Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің елім-Қазақстан


Менің елім-Қазақстан

Менің елім-Қазақстан

Тақырыбы:Менің елім-Қазақстан

Менің елім-Қазақстан.Бұл әрбір дала перзентінің кәрісі бар,жасы бар көкірегінде мақтанышпен айтылатын сөзі.

  Құс ұясыз,жыртқыш інсіз болмайды,

  Отансыз жан өмірде оңбайды.

  Өзін өзі қорлайды да,сорлайды.

  Тірі адамға сол қайғы, деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай,Отансыз адам нағыз бақытсыз жан.Ал біз қазақ халқы басымызға бақ қонған халықпыз деп айта аламыз. Өйткені  өзіміздің мемілекеттік рәміздеріміз, тіліміз,тарихымыз бар тәуелсіз елміз.Тәуелсіздіктің 20 жылдығының қарсаңында мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріміздің  бүгінгі елім деп,тәуелсіздік деп,тілім деп аппақ жүректерімен айтар тақпақ, өлеңдеріне куә болғалы  отырсыздар,олай болса мектепалды  даярлық «В» сыныбының «Менің елім - Қазақстан» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1-бастаушы Әмірхан

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп нық  ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегесі, еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

 

2-бастаушы Жанел

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз  күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіз Қазақстаным,

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын,

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

 

1-оқушы Шахризада

Көк астандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниетті алтын күн,

Асқақ  арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі Ту ары.

Бұлт баспасын көгімді,

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау туымды,

Қасиетті борышым.

 

 

2-оқушы Нұрдаулет

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған,

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім   Елтаңбам.

 

3-оқушы Камила

Көгіңде тұр көк байрағың желбіреп,

Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз,

Бабаларды еске алып ержүрек.  Хор «Әнұран»

4-оқушы Елдос

20 жылдай тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі билікке бел буғалы.

20жылдай қазақстан халқының,

өз тағдырын  өзі шешіп тұрғаны

 5-оқушы Нәзерке

Тәуелсіз аппақ таң атты,

Сейілді  көктен бұлтты күн.

Үш  ғасыр күткен азаттық,

Қазағым үшін құт бүгін.

6-оқушы Гүлназ

Байтақ дала жерім менің,

Арта берсін кенің сенің.

Көк байрағың желбіресін,

Егеменді елім менің!

7-оқушы Данира

 

Жаңа ғана қана  қазағымның таңы атты,

Алу мақсат, ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздікті сақтау үшін жауапты.

8-оқушы Сымбат

Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген.

Он алтыншы желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

9-оқушы Нұрдаулет

Еркіндікке желтоқсаным бастады,

Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.

86 жаңғыры жар салып,

«Тәуелсіздік» ұлы ұранын тастады.

 

 

10-оқушы Бекжан

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға біздің ұлы адам!

11-оқушы Рауан

Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей,бас қалам – Астанам.

Ақ ордам менің – Астанам,

Еңсесі биік басқадан.

Көркейді күн санап,

Арқа төсі жас қалам!

12-оқушы Ерасыл

Астанамыз көрікті,

Қонақ таң боп көріпті.

Есіл ағар еркелеп,

Шамдар нұрын төгіпті.

13-оқушы Гүлназ

Астана арман қала,

Бағы бір жаңған қала.

Тұрады ол жап-жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.

14-оқушы Жанарыс

Аялап ару ананы,

өсірген еркін даланы,

Бесігім болып тербеткен.

Отаным-Қазақстаным.

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы,

Отаным-Қазақстаным.

15-оқушы Мадияр

Отан деген Атамекен,

Отан деген туған  жер.

Отан-ана, Отан-өлкем,

Қазақстан туған ел.

16-оқушы Сабина

Отан деген ұлы ана,

Отан деген ғұлама.

Мен ғана емес атам да,

Перзент екен Отанға.

17-оқушы Дана

Отан бізге туыстық,

Нұр сыйлаған күн ыстық.

Ыстық бізге кең өлке,

Ыстық бізге тыныштық.

18-оқушы Елдос

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің Қазақстан.

19-оқушы Аслан

Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

20-оқушы Алуа

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене.

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың.

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

Отан осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап,сүйе біл. Хор «Ел ұланы»

22-оқушы Әмірхан

Аңсап халық көп күткен,

Егеменді ел болдық.

Көңіл күйі тоқ жұртпен,

Тереземіз тең болдық.

23-оқушы   Данира

Мен қазақтың тілімін,

Беретін көп білімім.

Достасатын сендермен,

Жаңа пәннің бірімін.

Үйретемін тіл заңдарын,

Сөзіме құлақ сал бәрің.

Меніменен тез іске асар,

Ойға алған арманың.

24-оқушы Нәзерке

Қазаққа жан жете ме?

Тапқыр халық ен деген.

Тілін халық бекерге,

Ана тілім демеген.

25-оқушы Каминур

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

26-оқушы Ерасыл

Туған жер алтын бесігім,

Тербетті мені төсінде.

Жүреді сенің есімің.

Ер жетке кезде есімде.

27-оқушы Ерасыл

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоны жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен жер қымбат. Хор «Туған жер»

28-оқушы Алихан

Туды міне алтын күн,

Енді қазақ жыламас.

Өз алдына халқымның,

Тіккен туы құламас.

Бақыт қайта қонды деп,

Қуанышты күллі әлем.

Көк ту болып желбіреп,

Азаматтығым тұр менің.

 

Ендігі кезекте балалардың сабақ барысында үйренген Отан туралы тақпақтарына кезек берейік:

 

Отан атам,отан әкем,

Осы сөзім қате мекен.

Қате болса  неге біздер,

Дейміз оны Атамекен.

Отан әжем,отан анам,

Құшақ жайған қатар маған.

Туған ел деп, туған  жер деп.

Ол бекерге аталмаған.

 

Қазақтың елі бақытты,

Бабалар берген батасын.

Қазына толы қойнауы,

Қазақстан жасасын.

 

Қосылғанда бәріміз,

Кетеді алыс әніміз.

Қала салып  тастар ек,

Кішкентаймыз әлі біз.

Біз де адам  боламыз,

Қуанардай анамыз.

Жігіт болып ер жетіп,

Жас қалалар саламыз.

 

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

 

 Бастаушы  Жанел

Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен танытқан,

Міне,осындай Қазақстан деген ел!

 

Бастаушы  Әмірхан

Естімейік  енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан.

Құт болсын нұрлы жолы Нұр ағаның!

Бастаушы  Жанел

Көпшілігі кемімей толса деймін,

Барлық елдің басына бақ қонса деймін.

Келешекте Қазақстан Республикасы,

Орта Азияның «Барысы» болса деймін.    Хор «Атамекен»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отаным-атамекен
"Азат елдің ұланы!"
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
«Еліммен бірге-Елемін»
Тәуелсіздік белестері.
Тәуелсіздік шыңы.
Менің Отаным Қазақстан
Қазақстан-менің Отаным
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5445 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык