Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Азат елдің ұланы!"


"Азат елдің ұланы!"

"Азат елдің ұланы!"

Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің дербес мемлекет болып отау көтеріп ірге тастағанына 16 жыл болғандығы туралы түсіндіру. Тәуелсіздікті аңсап кеткен ата - баба өсиеті мен ерлігі жайлы оқушы санасына сіңіріп қана қоймай Отанын сүюге, үлкенді қадірлеп, өзге ұлт өкілдерін де сыйлай білуге тәрбиелеу. Ерлік көрсеткен ерлерін ұмытпай мәңгі есте ұстауға үйрету.

Жүргізуші:

Жалғанның жартысындай Қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері.

Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі батыр, бірі сері.

 Ата - бабамыз өткен жолға біраз шолу жасап қарасақ. "Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да, батыл менің елім" деп көңілің көтеріледі.

Отаным алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Ержеткен кезде есімде.

Осыдан 16 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздік алып, өз алдына жеке отау тікті. 16 жыл.. былай алып қарасаң көп жыл емес, бірақ бір адамның өмірі. Осы 16 жылда небір қиындықты, небір қуанышты басынан кешкен ел бүгінде бұл мерекені - шаттықпен, қуанышпен тойлайды. Бүгін сол тәуелсіз елдің еңсесін көтеретін өскелең ұрпақ желкілдеп өсіп, еліне деген сүйіспеншілігі күн санап артып келеді.

Көрніс: "Батыр ата батасы"

(ортаға қарт батыр шығады, қолында найзасы, қылышы)

Батыр: Е, дәурен бұл күнге де жеткізгенің бе? Қанша ғасыр аңсап арманда кеткен боздақтарың анау. Е, жүрегі түкті қазақ елінің қырандары - ай десеңші. "Қара қазан сары баланың қамын біз жоқтап, ел іргесінен жауды біз тазартып едік" Енді елді жерді қорғайтын ұрпақ табылар ма, екен.

Бала: Әрине, Батыр ата біз секілді жас бүлдіршіндер барда өмір көрікті емес пе.

Батыр ата: Бір кезде мына қылышпен найзамен осы қазақ даласын қорғаған едім. Енді елге қорғаушы сен бола ғой, құлыным!

Бала: Құп, ата, өз еліме, Президентіме, қасиетті көк туыммен елтаңбама кір келтірмеуге ант етемін.

Батыр ата: Жарайсың, құлыным. Еңселі елдің ниетін орындап, айтқанын жасаған адам, ол нағыз - батыр болмақ.

Бала: Ата, біз өскелең ұрпақ осы мерекеге дайндағанымызды көріп, батаңызды беріңіз.

Батыр ата: Жарайды құлыным көрейін.

Ән: "Балақан"

Жүргізуші:

Қазақстан - туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпіп өтем.

Балауса

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Жансая

Отан  - сенің ата - анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Аружан:

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, ер халқың,

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Ерасыл:

Отан - осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

"Отан" деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

Анара:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен асқар тау гүлін сүйем.

Аяулым:

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Медина:

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

бәрі маған Отан деп сыбырлаған.

Отан, Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Ойын: "Арқан тартыс"

Ән: "Еңбекшіл осындай"

Бала: Батыр ата,  бата беріңіз.

Батыр ата:

Жігерлерің асқар таудай биік екен,

Талаптарың еш толассыз судай екен.

Осындай ұрпағы бар мына елдің,

Ойлаған арманы да орындалып,

Асапаны да әрқашан ашық болып,

Ел іргесі үнемі берік болып,

Дұшпандары сыртынан қызығатын

Сәбилердің жүздерінде күлкі болып,

50 елдің қатарына енеді екен.

Әумин!

- Айналайын, бөбектерім, аман болыңдар, уа, халайық мерекелеріңіз құтты болсын.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік күніне арналған "Азат елдің ұланы" атты шағын концертіміз аяқталды. Әрқашанда еліміздің көгінен күн кетпесін. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
"Ерлігі ұмытылмас жан"өлеңі (Генерал Сабыр Рахимовты еске алу)
Отаным-атамекен
Менің Отаным –Қазақстан
Менің елім-Қазақстан
Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Тәуелсіздігім-мерейім!
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
“Ақжолтай Ағыбай батыр”
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2414 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык