Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.


Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

 

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Мақсаты: Балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамын  дамыту, халықтың тұрмыс – салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, шығармашылық ойлау қабілеттерін, мақал – мәтелдер арқылы тілдерін байыту,  бейнелеу өнерінің  жаңа тәсілдерімен таныстырып, оны меңгере білуге, ептілікке, сыйластыққа баулуға, Отан сүйгіштік, бір – біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Қазақ халқының ұлттық ою - өрнектері сәнді қолданбалы бұйымдары, зергерлік бұйымдар жайында слайд суреттер т.б.

 

Құрал–жабдықтар: Түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, жіп, ине, кесте, ермек саз,қарындаштар, бояулар, қамшы бұйымдары , үкі т.б.

 

Сабақ барысы:

          - Қайырлы таң, құрметті қонақтар, балалар! «Алтын қол» шеберханасына қош келіпсіздер!

         Бүгін шеберханамызға қонақтар келіп отыр. Ал енді балалар, осы қонақтармен және бір-бірімізбен қайырлы таң тілеп амандасайық.

 

Арайланып таң атты

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайлар.

 

 (осы кезде есік қағылып, Алдар Көсе кіреді.)                                                                        - Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар.

Балалар мені таныдыңдарма?

Дұрыс айтасындар менің атым Алдар Көсе.

 Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға,

сонау ертегілер елінен келдім.

 Балалар, сендерге қояр сауалдарым да бар.

Тәрбиеші:

 - Төрлетіңіз ата. Отырып демалыңыз, алыс жолдан шаршаған шығарсыз.

 - Балалар енді өздеріңді, қонақтарға  қай өнер елінен келгендеріңді айтып, тілектеріңді білдірсеңдер.

 

1-топ           Исатайдай батыр болам,

                    Иса атамдай ақын болам.

                    Игі істе батыл болам,

                    Игілікке жақын болам.

 

Тілектер       Еліміз тыныш болсын!

                     Әрқашан күн сөнбесін!

Сендер елін, Отанын  қорғайтын батырлар екенсіңдер ғой!

Ал, енді бір топ қыздарға сөз берейік.

2-топ             Шебер біздің әжеміз де,

                      Шебер біздің анамыз да,

                      Шебер болған апам да,

                      Бізде шебер боламыз.

 

Тілектер        Аспан ашық болсын!

                      Қонақтар аман болсын!

                      Мектебіміз жайнай берсін!

Тігінші қыздар тілектерің қабыл болсын!

3-топ            Дайын қалам, қағазымыз.

                     Мүсіндейде аламыз.

                     Ақ, көгершін кең аспан,

                     Суретін біз саламыз.

Тілектер     Ел- жұрт аман болсын!

                   Дос болайық!

Сендер мүсіншілер мен суретшілер болдыңдар ғой?

   - Ал енді балалар өнер туралы әңгімемізді, сабағымызда жалғастырсақ.

     Ұлттық қол өнер түрімен біз күнделікті үйде, мектепте де танысып жүрміз.Әрқайсымыздың үйдегі шебер әжелеріміз оюлап талай әдемі нәрселерді тігетіңдерін білесіңдер. Сол бұйымдарға нелер жатады? ( көрпе, кілем, көйлек, шапан, камзол, тымақ, сәукеле, сырмақ, тақия, текемет, алаша т.б.)

  - Ал бұрынғы аталарымыз ағаштан, темірден қандай бұйымдар жасаған?

(сандық, ұршық, бесік, қамшы, домбыра, үстел, ер-тұрман, кебеже, т.б. )

 -  Ал зергерлік бұйымдарға не жатады? (сақина, сырға, шолпы, бойтұмар, қапсырма, шашбау, алқа, білезік т.б)

 - Өте дұрыс тауып айтыңдар, ал енді естеріңе ыдыс-аяқтарды түсіріп атап өтіңдерші: ( кесе, тостаған, астау, ожау, табақ, самауырын, шәйнек т.б. )

 - Дұрыс осының бәрі де ыдыс-аяқ түрлері, осы ыдыс-аяқты салатын әжелер әдемілеп тіккен қапшық болады. Оны қалай атайды?

 - Аяққап.

 - Дұрыс айтасыңдар!Осы бұйымдардың бәрін немен әшекейлеп, өрнектеген?

 - Оюлармен.

   Сендер қандай ою түрлерін білесіңдер?

 Оюлар: ( қошқармүйіз, жұлдыз, гүл, ботагөз, тарақ, балдақ, балта, омыртқа, құс қанаты т.б. ) «Оюды танып айт»(ойын ұйымдастыру).(Алашадағы түс киіздегі оюды тауып, қай бұйымдарда қолдануын айту).Сонымен  осы бұйымдардың бәрін де халқымыз бір сөзбен қол өнер түрі деп атайды. Қандай өнер түрі деп айтамыз?

 - Қол өнер түрі.

     Ал бүгін сендер осы өнер түрлерін қалай меңгергендеріңді өз жұмыстарыңның нәтижесінен көрсетесіңдер.

1-топ  «Батырлар» тобы. Сіздердің тапсырмаларыңыз: қамшы өру, қалқан мен қанжарды ұлттық оюмен әшекейлеу.

2-топ  «Шебер арулар» тобы. Сәукелеге үкі тігу, текемет пен алашаға түсті қағаздан ою жапсыру, кесте тігу.

3-топ  «Суретшілер мен мүсіншілер» тобы. Киіз үй мен торсықты қылқалам арқылы оюлап әшекейлеу, тұзды қамырдан тұмарша , алқа әзірлеу; ермексаздан киіз үйді барельеф – тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіру тәсілімен мүсіндеу.

      Жұмысқа кіріспес бұрын демалып, сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәтті:      Маған арнап жекелеп

                            Әжем басты текемет.

                            Бір топ адам аяқпен

                            Теуіп бердік төпелеп

                            Басу қызық текемет.

                            Үсті-үстіне төпелеп.

                            Алда біреу жіппен

                            Саумалайды жетелеп.

                            Әрі біраз аунаттық.

                            Бері біраз аунаттық

                            Қабат шидін сыртынан

                            Қайнақ суды саулаттық.

 

 Өздеріңде, қолдарыңда дем алды, енді жұмысқа кірісуге болады. Бірақ алдымен жұмыс істемес бұрын нені сақтау керек?

  • Қауіпсіздік ережесін сақтау керек!

(Қайшыны дұрыс үстау, желіммен ұқыпты, таза жұмыс істеу, инені саусаққа кіргізіп алмау т.б. )

  • Бүгін осы ертегі елінен келген Алдар Көсе атамызды ортаға шақырайық. Әр топтың өнерімен танысып, өзінің сұрақтарын қойсын. Ал сендер жұмыстарыңды жасай отырып, қойылған сұрақтарға жауап беріңдер. (Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді, өздерінің жұмыстарымен таныстырады. Қандай ою-өрнектерді пайдаланғадары жайында әңгімелейді.)

Қорытынды:

Алдар Көсе:

          Мына жұмыстарыңды бітіріп нәтижеге жету үшін біраз еңбек еттіңдер ғой, енді маған осы еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып берсендер.

  • Еңбек түбі береке.
  • Еңбек етсең емерсің.
  • Өнерлі бала, алтын бала.
  • Рахмет, сендерге балалар.

 

Тәрбиеші:

  • Алдар ата сіз отырып демалыңыз біздің балалар еңбек туралы тақпақта  біледі, еңбек туралы тақпақты біздің Қарақат қызымыз айтып берсін.

                                 Гүл өсірсең терлеп,

                                 Мұның аты – еңбек.

                                 Кесте тіксең зерлеп,

                                 Мұның аты – еңбек.

                                 Сабағыңа жөндеп,

                                 Әзірленсең еңбек.

                                 Қиындықтың бәрін,

                                 Еңбек қана жеңбек.

Еңбек еткен бала бәрін де жеңеді екен, ал сендердің қиындықтарының бәрі артта қалды.Енді жұмыстарыңа баға берейікші. Өздеріңе ұнады ма? Маған да ұнады. Ал енді балалар, бүгін сендердің ата – аналарыңа  мен «Қуанышты хабарлама» жіберемін.

 Тәрбиеші

  -  Бізде, “Қонақ кәде” деген болады. Біздің балалар өздерінің  жасаған қол өнерлерін сіздерге сыйға тартады.       

  Құрметті қонақтар, Алдар ата сіздерді қол өнер көрмесіне шақырамыз. Балалардың жасаған қол өнерін тамашалаңыздар! (Көрме ұйымдастыру)

 Алдар Көсе:

       -  Өте тамаша, жарайсыңдар. Менің ұрпағым біздің қазақтың ұлттық қол өнерін әліде ұмытпапты екен. Мен ертегі еліне сендерге өте  риза болып қайтамын.          

  -  Рахмет, Сау болыңдар.

 Сау болыңыз!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еңбекке үйренем десең, ерінбе
Сәндік қолданбалы өнер
Әжемнің көрпешесі
Қуыршақ театры
Қағаздан аппликация арқылы тақия жасау.
Қанша қымбат.
Ою-өрнек түрлерімен таныстыру
Өрнек әжеде қонақта
«Оюлар әлемінде»
"Сәнді оюлар"
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4408 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык