Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ хандығының 550 жылдығына


Қазақ хандығының 550 жылдығына

Қазақ   хандығының  550   жылдығына

 

Шайбани  Абылхайрға  сақтадыма  кек

Ұлы  көшті  бастады  Керей,  Жәнібек

Болашақты  болжаған, оны  өзгерткен

Ұлыларға  ұрпақтары  табына  бермек.

 

Батыста  шекара  Жайықтан  қайтты

Ұлы  Қасым  хандықтың  жерін  ұлғайтты.

Тәукенің  заманын  дана  халқымыз

«Алтын  ғасыр»  болды  деп,  тауып  айтты.

 

Мәмілегер, көреген  хандар  тұсында

Кетпеді  қазақ  жері  жау  уысында

Керісінше,  Мәскеумен, көрші  елдермен

Қарым-қатынас  орнады  Қасым  тұсында

 

Қазақтың  бағына  туған  аналар

Қазақтың  хандары  елге  паналар

Халқыңа  қызмет  ет, сенің   міндетің

Деп,   батасын   берген  ата-бабалар.

 

Жанибек,  Хақназар  орны  бір  бөлек

Хандыққа  қосылды  халық  лек    боп  лек

Ноғайлар, монғолдар, Сібір   халықтары

Тарихтың  бағытын   ұғынды,   демек

 

Түнде  ұйықтамай, күндіз  отырмай

Жауларға  соққы  берді  ұлы  Таукел

Есімнің  кезінде  Ташкент  шаһары

Қазаққа  қосылып  шаттанды  мың  ел.

 

Тарих  сахнасында  міне, тұр  Есім

Тұрсынға  көрсетпей  зорлық  пен  қысым

Данышпан, көреген  қасиеттерімен

Жеңді  ол  жауларды  сағаттарда  сын.

 

Отырар  мен  Түркістан  Сайрам  мен  Созақ

Атауын  алды  деп  мәңгіге  қазақ

Жерінен   шетінен  жауын  қудалап

Отанын  қорғады  көрседе  азап

 

«Абылайлап»  жауға  шапты  Абулмәнсурде

Бабалар  аруағы  қолдап  өмірде

Үш  жүздің  ханы  болды,  еді  Сабалақ

Суреті  аруағы   тарих  төрінде

 

Тарихта   орнықты, жері  кеңейді

Жаулап  алды  жауыздар,   бізді  демейді.

Қалалар, аймақтар  қолма-қол  өтіп

Қазақтың  жаулары  көпке   кемейді.

 

Хандардың  қайсысын  айтпасақ  та  бүгін

Аспанда  бұлт  тарқап  ашылады  күн

Олардың   ерліктерін   мәңгі   жырласақ

Мәңгілік  ел  болуға   лайықпыз, мүмкін

 

Қосқолан  тауында  жау  әскерімен  мол

Жеңіске  сеніммен  бастап  келді  қол

Он  есе көп  жауға  тойтарыс  берді

Салқам  Жәнгір, батырлар,  Орбұлақта,   сол

 

Ол  хандар  мәңгілік  қалды   тарихта

Ол  хандар   қалмады   қиыннан   ықта

Әліде  тереңірек  зерттесек   тағы

Ашылады  тарихтың   қарасы, ағы

 

Қазақтың   хандары   мәңгі   мақтаныш

Халқының   ерлігінен  алып  жігер-күш

Олар  заңгер, саясаткер, олар  қолбасшы

Халқын  біріктірді, жүзге  бөлмей  үш.  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ хандығының құрылуы
Хақназар хан
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрлысы
Қазақ хандығының құрылуы
Қасым хан
Қасым хандығы
Қасым хандығы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6597 | Қосты: Салимова Гүлсара Оразқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык