздің бояулар палитрасында тек қана үш түс қана бар екен. Бұл қай түстер? Қандай түстер деп аталады?

-Негізгі түстерді қосу арқылы біз қандай түстерді аламыз?

-Қосымша түстерге қай түстер жатады?

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

-Өте жақсы, балалар! Ендеше қосымша түстерді алу үшін сіздерді мынадай ойынға шақырамын.

Ойын «Қай түс пайда болады?». Тақтада көрсетілген негізгі түс қосындыларынан пайда болатын қосымша түсті көрсету.

-Жарайсыңдар, балалар! Боялар палитрасын кемпірқосаққа қажетті түстермен толтырдық. Кемпірқосақ түстерін қайтардық. Ендеше осындай табиғаттың әсем көрінісін бейнелейік.

Топпен жұмыс.

1-топ. Субояқпен қылқалам арқылы кемпірқосақты бейнелеу.

2-топ. Көз бояғышпен саусақ арқылы суретін салу.

3-топ. Акварель бояуымен картон арқылы сурет салу.

 

 

Балалар кемпірқосақ түстерін ажыратады.

-Қызыл, қызғылт сары, көк, жасыл, сары, күлгін.

 

 

 

-Көк, қызыл, сары

-Негізгі түстер деп аталады.

-Қосымша түстерді аламыз.

-Қызғылт сары, жасыл, күлгін.

 

 

Балалар ойын арқылы негізгі түстерден қосымша түстерді шығарады.

 

 

 

 

Балалар топ бойынша берілген тапсырманы орындайды. Кемпірқосақты бейнелеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады.

 

 

 

 

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

«Галереяны шарлау» әдісі арқылы балалардың жұмыстарын мадақтау, балалармен бірге талдау жүргізу, қорытындылау.

 

 

Балалар өздеріне ұнаған жұмыстарды атап айтады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Әлемнің сиқырлы кітабы»
Түрлі - түсті қолшатыр.
«Түстер әлемі»
«Түстер.»
Кемпірқосақ
«Қызыл телпек бізде қонақта»
Кемпірқосақ. Сөйлем.
Кемпірқосақтың түсі қандай?
Қолшатыр мен жаңбыр
Сиқырлы ағаштар
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4740 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык