Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.


8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.

  Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған аяулы қыздар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған « Көктем

аруы» атты қыздар  байқауын тамашалауға шақырамыз.

Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән:
Орындайтын: Абдікарімова А.  Хайролла С.
Мансур
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
1 - жүргізуші
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін – елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
2 - жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 - жүргізуші:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
2 - жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған « Көктем аруы» атты Қыз сыны байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
 Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!

 Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы....
2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
І - бөлім: «таныстыру»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, )
ІІІ - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап,  көктемгі киім үлгісін дайындау берілген болатын.

ІV бөлім: «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
V бөлім: «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.
2 - жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың  І бөлімі «Таныстыру» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән: Ана
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз
2 - жүргізуші
ІІ бөлім:  «Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының - деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар

1 - жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.

ІІІ бөлім « Үй тапсырмасы»
Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген киім үлгілерін көрсетеді. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша оқушы қыздарымыздың биін тамашалаймыз.  Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші
IV бөлім «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз  сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасынан IV бөлімнің бағасын сұраймыз.
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз
2 - жүргізуші:
Қазылар алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша ортаға әсем әнімен  Қайыргелді Жанасылды шақырамыз.
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуш
VI бөлім «Қол өнері»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 – жүргізуші:

Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркіңді әкеткен барымталап.
    Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Көктем аруы » байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Экономика аруы
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Әкем, анам және мен
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»
«Алтын кірпік, ай қабақты арулар»
Сынып аруы -2014
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8559 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык