Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 13- мүшел жас


13- мүшел жас

  13- мүшел жас

Тақырыбы:      13- мүшел жас

Оқушылардың мүшел жасын тойлау мақсатына құрылған іс-шара үлгісі

   Жүргізілу барысы

Құрметті: Ата-аналар, Ұстаздар және оқушылар Сіздерді бүгінгі  13-жасың  мүшелің ол алғашқы деп аталатын әдеби  монтажды кешіміздің қонағы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз !

    Біреулер өмір өткелін  

     13-ке жетіп,асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

 

    Мүшеге қадам басып тұр

Ортаға  13-жасқа толған жас өрендерді шақырамыз

(1 қыз және1 баладан оқушылар қол ұстасып шығады)

Бұл өмір білінбейді өтерінде

Той қызық көңіл күйді көтеруге

Болмаса ойлағаның көңіл тынбас

Бұл өлең бұрынғыдан қалған мирас

-Ән «Туған күн»әні орындалады

 Тәжірибелі де тәлімді

Шоқтығы биік өзгеден

Шеберлігі мол алымды

 Ұстазға сыйлы сөз берем

13-жас мүшел тойымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры---------------

   сөз береміз

 Күй нөсерін төгейік

Жырдан моншақ өрейік

Уа жәмиғат, ал енді

Биге кезек берейік

-Би орындалады

Күтіп тұр алда сан қызық

Асулар асқар, неше сын

Ұстазың сенің алғашқы Кеудеңде үміт жанғызды

  • Сөз кезегі(13-ке толған той иелерінің алғашқы ұстаздарына беріледі)

Күмбірге толы сырлы әлем

 

Мереке әнмен жалғансын

Музыкалық бір сәлем

Ұстаздарға арналсын

--Ән  Ұстазым

Алтын күздің сыйындай

Жеткен сайын мен ұшып

Былтыр құлын, биыл тай

Болып өстің тебісіп

Ата-анаң бір бәйтерек

Аясы мол саялар

Әзірлеп асыңды ертелеп

Өбек болып аялар

-Ән  Ана

Сыйлаған  өмір өзіне

Қастерлеп оны ардақта

Жүректен терең сезіне

Қасиетін біл әр уақытта

Әке жаны жазғы нұр

Сендерсің-жолын жалғар шың

Сыр толы мынау сазды жыр

Соларға енді арналсын

-Ән    Әкешім

Ата-аналық үлкен сын

Бала өсіру ұлы өнер

 

Жақсылардың соңынан

Жарқын қыз бен ұл өсер

--- Осы сәтте( Отбасында 13-ке толған тұңғыштардың ата-аналарына сөз береміз)

Гүлге талы өңірлер

Балғын жүзбен балауса

Алып ұшқан көңілдер

Толқымасын қалайша

Сондықтанда назарды

Солар жаққа бұрайық

Қарсы алып қол ұрайық

Балғындардың ән жырын

Ән (достарым)

Зымырап жылдар керуені

      Есею сәті тез кепті

Азаматтай зерделі

Түсінер бәрін кез жетті

Арманға жеткін мақсатты

Сара жол алға салардай

Аяқтайық бал шақты

Мәңгілік есте қалардай

Егемен елдің төсінде

Шуағын шашсын арай күн

Мәнерлеп өлең арнарсың

Қызыға жұрттар қарайтын

 

-Әдеби монтаж айтылады.

(10 оқушы 1 шумақтан айтады )

1.Бар дәулеттің көзі деп

Білім болсын жанарың

13-ке келген жас достым

Құтты болсын қадамың

  1. Әділдікті жақтаймыз

Ізеттілік сақтаймыз

Осндай зор мақсатпен

 13-ке келіп қалыппыз.

  1. Өткердік жазды дүбірмен

Туған жер төсін тербеттік

Мүшелге келіп ер жеттік

Уақытпен алға жүгірген

  1. көңіл толы нұр ағыс

Мен де шаттық жайдамын

Құтты болсын қуаныш

Құтты болсын мейрамың

  1. Біздің сынып жақсы оқып

Қалдырмайды ұятқа

Ұстаздардың жолымен

Талпынамыз мұратқа

  1. жасымыз толды он үшке

Ересек біздер баламыз

 

Мәпелеп ата-анамыз

Оқуда озат боламыз

  1. Көтеріптағдыр ел жүгін

Өмірдің көші алға асты

Он үшке толдың сен бүгін

Мүшелің ол алғашқы

  1. Жылдармен мәлім өсерсің

Мезгілге қарсы тұрған кім

Құтты болсын достым-ау

Құтты болсын туған күн

  1. Шешкен бәрін ойланып

Ғалам сырын білгіш ел

Он екі жыл айналып

Қайта оралса бір мүшел

  1. Сен туғалы бәріде

Он екі жыл өтіпті

Он үшінші желіге

Туған жылың жетіпті

Азаматтың көріп жүрміз әр түрін

Алғырын да, тарғылын да, жантығын

Сенің ұлың бөлегірек басқадан

Сыныптағы алғырлығы  өзгеше

--Үздіктердің( Ата-аналарына сөз береміз)

 Жаста берген тәрбие

 

Жас шыбықты игендей

Білімді болса ұл мен қыз

Пайдасы елге тигендей

--13-ке  толған кенжелердің (ата-аналарына сөз береміз)

 Өнерпаз шықсын алдыға

Әнін тыңдар тамсанып

Құлақ құрышын қандыра

Қол соғалық қарсы алып

--Күй орындалады

Балалардың өнерлі

Тыңдалық біраз жыр-үнін

Сауалнама шешейік

Көрейік сынап білімін

--Оқушылармен (13-жас деп аталатын сөзтуым шешіледі)

Өнерсіздік бас айып

Ән мен күйге басайық

Арасында тағы бір

КВН-де ойналық

--Оқушылар өздері дайындалып келген КВН сайыс өнеерлерін көрсетеді

 Таудай болсын талабың

Құтты болсын қадамың

Деп құттықтап ата-ана

Сыйлайды өз сыйлығын

--13- мүшел жасқа толған оқушылардың ата-аналары балаларына сыйлықтарын таратады

 

 Бұл тойдағы бас тағам

Торты болар жайнаған

Бас тағамнан дәм татып

Тамашалап біз оны

--Ортаға аспазшы болып киінген оқушы 13-жас деп аталатын  үлкен тортты алып шығады

Торт  свечасын өшіруге сыныптағы 13-ке толған оқушылардың ішінде қаңтар айының  ішінде1-ші болып туған және желтоқсан айының соңында туған бір-бір оқушы шығып свечаны өшіреді

         Ілім іздеп дананы

        Өрісті бол жан-жақты

      Өмір сүр де саналы

  Азамат бол ардақты

   Көпті білу борышың

 Беріп қуат, денге сау

Аман болғай ол үшін

Мүшел жасты өренім

Ақыл толы зеренім

Ақ батаны сұрайық

Қолыңды жай –Ақ ниет

--Сыныптағы оқушылардың ішіндегі ата-аналардың ең үлкені бата береді

   Келген кезде сен өмірге шыр етіп

Ата-анаңыз қуаныштан жыр есті

Қыран болып шыға ма деп балапан

Содан бері сені ойлап түлетуде

Тілейік біз сіздерге жақсылықты

 

Өсе бер гүлдей жайнап,ей жас талап

Бейбіт елдің бақытты ұланымыз

Бейбітшілік бұл біздің  ұранымыз


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош, балалар бақшасы!
«Мүшелтой»
Қош бол,құтты Әліппе!
«Бүгін бізде туған күн»
Өлеңдер жинағы.
Қазақстан ұландары ертеңгінің!
БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз - думан
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 11567 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык