Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көрікті көктем


Көрікті көктем
Көрікті көктем
Мақсаты: балалардың  көктем туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көктемгі  табиғат ерекшелігі  мен  өзгерістерге  туралы білімдерін кеңейту,әңгімелесу.
Дамытушылық: құстарға  қамқорлықпен  қарауға  және  еңбексүйгіштікке  баулу.
Тәрбиелігі: табиғатты аялай  білуге , ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: көктем  көрінісі ,құстардың  суреттері,құстың ұясы 
Билингвалдық  компонент: көктем–весна,құстар-птицы,күн-солнце,ағаштар-деревья.
Әрекеттер кезеңі
Тәрбиешінің  іс-әрекеттері
Балалардың  іс-әрекеттері
Ынталандыру,сезімді ояту.
 
Балалар  шаттық шеңберге  тұрады.
Тәрбиеші:Балалар,Күн-анамыз бізге нұрын  шашып тұр. Қане, бәріміз  күн сәулесінен қуат  алып , бір-бірімізге  жылы лебіздер  айтайық.Балалар  бір-біріне  жақсы тілектер айтады.
Ұйымдастыру - іздену:
- Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай  өзгерістер байқадыңдар?
- Көктемде  күн жылып , қар ериді , құстар  ұшып келеді , ағаштар  бүршік  жарады . 
- Көктем  жайлы  қандай тақпақ білесіңдер?
 
Айбек:    
Көктем келді  бүгін
Күн де төкті нұрын
Сайрап  барлық  құстар
Ән салуға құштар.
Құдырет:
Көктемде , көктемде
Күн нұрын  төккенде
Көк  шыбық  былтырғы 
Көгерді , құлпырды
 
- Балалар , көктемде  жылы жаққа ұшып кеткен  құстар оралады. Біз оларды  ұя жасап қарсы аламыз. Ата-аналар көмегімен жасалған  ұяны көрсетіп , серуенге  шыққанда  ағаш басына  ілеміз.
- Балалар , осындай  ұяны геометриялық  пішіндер арқылы  құрастырып, жапсырамыз .
 
Тақтада  ұяны  жапсыру  ретін қағаз бетіне  пішіндерді  орналастыру ретімен түсіндіріледі.
Балаларды  алдын ала  дайындалған  бөлшектер  қойылған  үстел басына  шақырып , жапсыру  жұмысы жүргізіледі. 
Үшбұрыш , төртбұрыш , шеңберді  жапсырамыз .
 
Сергіту сәті:
Қане , қанат жазайық
Құстай болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызды табайық
 
Тыйым сөздер
Құс ұясын бұзба.
Жұмыртқаға тиме.
Құсқа тас лақтырма.
 
Ұшты-Ұшты ойыны.
 
Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты
Ұшты-ұшты қарындаш ұшты
Ұшты-ұшты қарға ұшты
Ұшты-ұшты арба ұшты
Ұшты-ұшты үйрек ұшты
Ұшты-ұшты бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты қаз ұшты
Ұшты-ұшты саз ұшты
 
Топтастыру «Құстар» (суреттер арқылы)
 
Рефлексивті- түзету
Балалар  құстың  ұясына  таң қалып , өздерінің топта жасаған  жұмысын  әңгімелеп береді. Барлық жұмысқа оң баға беріледі.
Құстар біздің досымыз
Ұя жасап,қарсы алып
Біз оларды қорғаймыз.
 
Күтілетін  нәтиже:
Білу керек: Құстардың атын атар,топтастыру,қорғай білу.
 
Игеру керек: дайын бөліктерден ұяны құрастырып,жапсыру.
 
Меңгеру керек: ойынды бірлесе ұйымшылдықпен  ойнауды

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Орман еңбекшілері. Қ қ дыбысы мен әріпі»
Құстар
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар қайда қыстайды?
«Құстар біздің досымыз»
«Қайтпай қалған қарлығаш»
Құстар- біздің досымыз
«Құстар біздің досымыз»
Қорқақтық жараспайды
Ойындар жинағы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3612 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык