Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әкем, анам және мен


Әкем, анам және мен

Әкем, анам және мен

Тақырыбы:  Әкем, анам және мен

Түрі: отбасылық спорттық  сайыс

Мақсаты: Ата-аналарды мектеп өміріне тарту, мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастық орнату.  Балалар  мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата  отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау. Халықаралық отбасы мерекесін атап өту.

Қатысушылар:  МАД тобы бүлдіршіндері және ата-аналары

Көрнекілігі: безендірілген спорт залы, шарлар,  жалаушалар, футбол, теннис доптары, кедергілер, кішкене шарлар, шелектер, батут доптары, нысана, кольцо, теннис ракеткалары, суреттер, әріптер, «Кока-кола» сусындары, алма, кубиктер.

Барысы: 

1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қонақтар!

2- жүргізуші: - Армысыздар, қымбатты  ата-аналар мен оқушылар!

 

1-жүргізуші: Бүгін-  Халықаралық Отбасы күні.  Халықаралық отбасы күнін 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітті. Бұл күн әртүрлі мемлекеттер қауымдастығы назарын отбасының көптеген проблемаларына  назарын  аударту үшін  белгіленген. 
            2-жүргізуші: Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы - махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды.

1-жүргізуші:  Біз Халықаралық отбасы күнін  атап өту және  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  МАД тобы бүлдіршіндері мен ата-аналары арасында «Әкем, анам және мен» спорттық сайысын өткізгелі тұрмыз.

2-жүргізуші: Ендеше, сайысқа  ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

1-жүргізуші: Жанұялар отыр сынға түскелі,
                                    Сыналмақшы ептілік пен күштері.
                                    Әрбірінің жігер-күші жалындап
                                    Жеңіс сәтін тағат таппай күткені

2-жүргізуші: Спорт десе таза біздің арымыз,
                                   Жалындайды сайысқанда жанымыз.
                                   Сайысатын ағаларды бүгінгі,
                                   Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

1-жүргізуші:   Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған топтарды шақырамыз. 

  1. Оразбаевтар отбасы – «Жеңіс» тобы
  2. Жолбаевтар отбасы – «Нұрасыл» тобы
  3. Бүркіталиндер отбасы – «Дарабоз» тобы

 

2-жүргізуші: Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер.

                                    Әділ қазы алқасы, Әділ баға беріңдер!- деп сайыстың әділ бағасын беріп, ,қателігі мен жетістігін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп директоры Құлтанбаева Базар Қалдығұлқызы
  2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Оразов Нұрлан Сәрсенбайұлы
  3. Дарынды балалар жетекшісі: Сарман Ертай Аманғалиұлы

 

1-жүргізуші:  Құрметті сайыскерлер, көрермендер! Сіздерді 15 мамыр Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз! Жанұяларыңыз аман, дендеріңіз сау болып, ұзақ та бақытты өмір сүріңіздер!

1-жүргізуші:  Мерекелік құттықтау  сөз  мектеп  директоры Құлтанбаева Базар Қалдығұлқызына беріледі.

 

 

            2- жүргізуші: Енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

1-бөлім:   «Сәлемдесу»

2-бөлім:   «Эстафета»

3-бөлім: «Кім тез?»

4-бөлім: «Кенгуру»

5-бөлім: «Картоп егу»

6-бөлім: «Боулинг»

7-бөлім: «Сурет және әріптер»

8-бөлім: «Тез тамақтан»

9-бөлім: «Мергендер»

10-бөлім: «Кім жылдам?»

11-бөлім: «Тасымақ»

12-бөлім: «Теннисшілер»

13-бөлім: «Шар жинау»

 

1-жүргізуші: Ендеше, отбасы сайысын  бастаймыз.  1-бөлім «Сәлемдесу» бөлімі. Бұл бөлімнің шарты әр топ өз атын және ұранын айтуы тиіс.

2-жүргізуші: Ендеше, 2-«Эстафета» бөлімін  бастаймыз.    Бөлім шарты бойынша кедергілер арқылы әкесі допты футбол ойыны тәрізді аяқпен теуіп апарады, анасы баскетбол тәрізді қолмен ұрып апарады, ал бала қолына допты ұстап жүгіріп келу керек.  Қай топ дұрыс және тез орындаса, ұпай еншісі сол топқа беріледі.

2-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Сәлемдесу» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

2-жүргізуші: Үшінші бөлімге кезек келген сияқты. Бұл бөлім «Кім тез?» деп аталады. Ойынға барлығы қатысады.  Ойын шарты бойынша  ортада орындық, шелек және доп қойылған.  Сол орынға жүгіріп барып, әкесі қолына шелекті ұстап, орындыққа отырады, ал баласы 1,5 м қашықтықта шелекке кішкене 5 допты  салады.  Доп салынып болғаннан кейін, екеуі жүгіріп келіп әкесі анасының  қолына қолын тигізу керек. Ал, анасы қолындағы қағаз арқылы  батпақтан   өту  керек.

1- жүргізуші: Ойын шарты бойынша шелекке түскен доптың саны және  шапшаң қимыл бағаланады.

2-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Эстафета» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

1- жүргізуші:   Кезекті ойынға береміз.  Бұл ойын «Өз балаңды танып ал» деп аталады.  Ортаға әкелерді шақырамыз.  Әкесінің көзі байлаулы болады, олар балалардың басынан ғана ұстау арқылы өз баласын  тануы керек.

2-жүргізуші: Ойынға қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!  Әділ-қазы алқасынан «Кім тез?» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

1- жүргізуші:   Келесі бөлім «Кенгуру». Ойынға тек балалар қатысады. Балалар мәреге дейін үлкен доппен секіріп барып келуі керек. 

2- жүргізуші:   Тағы да кезекті ойынға береміз. Ойын «Баланы тамақтандыр» деп аталады. Ол үшін аналарымызды ортаға шақырайық. Ойынды жүргізетін психолог Зейнелғабдинова Гүлжанат. 

1-жүргізуші: Ойынға қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! 

2-жүргізуші: Сөз кезегі әділ-қазы алқасы өздеріңізде.  «Кенгуру» бөлімінің  бағасын берсеңіздер.

1- жүргізуші:   5-бөлім -  «Картоп егу» ойыны.  Ойын шарты: әкесі мен баласы картоп егіп, оны жинап алу  керек. Ол үшін әкесі баласын мойнына көтеріп алады. Баласының қолына картоп салынған шелек беріледі. Бала картопты әкесіне береді, ал әкесі картопты берілген орынға салу керек. Қайтар жолында қайтадан жинап алады.

2- жүргізуші:   6-бөлімге кезек келді. «Боулинг» ойыны.  Ойынға топтағы әке және ана қатысады.

1-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Картоп егу» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

2- жүргізуші:   7-бөлім -  «Сурет және әріптер» сайысы.  . Сайысқа  балалар қатысады. Бұл бөлімде балалардың танымдық қабілеттері анықталады. Олар берілген орынға дейін скакалкамен секіріп барып, берілген суретті аяқтап салу керек.  Екінші шарт бойынша  әріптерді танып, оған қатысты 2 сөз құрау керек.

 1-жүргізуші:  «Боулинг» бөлімінің  бағасын білу үшін әділ қазыларға  сөз берейік.

2- жүргізуші:   8-бөлім -  «Тез тамақтан»  деп аталады.  Орындық  бетінде «Кока-кола» сусыны және алма бар. Ойын шарты: әр қатысушы  сусынды ішіп, алманы бір рет жеп қайтып келеді. Келесі ойыншы жалғастырады. Ойын алма  мен сусын біткенше ойналады.

1-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Сурет және әріптер» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

1- жүргізуші:   9-бөлім -  «Мергендер» сайысына кезек келді. Сайыс 2 бөлімнен тұрады. Әкесі  нысананы көздейді. 7-9-аралығы үшін 3 ұпай,  4-6- аралығы үшін  2 ұпай ,  1-3-аралығы үшін  1 ұпай қойылады. 2-бөлімі бойынша аналары баскетбол себетіне доп салады.

2-жүргізуші: Әділ қазы алқасы «Тез тамақтан» бөлімінің  бағасын берсе дейміз.

2- жүргізуші:   10-бөлім  әкелерге арналады. Сайыс «Кім жылдам?» деп аталады.  Сіздердің мойындарыңызға лента тағылады. Лентада ілінген зат арқылы  кубикті итеріп мәреге жеткізу керек.

1-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Мергендер» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

2- жүргізуші:   Келесі ойын: «Тасымақ» сайысына кезек берейік.  Бұл ойында алдымен әкелер  кольцоны қолына алып кедергілер арқылы жүгіріп барып келеді, екінші айналымда кольцоға анасын салып тағы жүгіріп келеді, үшінші айналымда кольцоға баланы салып тағы да  тез жүгіріп келуі керек.

1-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Кім жылдам?» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

2- жүргізуші:   Енді  «Теннисшілер» сайысына кезек берейік.   Сайысқа анасы мен әкесі қатысады. Ойын шарты: теннис ракеткасымен шарды  мәреге дейін ұрып апарып, алып келу керек.

1-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Тасымақ» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

2- жүргізуші:    Соңғы ойынға да жеттік.  Бөлім:  «Шар жинау» деп аталады.  Қазір ортаға бірнеше  шарлар  тасталады. Белгі берілген уақытта қолдарыңыздағы шелекке шарды тез жинап алуларыңыз керек.

1-жүргізуші: Әділ-қазы алқасынан «Теннисшілер» және «Шар жинау» бөлімінің  бағасын сұраймыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі тамашалаған сайыс бойынша жеңімпаз отбасын анықтау үшін сөзді әділ қазы алқасына берейік.

2- жүргізуші:   Құрметті сайыскерлер! Белсенділік танытып,  сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет айтамыз! Жеңістеріңіз құтты болсын! Қош - сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің жанашыр жанұям
Мен білемін, істей аламын, жүзеге асыра аламын
Спортты ал серікке ...
«Толағай» эстафеталық ойын
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
«Жүзден жүйрік»
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
Әкем ,шешем және мен.
"толағай" отбасылық сайыс
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3084 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык