Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өсімдіктер қандай болады?


Өсімдіктер қандай болады?
Пән: Дүниетану
Тақырыбы: Өсімдіктер қандай болады?
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігіне байланысты жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: Білімін,тілін, есте сақтау қабілетттерін дамыту . Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
1. Өсімдіктердің түрлерін білу;
2. Өсімдіктер не үшін қажет екенін білу;
3. Суретпен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрену.
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Сабақтың типі : жаңа сабақ меңгеру Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, тәжірибе,түсіндірмелі,бейнеролик. Сабақтың көрнекілігі: қағаз, дәптер, оқулық, гүл шоқтары, ноутбук, слайд, жұлдызшалар,топтардың аттары жазылған қағаз. Сабақтың формасы:топтық, ұжымдық, жұптық
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту (2мин.)
1.Психологиялық көңіл-күй.Оқушылармен амандасу.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
1. Үй тапсырмасын орындап келуі;
2. Жаңа тақырыпты меңгеруі;
3. Топпен жұмыс жасауы;
Әр тапсырма сайын оқушыларға «жүрек жылуларын» тарату арқылы бағалап отыру.
«5» – 5 - 6 жылу
«4» – 3 - 4 жылу
«3» – 1 - 2 жылу
2.Үй жұмысы.
Ой қозғау «Гүл шоғы» ойыны (5мин.)
1.Біздің елімізде өсімдіктердің қанша түрі бар?
2.Олар қандай жағдайларда өседі?
3.Өсімдіктердің қандай түрлерің білесіңдер?
5.Қылқан жапырақты ағаштарға не жатады?
6.Бұталарға не жатады?
7.Бұта мен ағаштың айырмашылығы қандай?
8.Шөптектес өсімдіктер қалай өседі?
9.Бидайық деген не?Ол қай жерлерде өседі?
10.Өсімдіктердің адам өміріне пайдасы қандай?
Жақсы,балалар,міне сендер гүл шоғын құрастырдыңдар.Осы біз айтқан өсімдіктер шалғын,батпақ,өзендермен көл жағалаулары өсімдіктерге бай.Мұнда үнемі ылғалды,жылы,күн көзі жеткілікті.Өсімдіктің жақсы өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайлардың бәрі бар.Олай болатын болса біз одан әрі сабағымызды «Өсімдіктердің өсу ортасы»деген жаңа тақырыппен жалғастырамыз.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім?

Топтарға бөліну
-Ал, қазір топқа бөлініп, жұмысымызды жалғастырамыз. Әр топтан бір оқушы шығып, өздеріне топ таңдап алады.
1-топ «Ағаш», 2-топ «Бұта», 3-топ «Шөп».
ІІ.Мағынаны тану
Өсімдіктер қандай ортада өседі?Осындай өсімдіктерді қалай атайтынымызды білу үшін тапсырмалар орындаймыз.
1-тапсырма
1топ «Ағаш» .Ылғалсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді тауып анықтама береді.(интернеттен)
2топ «Бұта».Жарық сүйгіш өсімдіктер және көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тауып анықтама береді.(интернеттен)
3-топ «Шөп» Жылу сүйгіш өсімдіктер және суыққа төзімді өсімдіктерді тауып анықтама береді.(инетрнеттан)
Әрбір топтың жауабын тыңдап жүрекшелермен бағалау.
2-тапсырма
Кез-келген өсімдік туралы кішігірім зерттеу жұмысын жүргізу.
Барлық топқа бірдей өсімдіктің аты беріледі.Суретін салу.
1топ «Ағаш» Сол өсімдіктің тіршілігіне қолайлы жағдайларын жазу.
2топ «Бұта» Өсімдік тіршілікке қалай бейімделеді?
3топ «Шөп» Өсімдік туралы жұмбақ,өлең ойла немесе тауып жаз.
ІІІ.Ойтолғаныс
Венн диаграммасы
1топ «Ағаш» Жылу сүйгіш өсімдіктер және суыққа төзімді өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетеді.
2топ «Бұта» Ылғалсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетеді.
3топ «Шөп» Жарық сүйгіш өсімдіктер және көлеңкеге төзімді өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетеді.
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Рефлексия.
Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырамыз.

Жүрек жылуларын санап қорытынды шығару:
«5» – 5 - 6 жылу
«4» – 3 - 4 жылу
«3» – 1 - 2 жылу
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. 83-86 бет.жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма 37-бет.Сұрақтарға жауап беру.
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі.
Жануарлардың сан алуандығы
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Қандай өсімдіктер түрлері болады (топсеруен)
Біржылдық, екіжылдық, үшжылдық өсімдіктер
Жабайы және мәдени өсімдіктер
Өсімдіктердің тіршілік ортасы
Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?
Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?
Жануарлардың көп түрлілігі ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10181 | Қосты: Жакитова Айгерим Рысбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык