Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Озаттар слеті – 2010 жыл»


«Озаттар слеті – 2010 жыл»

 «Озаттар слеті – 2010 жыл»

І-жүргізуші:

     Қайырлы күн, қадірменді  қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы, ардақты ата-аналар!

ІІ-жүргізуші:

    Қарақия ауданы әкімиятының  Құрық гимназиясы мемлекеттік мекемесінде өткізіліп отырған   «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Озаттар слетына» қош келдіңіздер!

І-жүргізуші: 

  Құрық гимназия мақтанышы –  озаттар,  құрметпен ортаға шақырамыз!

  Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

ІІ-жүргізуші:

 1-сынып жетекшісі, аудандық «Жыл мұғалімі-2008» байқауының жүлдегері, бастауыш пән мұғалімі  -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

І-жүргізуші:   

    2 «а»-сынып жетекшісі, жоғары біліктілік санатты бастауыш пән мұғалімі ------------------

                                 Озаттар:  --------------------

ІІ-жүргізуші:

       2 «ә»-сынып жетекшісі, бірінші біліктілік санатты бастауыш пән мұғалімі ----------------

                                 Озаттар:  --------------------

  І-жүргізуші:

 3 «а»-сынып жетекшісі, жоғары біліктілік санатты бастауыш пән мұғалімі -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

ІІ-жүргізуші:

  3 «ә»-сынып жетекшісі, бастауыш пән мұғалімі -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

   І-жүргізуші:

  4-сынып жетекшісі, облыстық «Үздік әдіскер-2008» байқауының жүлдегері,  бастауыш пән мұғалімі -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

ІІ-жүргізуші:

  5-сынып жетекшісі, бірінші біліктілік санатты орыс тілі пәні мұғалімі -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

  І-жүргізуші:

6-сынып жетекшісі,  қазақ  тілі мен әдебиет пәні мұғалімі -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

ІІ-жүргізуші:

  7-сынып жетекшісі,  аудандық «Жаратылыстану-математика пәндер олимпиадасынын-2010» жүлдегері  -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

   І-жүргізуші:

  8-сынып жетекшісі, аудандық «Жаратылыстану-математика пәндер олимпиадасынын-2009» жүлдегері  -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

ІІ-жүргізуші:

 9-сынып жетекшісі,  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

І-жүргізуші:  

  10-сынып жетекшісі,  орыс тілі пәні мұғалімі -------------------

                                 Озаттар:  --------------------

және біздің гимназия мақтанышы -  облыстық «Жас өркен»,  «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінің жүлдегері Меңдіғалиева Жансая;

 облыс чемпионы, Қазақстан Республикалық турнирдің күміс жүлдегері, облыстық оқушылар спартакиадасының чемпионы  Бекбатыров Марат!

ІІ-жүргізуші:

    Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,

    Мектептен басталады бәрі-бәрі.

    Бүгінгі Озаттар слеті салтанатында,

    Шырқалсын Қазақстан әнұраны!

                                  (Әнұраны  орындалады)

  І-жүргізуші: 

    Қонақ деген ырысың мен мерейің,

    Енді аяңдап қонақтарға келейін.

    Озаттар слетіның  салтанатына ортақ болған,

     Қонақтарды таныстырып өтейін!

                                  (Қонақтарды таныстыру)

ІІ-жүргізуші:

   Ажырамай мектептен бір елі сіз,

    Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

    Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

    Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,

      - дей отырып, Озат оқушыларға және ата-аналарға алғыс хаттарын  тапсыру үшін алғашқы құттықтау сөз гимназия директорына  ------ және  аудандық  білім беру бөлімінің  ------  бастығына беріледі

  • «Еркетай» бишілер тобының орындауында «Сүгір»  биі

 Ата-ана  ------ және қызы ---------   «Ақ боташым» әнін орындайды

ІІ-жүргізуші:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

 

І-жүргізуші: 

Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.

Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.

Сондықтан ең қадірлі, қасиетті

Ұстаздық мәңгі бақи таусылмас жыр,

     - деп, ақын жырлағандай, адамзат ғұмырындағы ең қажетті мамандықтың бірі – ұстаздық. Келесі Озат оқушыларға және ата-аналарға Алғыс хаттарын  тапсыру 

үшін  құттықтау сөз ұстаздардың ұстазы, ардагер ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері,  қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  ------   апайға және оқу ісінің меңгерушісі ------  беріледі

 

І-жүргізуші:

*«Ұстазға арнау»,  орындайтын – 6  сынып оқушылары

 Полиглот ойыны

      Ойынның шарты:  дұрыс жауапты үш тілде айту – қазақша, орысша және ағылшын тілінде.

  1. Жақсы ....   үшін жан пида   (друг, дос, friend)
  2. Айдың он бесі ......, он бесі қараңғы (свет, жарық, light)
  3. Көңіл сырын ....  білдіреді  (глаз, көз, eye )
  4. ... – алтын қазына (книга, кітап,book )
  5. Еңбегі жоқ .....- ыстығы жоқ жалын (наука, ғалым,science )
  6. Көз қорқақ, ... батыр (рука, қол,hand  )
  7. .... басы – бұлақ,  сөздің басы – құлақ  (вода, су,water)
  8. ..... алма, білім ал (золото, алтын,gold)
  9. Есепші ...... қарайды, айды, күндң санайды, сан рет сандырайды. (небо, аспан,sky )
  10. Күндіз .... алса, түнде үкі алады (орел, бүркіт, eagle)

 Ата-ана ------   қыздарымен  ------  және  ------  «Балалық шақ» әнін орындайды.

ІІ-жүргізуші:

Отбасы – қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды, ата-ананың берген тәлім-тәрбиесінің орнын еш нәрсе  толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата-анасың ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамшылығының белгісі.

 

І-жүргізуші: 

«Ана – сая болар бағың болса,

Әке – асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар мұнайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім?!

Ана – жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана – шуақ шашатын таң екенсің.

«Ана - өмір, ана – бақыт, ана – жүрек»

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

 

 ІІ-жүргізуші:

Келесі Алғыс хаттарын  тапсыру үшін  құттықтау сөз  ата – аналар кеңесінің төрайымы Ата – аналар кеңесінің төрайымы, Құрық өнер мектептің директоры Әлпіш Фарида Бектемірқызына  беріледі. 

 І-жүргізуші:

 * 2 «ә» сынып оқушысының  ------  ата-анасы  ------  орындауында «Озат оқушыларға арнау»

 

  * Келесі кезеңді ойынға берейік.

     Логикалық  сұрақтар

(ата-аналарға және оқушыларға арналған сұрақтар)

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? /түс/
  2. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? /ылғал,сулы/
  3. Теңізде қандай тастар болмайды? /құрғақ/
  4. 31-ші ақпан күні не болды? /31 ақпан болмайды/
  5. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? /есік ашық тұрғанда/
  6. Екі күн бойы жаңбырдың жауыуы мүмкін бе?     

        /жоқ, өйткені күндердің арасында түн бар/

  1. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? /көз салады/
  2. Тауық бір аяқпен тұрғанда, оның салмағы 2кг болады. Ал екі аяқпен тұрғанда оның салмағы қанша болады? /2 кг/
  3. Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс деген иті және Пушок деген мысығы бар. Әжеде неше немере бар? /1 немересі Мирас/
  4. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар?

       /Аққайыңда алма өспейді/

  1. Құландыға әжей кетіп бара жатыр. Оған қарама-қарсы үш шал келе жатыр. Әр шалдың қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір-бір мысықтан.Барлығы неше адам Құландыға бара жатыр?

      /Құландыға бір әже ғана кетіп бара жатыр/ 

 ІІ-жүргізуші:

Ата-аналар комитетінің төрайымы, өнер мектебінің директоры  ------ шашуын қабыл алайық!

  «Луиза» бишілер тобының орындауында  «Қуыршак»  биі 

І-жүргізуші:

      Әлемге ұлылығын мойындатқан,

Тәуелсіз егемен ел Қазақстан!

18 жыл ішінде таңғажайып,

Қарқынмен болашаққа қадам басқан!

ІІ-жүргізуші:

           Жасай бер, жарқырай бер, Қазақстан,

Ертең-ақ біз озамыз басқалардан.

Тілек біреу – көрінсін қазақ елі

Дамыған елу елдің қатарынан.

  І-жүргізуші:

          Құдіретті, қуатты қазақ елі,

Қазыналы, киелі қазақ жері!

Бүгінгі озат – иесі болары анық,

Теңдесі жоқ бай елдің әлемдегі!

 

ІІ-жүргізуші:

 «Қазақ елі» әні,  орындайтын  озаттар

 

І-жүргізуші:

   «Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Енбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.

   Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін. Бүгінгі мерекемізге қатысқан барлық ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айта отырып, кешімізді   аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгеніңіз үшін  сіздерге көп-көп рахмет.

   Келесі кездескенше, сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекеттік мекеме мерекесіне арналған сазды бағдарламасы
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012.
«Сыңғырла, күміс қоңырау!»
Тілім менің тірлігімнің айғағы
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Ана- өмір гүлі
үлгілі отбасы
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 5365 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык