Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 9401 |
|
|
|
Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті қоректік заттарды білу.
Сабақтың міндеті:
1.Оқушылардың өсімдіктердің өсіп-өнуі туралы түсініктерін кеңейту.
2. Өсімдіктер тіршілігімен танысу арқылы дүниетанымдары мен ой-өрістерін кеңейту.
3. Өсімдіктерді қорғап, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, өсімдік мүшелерінің суреттері, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Қорытынды.
5. Бағалау.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр. Сондықтан бәріміз түзу, әдемі отырып сабағымызды бастайық.
Гүл өсірсең терлеп,
Оның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
-Жарайсыңдар, еңбек етсең қана өзіміздің мақсатымызға жетеміз.
1. Қызығушылықты ояту.
-Мынадай гүлдердің суретін көргенде, сендерде қандай сезім болады?
Егер жағымды, қуанышты сезім болса, қызыл түсті белгіні, ал жағымсыз болса қоңыр түсті көтеріңдер.
2. Миға шабуыл.
- Өсімдік деген не?
- Өсімдіктердің неше тобы бар?
- Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
- Бөлме өсімдіктерінің қандай түрлері бар?
ǀǀ. Үй тапсырмасын тексеру.
Бөлме өсімдіктері (әр қатардан 1 оқушы шығып, бөлме өсімдіктерінің пайдасын, емдәк қасиеттерін айтады).
Кактус (жасыл кірпі)
Қазтамақ Алоэ
Сабағы етті, тікенек өсімдік Құлақ ауруларын емдейді Түрлі жараларды емдейді
Бөлме өсімдіктерін тіршілік ортасына қарай 4 топқа бөлдік:
1. Жарықсүйгіш өсімдіктер.
2. Жылусүйгіш өсімдіктер.
3. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер.
4. Улы өсімдіктер.
Үй тапсырмасын бекіту.
- Өсімдік деген не?
- Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
- Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек?
-Сен үйіңде және мектепте бөлме өсімдіктерін көріп жүрсің. Көп жағдайда оларды «алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені, ол өсімдіктердің тұқымы мен өскіндері алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй ішінде өсіп - өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме өсімдіктері» деп аталады.
- Олар өз отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта тіршілік етеді. Біз оларға соған ұқсас жағдай жасауымыз керек. Бөлме өсімдіктерінің тіршілік иесі екенін естен шығармауға тиіспіз. Оларды баптап күту керек. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағына қонған шаңды сүртіп отырған дұрыс.
-Өсімдік туралы айтып жатырмыз. Ал адам өміріне не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа
Адам өміріне қажет : Су
Жарық
Жылу
-Балалар өсімдіктердің де өсіп-өнуі үшін керектері болады екен. Олай болса, жаңа сабағымыздың тақырыбы «Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?».
ǀǀǀ. Жаңа сабақ.
- Өсімдіктің жақсы өсіп-өнуі үшін ең керекті үш байлықты еске түсірейік, ол үшін жұмбақ жасырайын.
1. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
2. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасын қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. (Су)
3. Көзге көрінбейді,
Жұтсам білінбейді. (Ауа)
1. Оқулықпен жұмыс:
-өзім оқимын;
-кезекпен оқытамын.
2. Дәптермен жұмыс.
Әр қатар сурет салады:
1 қатар күннің суретін салады.
2 қатар судың суретін салады.
3 қатар топырақтың суретін салады.
3. Сергіту сәті.
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық.
4.Есіңе сақта!!!
Өсімдіктердің жасыл түсі біздің көңіл-күйімізді жақсартады, жалықтырмайды. Шаршаған кезде демалу үшін ағашқа бірнеше минут қарай керек. Жасыл бөлме өсімдіктері ойды жинақтап, тыныш жұмыс істеуге көмектеседі. Сондықтан өсімдіктерді көбейту керек.
5. Кесте толтыру «Кім жылдам?».
Өсімдік мүшелерін атау.
і Ң
г ү
ж е і с
ү р і к
ж п ы р қ
т м ы р
6. Біліп қой!
ӨСІМДІКТЕРДІҢ АҒАШТАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСІП-ӨНУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР
Діңі, жапырағы, тамыры, түптеу, суару Ауа, топырақ, су,жылу, арам шөбін жұлу, үсуден қоргау
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
1. Өсімдік деген не? (Тірі ағза)
2. Тамыр деген не? (Өсімдікті жер бетінде ұстап тұрады)
3. Тамыр өсімдікке не береді? (Қорек)
4. Өсімдікке сабақ неге керек? (Көтеріп ұстап тұрады )
5. Шіріндісі көп зат (Топырақ)
6. Оттегі дегеніміз не? (Тыныс алу, ауаның құрамына керек зат)
ǀV. Қорытындылау.
- Жарайсыңдар балалар! Күн,ауа,су адамға, өсімдікке өмір сыйлайды. Олар біздің нәр алар тіршілік көзіміз.
V. Бағалау.
Ақ тілек.
Әрқашан күн сөнбесін!
Күн нұрын, жылуын төге берсін!
Ауамыз әрқашан таза болсын
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |