Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Құстар келді өлкеге»


«Құстар келді өлкеге»

«Құстар келді өлкеге»

Тақырыбы: «Құстар келді өлкеге»

Мақсаты: Балаларға құстар туралы, олардың өмір сүру ортасы, құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі  ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, қол еңбегі  арқылы құстарға қамқор болып ұя жасауға үйрету.

Керекті құралдар: Құстардың қайда өмір сүретіндіктері туралы кесте. 1)Ауылдың суреті, 2)Қала суреті, 3) Таудың, даланың суреті, құстардың суреттері, шитен, ағаш ұя, сазбалшық, тақтайша.

Техникалық құрал: үнтаспа

Әдіс-тәсілдер: серуен, түсіндіру, көрсету, жаттау.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші: Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр, бәріміз амандасайық

 

 

 

 

 

- Хормен: әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені

Нұрға толы бар аймақ,

Күн шыққанда арайлап.

Ұйқымыздан тұрғанда,

Күлімдейді жан анам.

«Қайырлы таң ботам» - деп

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Сәләматсыздарма!

Іздену-ұйымдастырушы

Құстардың дауысы жазылған фонограмма қойылады.

-Балалар бұл нелердің дыбысы?

-Балалар сендерді аналарың құстардың атына байланысты қалай еркелетеді?

 

 

 

 

-Балалар енді орнымызға отырып оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің айларын атаңдар?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар бүгін құстар туралы әңгімелесеміз. Таңғажайып сәт. Көгершін ұшып келеді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Мен бейбітшілік құсымын. Бар әлемге тыныштық тілеймін. Сендерге тапсырмалар алып келдім.

●Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?

 

●Жыл құстарын атап беріңдер.

 

 

Көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді. Мұндай құбылысты көшіп-қону, миграция деп атайды.

●Құстар суреттерін атап, мекен ететін ортасына тақтаға орналастырады және құс туралы мәлімет айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

●Лабиринт «Қайсысының тұмсығы»

Тәрбиеші:

-Балалар құстардың тұмсықтары бірдей болмайды. Жәндіктермен қоректенетіндердің тұмсығы біз сияқты үшкір болады. Дәндермен қоректенетіндердің тұмсығы қысқа және жалпақтау (қалақ) тәріздес, доғал және қысқа (торғайда), жалпақ және ұзын (үйректе), жыртқыш құстардың тұмсығы етті жұлып жеу немесе тістеп тасуға қолайлы имек өткір болады (үкі, бүркіт)

 

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қолды созамыз,

Құстай қанат қағамыз.

Қарлығаш боп ұшамыз,

1-2-3 жаттығуды жасаймыз.

●Тәжірибе жасау

Мінекей мынау жұмыртқа, құстар жұмыртқа арқылы көбейеді. Ал мынау қауырсын және мамық

 

●Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстарға ұя жасап берелік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстарды өз ұяларына орналастырады.

 

 

-Бұл құстардың сайраған дыбысы

 

-Менің анам көгершінім,

-Менің анам қарлығашым,

-Менің анам балапаным,

-Менің анам аққуым-дейді.

 

 

 

-Көктем мезгілі

 

-Наурыз,Сәуір,Мамыр.

 

-Көктемде күн жылынып, қар ериді.

-Айналаның барлығы өзгеріске түсіп табиғат көркейеді.

-Көктемде ағаштардан бүршік шығады.

-Көктемде жыл құстары ұшып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қарға, көгершін, торғай, сауысқан.

- Ұзақ, қараторғай, қарлығаш, тырна, шағала, көкек, аққу, құтан, ләйлік.

 

 

 

 

 

 

 

Ең алғаш ұшып келетін құс ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды.

Қараторғай ұясын үй жайдың қасына салады, шегірткемен қоректенеді, егіс алқабының өсуіне көмектеседі.

Қарлығаш кімнің үйіне ұя салса сол үйге бақыт келеді деп, көне көз қариялар киелі құс деп санайды. Олар ұсақ шыбындармен қоректенеді, үнемі ауада ұшып жүреді.

Ләйлік биікке ұя салатын ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді.

Тырна көктемде ұшып келген кезде ауыл қариялары егін егуге уақыт болды деп болжайды, ұзын аяқты біз тұмсықты ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қректенеді.

Торғай кішкентай құстардың бірі, дәнді-дақылдармен қоректенеді.

Аққу ірі денелі, суда тіршілік ететін құс, олар үнемі жұптасып өмір сүреді, өсімдіктермен ұсақ балықтармен қоректенеді.

 

Балалар құстардың тұмсықтарын тауып сызық арқылы қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

Балалар жұмыртқаларды салыстырады. Қауырсын қанатта болатындығын ұстап көреді, мамық құстардың денесінде болатындығын меңгереді.

1-бала:

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтекесі бұлтиып

Шиық,шиық десіп отырады

 

2-бала:

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан томаға

Секең-секең ауысқан.

 

3-бала:

Тырау-тырау тырналар,

Жем іздесең қырға бар.

Егін жайда масақ бар,

Тырбаңдаған құр қалар.

 

4-бала:

Ақ шаңқан шағала,

Айдында жағада.

Шарқ ұрып жүреді,

Жүзе де біледі.

Барлығын қалаған

Ұшып кеп, іледі.

            Е.Өтетілеуұлы

1топ: Ағашты желімдеу арқылы қараторғайға ұя жасайды.

 

2топ:Шитеннен ұя жасайды.

 

3топ:Саз балшықтан қарлығаштың ұясын әдемілеп жасайды.

 

 

-Қараторғайды өз ұясына

-Қарға, ләйлік, аққуды шитен ұяға

-Қарлығашты өз ұясына

Рефлексивті коррекциялаушы

-Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

-Көрдіңдер ме, балалар жер шарын қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды.

Ақ көгершін балаларға сыйлыққа жұмыртқалар үлестіріп береді.

Құстар табиғаттағы зиянды құрт-құмырсқаларды жояды.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар қайда қыстайды?
Құстарға қамқорлық
Қыстайтын құстар
Құстар
«Құстар - біздің досымыз»
Құстар әлемі!
Қанатты достар
Құстар біздің досымыз
Көрікті көктем
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 8276 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык