Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан


Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан

Сабақтың тақырыбы Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :  Еуроатлантика  және  Еуразия  аумағындағы  жалпыға 

                     ортақ, бөлінбейтін  және ұжымдық  қауіпсіздікке  арналған

                       маңызды мәселелерді талқылаудың  қажеттілігін ұғындыру

Дамытушылық: Қазақстанның  ЕҚЫҰ – ға  төрағалығы  мәртебесіне  ие

                      болғаннан кейінгі қауіпсіздік мәселелерін   шешудегі   

                      атқарған  іс - шараларын  көрсету  арқылы  оқушылардың 

                      сөйлеу, ойлау   мәдениетін қалыптастыру.      

Тәрбиелік:  Қазақстанның   дүниежүзілік   аренадағы    саясатының                 

                     дұрыстығы  жағынан  беделі  жоғары  екендігін  жастарға   

                     сездіру.

Нақыл  сөздер:

  1. «Алтау  ала  болса, ауыздағы  кетеді, төртеу  түгел  болса, төбедегі  келеді»
  2. «Бақыт  бағалағанның  ғана  басында  тұрады»

Сабақтың  түрі:  Семинар – пікір  алысу

Сабақтың  жүру барысы:

1. Кіріспе сөз

2. ЕҚЫҰ  тарихына  шолу  жасау.

3. ЕҚЫҰ- ның  қалыптасу  кезеңіндегі  қаралған  мәселелер.

    а)  Ядролық  қаруға  шек  қою.

    ә)   Лаңкестікті  тоқтату.

    б) Адам  құқығын  қорғаудағы  «адам  саудасы».

    в) Экологиялық  қауіпсіздік.

    г) Гендерлік  тепе – теңдік  мәселесі

4. Қазақстанның  ЕКЫҰ – ға  төрағалық  етуіндегі  стратегиялық  бағыты.

Қызығушылығын  ояту

Саммит  дегеніміз  не?

  • Жоғарғы  деңгейдегі  кездесу. Қатысушы  елдердәң   мемлекет  және  үкімет  басшыларының  мерзім  сайын  өткізіп  тұратын    кездесуі.

Саммитте  не  мәселелер  қаралады?

  • Сенім  мен  қауіпсіздікті  нығайту  жөніндегі  шаралар  мен  қаруларды  бақылау  мен  адам  құқықтары.

Осы  ұйымға  қанша  мемлекет  мүше?

  • 56  мемлекет.

ЕҚЫҰ деген  не?

  • Алғашқы кезде Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланыпты.  1973 жылы шілде айында Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшысы кездесіпті. Сол кездегі келісім-шарттың қорытындысына 1975 жылы қол қойылып, ол тарихта «Хельсинки келісімі» деген атпен қалды.

 

Жұмыс  бағыты      1. Қауіпсіздік

                                 2. Ынтымақтастық

                                 3. Адам  құқығы

30    қаңтар   1992  жыл

Қазақстан  бұрынғы  Кеңес  Одағы  елдерінің  ішінде  алғашқы болып

Еуропадағы   қауіпсіздік  және  ынтымақтастық   ұйымына   мүшелікке  кірді.

ЕҚЫҰ – ның міндеттері  мен  мақсаттары:

Әскери   саяси

 өлшем  бойынша

Экономикалық   және   

 экологиялық   өлшем  

    бойынша

Адами   өлшем  бойынша

Қаруланудың таралуын бақылау;

Жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық

 күш-жігер;

Сенімді қарым-қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар.

 

Экономикалық-экологиялық

қауіпсіздік.

Адам құқығын қорғау;

Демократиялық институттарды

дамыту;

Сайлаулар

мониторингі.

               Астанада   ЕҚЫҰ   саммитінің    өтуі  - бұл:

1.     Қазақстанның  халықаралық  беделі мен Мемлекет басшысының  бейбітшілікті  нығайту  жолындағы  ерен  еңбегін   мойындау.

2.     Еліміздегі  ұлтаралық  татулық  пен  келісімнің  бірегей моделінің.  ҚР  тәуелсіздік  жолындағы  әлеуметтік  – экономикалық, саяси  жетістіктерінің  нәтижесі мен  танылуы.

3.     Елдің   қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын   қамтамасыз   етуге, тәуелсіздікті  нығайтуға   қосқан   үлес.

4.     Қазақстандық  экономикаға  инвестицияларды  молайтудың, туризмді  дамыту  мен  іскерлік  байланыстарды  кеңейтудің  факторы.

5.      Орталық   Азия  өңіріндегі  мәселелерді  шешуге  әлемдік

       қауымдастықтың   назарын     аударуға   мүмкіндік.

«Біз бұл сессияны ЕҚЫҰ-ға біздің төрағалығымыздың "Сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік" дейтін  ортақ  ұранымен өткізіп отыруымыз кездейсоқтық  емес. Біз күн өткен сайын адамдар арасындағы СЕНІМДІ  нығайта бердік. Біз Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершіліктің жаңа ДӘСТҮРІН қалыптастырдық. Біз этносаралық және конфессияаралық қатынастарда   АШЫҚТЫҚТЫ  қамтамасыз  еттік. ТӨЗІМДІЛІК Қазақстанды табысты  да  сенімді дамытудың маңызды факторына айналды.Бұл қағидаттар біздің еліміздің ішкі де, сыртқы да саясатының рухын бейнелейді».

Өзіңді  өзің  бағала

10 -  30  ұпай  -  “3”

30 – 50  ұпай  -  “4”

50 – 60  ұпай  -  “5”

1сұрақ – 9 ұпай.

Қазақстан  мемлекеті  қашан  ЕҚЫҰ - ға мүше  болды  және  оның  төрағалық

етуінің   дүниежүзілік  аренада  рөлі  қандай?

    -1992 жылы қаңтардың 30-ында  Қазақстан  Еуропадағы  қауіпсіздік  және    

     ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымға  кірді, жалпы  адамзаттық  

     қауымдастыққа  енуіндегі  үлкен  қадамдардың  бірі – Финляндияның

     астанасы Хельсинкиде  жасалды. Финляндия  үкіметіне  сақтауға

      тапсырылған  Еуропадағы  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық  жөніндегі  

     кеңестің  қорытынды  актісіне  бұрынғы  Кеңес  Одағы  мен  Югославия

     Федерациясынан  тәуелсіздік  алып  шыққан  бір  топ  мемлекеттердің  

     басшыларымен  бірге  Қазақстан   Республикасының   Президенті  

     Н.Ә.Назарбаев  қол  қойды.

2 сұрақ  - 5 ұпай.

ЕҚЫҰ-ның  Астана саммитінде  қандай  маңызды   құжат  қабылданды?

   - 2010  жылы  2  желтоқсанда   ЕҚЫҰ   саммиті   Астана – Декларациясы    

      құжатына  қол  қойылды.   Бұл – Қазақстанның  төрағалық  етуіндегі    

      тарихи  күн.

3 сұрақ – 9 ұпай.

Неліктен   терроризм   мәселесі  ЕҚЫҰ – ға   қатысушы   елдердің      барлығының   назарында?

4 сұрақ – 5 ұпай.

Қазақстан   ЕҚЫҰ – ға  2010  жылы  саммитте  төрағалық  етіп, нәтижелі  қорытындыға  жеткенін  білеміз,  ал   2011   жылы  еліміз  қандай   іс - шараға  төрағалық   етті?

    -2011 жылы Қазақстан Ислам конференциясына төрағалық етеді.

5 сұрақ – 9 ұпай.

Қазақстанның   ЕҚЫҰ - ға    төрағалық   етуіндегі   Астана    саммитінің   тарихи   маңызы   неде?

1.     Қазақстанның  халықаралық  беделі мен Мемлекет басшысының  бейбітшілікті   нығайту   жолындағы   ерен   еңбегін   мойындау.

2.     Еліміздегі  ұлтаралық  татулық  пен  келісімнің  бірегей моделінің.

 ҚР  тәуелсіздік   жолындағы   әлеуметтік  – экономикалық,  саяси  жетістіктерінің  нәтижесі мен  танылуы.

3.     Елдің   қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын   қамтамасыз   етуге, тәуелсіздікті  нығайтуға   қосқан   үлес.

4.     Қазақстандық  экономикаға  инвестицияларды  молайтудың, туризмді  дамыту   мен   іскерлік   байланыстарды   кеңейтудің   факторы.

5.      Орталық   Азия  өңіріндегі   мәселелерді  шешуге  әлемдік

           қауымдастықтың   назарын     аударуға   мүмкіндік.

6 сұрақ – 9 ұпай.

Қазақстан  гендерлік  тепе - теңдік мәселесінде ЕҚЫҰ – ға  төрағалық  

ету   кезеңінде   қандай   прогресті  қадамдар   жасай   білді?

7 сұрақ – 9 ұпай.

ЕҚЫҰ – да  адам  құқығын  қорғау “себеті” бойынша  бүгінде  дүниежүзілік аренада  “адам саудасы”  кезек  күттірмейтін  проблема  болуы  неліктен?

8 сұрақ – 8 ұпай.

ЕҚЫҰ - ның  негізгі  міндеттемелері  мен      мақсаттарында   экономикалық   және  экологиялық    қауіпсіздік   саласы  бойынша   бүгінде  ғаламдық       проблемаға   айналып  отырған   Арал  жағдайы  мен   Семейдегі   жарылыстардың   жағдайы   осы   ұйымда   көтерілуі   орынды  ма?  

9 сұрақ – 5 ұпай.

 Семей полигонындағы  жарылыстың тоқтауына    қандай  қозғалыс   үлес   қосты?  Оны   бастаған   кім?

     - Семей   полигонындағы   жарылыстың   тоқтауына  үн  қосқан – “Невада-Семей” қозғалысы.  Жетекшісі –   Олжас   Сүлейменов.

Конференциялық сабақты бекіту:

1.     ЕҚЫҰ  ұйымына  төрағалық  –  Қазақстан  үшін  үлкен  абырой  әрі мәртебе.

2.     Қазақстанның  төрағалыққа  қол  жеткізуі – ТМД  елдері  мен  Орта Азия   мемлекеттері  арасында  беделін   айқындап  қана  қоймай, олардың  арасында  бұл  мәртебені  бірінші  иеленгендігінде.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 1.§26

                             2.Оқушылар шығармашылығы. Реферат  жазып, қорғау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан әлемдік қауымдастықта
«Ақыл-ой империясы»
Елбасы тартуы.
Елбасы – елімнің тірегі»
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
XXI ғасыр көшбасшысы
Қазақстан Компартиясы басқару жүйесіндегі тоқырау
ЕУРОПАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ
Сан есімнен өткенді қайталау.
1930 жылдардағы саяси өмір
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3815 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык