Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3856 |
|
|
|
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тілім менің тірлігімнің айғағы
1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!
2- жүргізуші: « 22 кыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналғалы отырған тіл апталығының ашылу салтантына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.
2- жүргізуші: : Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Абдикадирова Камшат Мейрамқызына бергім келіп отыр.
Камшат апай сөйлейді
1-жүргізуші: Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.
2- жүргізуші: Олай болса сені тыңдалық
1-жүргізуші:
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
2- жүргізуші: Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдемі өлең жолдарын оқып берейін:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?
2- жүргізуші: Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға әнімен
шақырамыз.
Ән айтылады
1-жүргізуші:
Ана тілім - ана күтім арым менің
Сәулетім - сая бағым , сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
2- жүргізуші:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім,-демекші мен ендігі кезекті жырдан шашу шашуға колледж оқушысы
шақырғым келіп отыр.
Өлең оқылады.
1-жүргізуші:
Әнсіз мына өмірдің несі көктем,
Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын әсем әннің куәсі бола отырайық, ағайын!
Ән айтылады
1-жүргізуші:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
2-жүргізуші:
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
1-жүргізуші:
Туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға
шақырамын.
Өлең оқылады.
1-жүргізуші:
Білесің бе, «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айткан екен.
2-жүргізуші:
Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.
1-жүргізуші:
Ендеше өз туған тілін қорғап, сол тілде ән айтқалы келіп отырған
неге кезекті бермеске...
2-жүргізуші:
Қарсы алыңыздар!
Ән айтылады
2-жүргізуші:
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.
1-жүргізуші:
Ия, тіл туралы қалам тербемеген бірд-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. Сондықтан осындай әдем іөлең шумақтарын тарту ететін
қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.
Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
2-жүргізуші:
Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
1-жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
2-жүргізуші:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
1-жүргізуші:
Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман болыңыздар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |