Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан әлемдік қауымдастықта


Қазақстан әлемдік қауымдастықта

Қазақстан әлемдік қауымдастықта

Тақырыбы: «Қазақстан әлемдік қауымдастықта»

 

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлі.

Білімділік: Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықта алатын орны мен дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттерін және алпауыт мемлекеттердің алдындағы беделін, халықаралық ұйымдарға мүшелік етуін қарастыру арқылы Еліміздің саяси дамуының негізгі мәселелеріне түсінік беру.

Тәрбиелілік: Студенттерді Еліміздің ұлтжанды, отансүйгіш және саналы азаматтары етіп тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тың, жаңа деректермен жұмыс жасау арқылы студенттердің ой-өрістерін жетілдіру, қабілетінің артуына жол ашу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Ақпараттық технологияны және ойын технологиясын қолдану

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызбалар, үлестірмелі кеспелер, слайд-презентациялар, суреттер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, құқық негіздері, әлеуметтану, мәдениетттану, экономикалық теория негіздері.

Жаңа түсініктер: Ассамблея, глобальдылық, деморкация, денонсация, интеграция, пакт, паритет, парафирование, преамбула, ратификация, репатриация, саммит, хартия, экспансионизм, электорат.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин

ІІ. Өткен тақырыпты зерделеу. 5 мин

ІІІ. Үй тапсырмасы. 8 мин

ІY. Өткен сабақты бекіту. 24 мин

Y. Сабақты қорытындылау. 2 мин

YІ. Бағалау. 1 мин

YІІ. Үйге тапсырма беру. 1 мин

YІІІ. Рефлексия. 2 мин

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатын баяндап, назарларын сабаққа аудару. Әр студент төрт топ болып отырады. Әр топ бір-бірден сарапшы сайланады. Әр топқа бір –бірден ішінде тулары бар жәшіктер беріледі. Әр дұрыс жауап берген студентке сарапшылар жәшіктен бір тудан алып беріп отырады. Әр топтағы сарапшылардың қолдарында 25 тудан 100 ту бар. Оқытушының қолында 8 ту бар. «5» - 5 тудан жоғары, «4»- 4 туға, ал «3» деген баға 3 ту алғанға беріледі.

ІІ. Өткен тақырыпты зерделеу.

Оқытушының сөзі:  Құрметті студенттер, бүгінгі  біздің қарастыратын ашық сабағымыз «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» тақырыбына арналып отыр. Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орнын, сыртқы саясатын, халықаралық ұйымдарға мүшелік етуін, Еліміздің шет елдердің алдындағы беделін өткен тақырыпта айтқан болатынбыз. Енді бүгін сол тақырыпты толығырақ қарастырамыз.

ІІІ. Үй тапсырмасы.

Осы тақырып бойынша өткен сабақта тапсырма алған болатынбыз. Тапсырманы орындау үшін аудиторияда 4 топ құрылған, әр топқа жеке-жеке сұрақтар бойынша слайд жасау бөліп берілген болатын. Әр топқа өздеріне жүктелген үй тапсырмаларын екі минуттан уақыт беріледі. Топтың сарапшылары өздерінің топтарындағы слайдты жасауға қосқан үлестері бар студенттерге бір тудан береді. Әр топқа 2 минуттан 8 минутқа уақыт беріледі. 4 топқа берілген студенттерге берілген тақырыпқа сай слайдтар:

І топқа тапсырма:

Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынас

ІІ топқа тапсырма:

Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынас

ІІІ топқа тапсырма:

Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелік етуі

ІY топқа тапсырма:

Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынас.

ІY. Өткен сабақты бекіту.

1-тапсырма. «Кім жылдам» ойыны. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүшелік етеді?  Соны сызбадан табыңыздар!  Әр топтан кезекпен тақтаға 1 студенттен шығады. Әр дұрыс жауап берген студентке сол топтың сарапшылары жәшіктен бір тудан алып береді. Бұған кез-келген студент қолын көтеріп жауап бере алады. Бұл тапсырманы орындау үшін барлығы 5 минут уақыт беріледі.

 

С

Ф

У

Т

В

Ш

Е

Х

В

К

И

Е

К

М

Ы

Ы

О

Ұ

П

Ф

Г

Қ

Д

Д

Ф

Ұ

Н

З

И

Е

Т

Ы

С

С

Х

А

Д

Б

Ж

Ч

Б

Ұ

Ұ

П

Э

Г

Д

И

Ү

С

П

Н

А

Ю

Н

Е

С

К

О

Ь

М

О

Ө

Ш

А

О

Ұ

Е

Р

А

Л

Т

С

Ъ

Т

Ц

Х

Қ

Ъ

В

О

Ұ

Ш

Ж

О

Й

И

Д

Б

Щ

Ю

Л

К

Б

З

Э

К

Б

Е

Д

 

Жауабы: ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, НАТО, ЮНЕСКО, ДДСҰ, ДСҰ, ИК, БҰҰ, ЕО, ИДБ, ЕҚДБ, АДБ, ХВК, АӨСШК

2-тапсырма. Құрастыру тесті: «Ойлан,  тап».  Бұл жерде ұғымдардың анықтамаларын тауып, сәйкестендіру керек.  Әр топқа 2 минуттан 8 минут уақыт бөлінеді.

 

№ 1 Құрастыру тесті

Сұрақтар

Дұрыс жауаптары

Қате жауаптар

1

Денонсация

 

1

Өз халқының, мемлекетінің мақсат мүддесін сезініп, біліп,оны іске асыруға тырысушылық

2

Жаңаша саяси ойлау

 

2

Бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт

3

Ассамблея ұғымы

 

3

Екі елдің жерін анық бөліп тұратын шекара

4

Ұлттық мүдде

 

4

Елдің ішкі, сыртқы саясатын белгілеп, жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою

5

Глобальдылық

 

5

Келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу

6

Деморкация

 

6

Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы

Жауаптары: 1-5, 2-4, 3-6, 4-1, 5-2, 6-3.

№2 құрастыру тесті

Сұрақтар

Дұрыс               жауа   жауаптары

Қате жауаптар

1

Интеграция

 

1

Халықаралық келісім

2

Пакт ұғымы

 

2

Мемлекеттер арасындағы саяси және әскери қарулы күштердің тепе теңдігі

3

Паритет ұғымы

 

3

Мемлекетаралық саяси экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы

4

Парафирование ұғымы

 

4

Мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет органдарының бекітуі

5

Преамбула ұғымы

 

5

Халықаралық келісімге уәкілдердің алдын ала қол қоюы немесе оның жеке баптарын мақұлдау арқылы келісімнің тексіне қолдау көрсетуі

6

Ратификация ұғымы

 

6

Халықаралық келісімнің, конституция, декларация және т.б. зандылық құжаттардың кіріспе бөлімі

Жауаптары: 1-3, 2-1, 3-2, 4-5, 5-6, 6-4.

№3 Құрастыру тесті

Сұрақтар

Дұрыс жауаптары

Қате жауаптар

1

Саммит ұғымы

 

1

Сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі

2

Сыртқы саясат

 

2

Мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік саяси құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты

3

Хартия ұғымы

 

3

Бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге, халықтарға, аймақтарға ықпалын арттырып, билігін жүргізу үшін экономикалық, әскери, дипломатиялық әдістермен жүргізген саясаты

4

Ішкі саясат

 

4

Халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы

5

Экспансионизм ұғымы

 

5

Жекелеген мемлекеттік немесе халықаралық жарғылар, ескі қолжазбалық құжат

6

Электорат ұғымы

 

6

Мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты

Жауаптары: 1-1, 2-6, 3-5, 4-2, 5-3, 6-4.

№4 Құрастыру тесті

Сұрақтар

Дұрыс жауаптары

Қате жауаптар

1

Эмиссар

 

1

БҰҰ – ның білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы

2

ЮНЕСКО

 

2

Саяси немесе мемлекеттік ұйым тарапынан құпия тапсырмамен жіберілетін адам

3

Стагнация

 

3

Соғысты бастап, бірақ женіліп қалған мемлекеттің женген мемлекетке толық немесе жарым жартылай соғыс шығынын төлеуі

4

Репрессия

 

4

(лат) 1) мемлекеттік басқарудың реттеуші, атқарушы органдары; 2) басқарудың билігі бар адамдары, мекеменің, өндірістік басқару әкімшілігі.

5

Репарация

 

5

Мемлекеттік құрылымдардың жазалау шарасы, қуғын – сүргінге ұшырату

6

Администрация 

 

6

Саясатта, экономикада, мәдениеттегі т.с.с. тоқырау

Жауаптары: 1-2, 2-1, 3-6, 4-5, 5-3, 6-4.

3-тапсырма. «Шетелге саяхат». Интерактивті тақтада шетелдердің тулары тұрады. Студенттер өздерінің саяхатқа барғысы келетін елдерді алып, артындағы жасырылған сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда басқа студенттер жауап беріп, туын алады. 10 минут уақыт беріледі.

№3 тапсырманың сұрақтары:

  1. Қазақстанның АҚШ-мен байланысының маңыздылығы қандай?
  2. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси байланыс қандай?
  3. 1998 жылы 6 шілдеде жарияланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы» декларацияның нәтижелері қандай болды?
  4. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды?
  5. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси байланыс қандай?
  6. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси байланыс қандай?
  7. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы саяси байланыс қандай?
  8. Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси байланыс қандай?
  9. Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси байланыс қандай?
  10. Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси байланыс қандай?
  11. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы саяси байланыс қандай?
  12. Қазақстан мен Германия арасындағы саяси байланыс қандай?

Y. Сабақты қорытындылау.

Оқытушы:  Қазақстанның мүмкіндіктері : жер көлемі, табиғи байлығы, көп ұлтты көп дінді, КСРО-дан қалған ядролық қарудың біразына ие.

Қазақстанның басты міндеттері: мемлекеттің шын сипатын таныту, халықаралық дәрежеде мойындату, әлемдік шаруашылықпен экономикалық байланыстарға белсене араласу.

Қазақстанның кедергілері: Ресей мен Қытай сияқты алып мемлекеттер ортасында, халқы аз, теңізге шығатын жолы жоқ, кейбір саясатшылар ядролық қаруы бар «Ислам мемлекеті» дейді.

Жоғарыда айтып өткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекеттің сыртқы саясатты дұрыс жүргізіп отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады.

Мен бүгінгі сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан беделді халықаралық ұйымдармен байланыс жасай отырып, Еліміздің қауіпсіздігі мен халықаралық беделін көтеру. Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкіләлемдік ұйымдарға тезірек кіруге ықыластымыз», деген сөзімен аяқтағым келеді.

YІ. Бағалау. Құрметті студенттер, бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін, сарапшыларға сөз берейік, олар топты және жеке студенттерді бағалайды.

Білімді есептеу парағы

Аты - жөні

Сабақтың кезеңдері

Тудың саны

Сабаққа қатысқанын бағалау

1

2

3

4

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

YІІ. Рефлексия: Бүгінгі сабақтың соңында түсінбеген ойларыңызды төмендегі кестеге жазуларыңызды ұсынамын.

Сабақтан алған әсерім

Түсінбеген ойларым

 

 

 

 

 

 

YІІІ. Үйге тапсырма:  1. Д.Жамбылов, Саясаттану негіздері, 179-195 беттер;

                                         2. А.Рахымбаева, Саясаттану негіздері 150-155 беттер;

                                         3.  Интернет желісі www. mirking.com;

                                         4.  «Парасат» журналы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Ұлыбритания (1945-2006 жж)
XIV-XVғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтар
Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан
КСРО-ның ыдырауы және жаңа мемлекеттер дамуының негізгі бағыттары
20 ғасырдың соңы және 21 ғасырдың басындағы халықаралық және аймақтық шиеленістер
Латын Америкасы елдері
Жапония
Әлем екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 19442 | Қосты: Сагидоллина Жупар Шакиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык