Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 20291 |
|
|
|
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қазақ хандығының басқару жүйесі
(Ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақ мемлекетінің басқару жүйесі мен ел билеушілері, аты аңызға айналған қазақ хандары туралы баяндау.
Дамытушылық:Оқушыларды қазақ хандарымен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан – жақты іздене білуге, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік:Оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Оқулықпен жұмыс,термин сөздермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс, ауызша баяндау.
Көрнекілігі: Слайдтар, толғау, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, құқық,экономика, музыка,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.
ІІ.Өткен тақырыппен байланыс жасау. Ауызша сұрап,бекіту сұрақтарын беру.
1.Есім хан қай жылдары ел биледі?
2. «Қатаған қырғыны» деп неге аталды?
3.Тұрсын хан мен Есімнің арасындағы ұрыстың шығу тарихын қалай түсіндіресің?
4.Бұхар – қазақ қатынасы неліктен жиі бұзылып отырды?
5.Есім хан елдің экономикасын нығайту жолында қандай әрекеттер жасады?т.б
Қазақ хандары таблица
Жәнібек пен Керей 1465-1466 ж.Шу, Сарысу бойында Қазақ хандығын құрды.Олар қазақ мемлекетінің негізін салушы ретінде тарихта қалды.
Қасым хан Жәнібектің баласы.1511 – 1518 жж. Билік жүргізді. «Қасым ханның қасқа жолы» заңын жасады.
Халқының саны 1 млн-ға жетеді.
Хақназар хан Қасымның баласы.1538-1580 жж. ел биледі.
Өзбек хандығына Көшімге қауіп төндірді.
Тәуекел хан Шығай ханның баласы.1582-1598 жж ел биледі. 1598 – 1599 жж Өзбек ханның біраз жерін басып алып, қазаққа қосты.
Есім хан Тәуекел ханның інісі.1598 – 1628 жж. ел билеген. «Есім ханның ескі жолы» заңын жасады.
Салқам Жәңгір Есім ханның баласы.1628-1652 жж. ел билеген.1643 ж Орбұлақ шайқасында 50 мың жоңғарға қарсы 600 сарбазбен тойтарыс берді.
Тәуке хан Жәңгір ханның баласы.1680 – 1715 жж. ел биледі. «Жеті жарғыны» жасады, өлім жазасын тоқтатты.
Сұрақ – жауап. Семантикалық карта«Мағынаны айыру»
Мазмұны Керей
Жәнібек Хақназар
хан Тәуке
хан Есім
хан Қасым
хан Салқам Жәңгір
Қазақ хандығының негізін қалады. +
1511-1518 жж ел биледі
+
Қасым ханның баласы
Орбұлақ шайқасына тойтарыс берді + +
1628 ж қайтыс болған хан +
Шығай ханның баласы.
+
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты.Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды.Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:
1.Ауыл- қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады.
2.Ата аймақ- жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады.Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл – кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған.
3.Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған.Руды басқаратын аймақты рубасы деп атады.Рубасы көпті көрген,мол тәжірибелі, өте білікті, білгір адам болған.
4.Арыс – бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды.
5.Ұлыс – бірнеше арыстаг құралды.Ұлыстың билеушісін сұлтан деп атады.Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққандар болды.
6.Жүз – бірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін хан деп атады.Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:)
7.Хандық – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған.
(Тәуелсіз Қазақстан Республикасының басқару жүйесімен салыстыра отырып түсіндіру)
Қазақ ханы. XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет - салтына байланысты сайланып қойылатын болған.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты.Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді.Осыдан соң хан отырған киізді, ханның хан сайланғанға дейін киген киімдерін жапырақтап кесіп, хан сайлауға қатынасқандықтарының белгісі ретінде үлестіріп алады.Жиналғандар ханның бүкіл малын бөлісіп алып үйлеріне тарайды.Мұндай дәстүр «ханталай» деп аталады....
Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.XYI – XYII ғасырларда Қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа – феодалдар тобы мен қарашаға – қарапайым халыққа бөлінді....
Билер кеңесі.Қазақ хандығында жазалау құқығы ханның және билер мен ру тайпа басшыларының қолында болды.Кейбір істі таларкер мен жауапкер тұратын ауылдың билеушілері шешкен.Куәгерлер болмаған жағдайда ант беру талап етілген
IY.Қорытынды.
Жерімізде қазақ хандығының құрылуы XY ғасырдың 50-60 жылдары екендігі, оның алғашқы құрушылары Керей мен Жәнібек хандар болғандығы тарихтан белгілі.Қазақ мемлекетінің көрші жатқан елдерге танылуы,Қасым,Хақназар хандар кезінде хандықтың күшеюі халқымыздың хылық болып қалыптасуының аяқталуын көрсетеді.
Y.Бағалау.
Оқушының аты-жөні. Өткен тақырып бойынша Талқылауға қатысуы Тақырыпқа байланысты ой қозғау Жалпы әрекетін бағалау
YI.Үй тапсырмасы.
§41. Қазақ хандығының басқару жүйесі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |