Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»


«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

 «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» 

 Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Көрнекіліктері: слайдтар, кинофильм, күй дискілері.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, спорт.

Өтетін орны: Мультимедия кабинеті.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші:Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлыр мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің автолар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында Қ.Сәтбаев пен К.Байсейітова көшелерінің қиылысатын жерінде орналасқан. Монумент орналасқан ауданның ұзындығы 180 км жерді қамтиды. Маңғыстаудың бедерлі құлпы тастарға ұқсас оюлы Сынтас. Осы Сынтас үстінде бойы алты метрлік қанатты барысқа мінген «Алтын адамның» мүсіні тұр. Бұл көркем бейне ойдан алынбаған, негізінен Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адам» сипаты пайдаланылған. Үстіндегі сәнді, салтанатты дүниежүзілік дәрежедегі өнерлік туындыға жататын зергерлік бұйымдарға қарағанда бұл өзі ханзада болса керек. Ол патшаның баласы болса- онда оның әкесі билеген патшалық болғаны да даусыз.Осы тұста «Мен- қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген ақын Жұбан Молдағалиевтің өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Сынтастың түбінде, төрт жағында мүсіндер тобы орналасқан.Олар: Ақыл- ой иесі- Абыз,Жер- Ана, тайға мінген қыз бала мен ұл бала.Төмендегі мүсіндердің төртеу болуы да тегін емес. Қазақ шартарапты дүниенің төрт бұрышы дейді, ол түгел болса  жақсылық және береке табады. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді»- деуі содан. Тайға мінген балалар- жаңа құрылып жатқан тәуелсіз мемлекеттің нышанындай. Олардың келешегі-алда; «біз көлденеңнен қосылған көкдөнен» емеспіз, адамзат өркениетіндегі игілікті істерге ат салысамыз, сайысқа түсеміз деген ойды білдіреді.Батыр ханзаданың бас киімінің тәжі, кеудесіндегі қалқан, белбеу, барыстың қанатына алтын жалатылған.

Егер Тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп-әлпештеп, құрметтеп ардақтайық!Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін,Отанымыз көркейсін!

 Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:

Жолмағанбетовтер жанұясы,

Алашхановтар жанұясы,

Амангелдиндер жанұясы, 

Қабыкеновтер жанұясы.

Әділ- қазылар алқасын сайлау:

1.-----------------------------------------------------------

2.-----------------------------------------------------------

Бағалау парағы беріледі. Әр топтың жеке таныстыруы.

Сайыс шарттарымен таныстыру:

  1. Әріптер сөйлейді
  2. Ұлттық салт-дәстүр
  3. Сандар сыры
  4. Қазақстан мәдениеті
  5. Шығармашылық жұмыс

Алғашқы бөлім  «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я

А- Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/

Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/

Б- Астана қаласының символы /Бәйтерек/

В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/

Г- Тарихтың атасы /Герадот/

Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ  /Ғасыр Адамы/

Д- Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/

Е- «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/

Ё- Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/

Ж- «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/

З- Сиырдың пірі /Зеңгі баба/

И- Елбасымыздың мамандығы /Инжинер- металлург/

Й- Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы. /Халифа Алтай/

К- Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/

Қ- Ж. Баласағұнның XI ғ жазған еңбегі  /Құтты Білік/

Л- 1959 ж М. Әуезоке «Абай жолы» роман -эпопеясы үшін берілген сыйлық /Лениндік сыйлық/

М-Қ.Р «Мәдениет және ақпарат» министрі /Мұхтар Құл –Мұхамед Абрар ұлы/

Н- Күйші-сазгер, дирижер, домбырашы / Н.Тілендиев/

Ң-1993 ж белгіленген ҚРҚК әскері құрымының жоғарғы офицерлері, ҰҚК, ІІ, прокуратура т.б органдар басшыларына берілетін орден. /Даңқ ордені/

 О-Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/

Ө-Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/                 

П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/

Р-1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам  /Р.Бағланова/

С-Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы  /Сөк/

Т-Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел  /Түркия/

У-Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті  /Уыз/

Ұ-1999ж Қазақстанда қандай жыл болып жарияланды /Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жыл/

Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/

Ф-«Екінші ұстаз» атанған ғұлама  /Фараби/

Х-2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда  болған оқиға /Халық санағы/

Һ-Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/

Ц-Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/

Ч-Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын /Абай/

Ш-Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы.

/Ш.Қалдаяқов/

Щ-Биыл тәуелсіздікке неше жыл /18жыл/

Ъ-«Семей полигоны» атты кітаптың авторы /К. Бозтаев/

Ы-Қазақтан шыққан кескіндемеші қыз /Г. Ысмаилова/

І-Көшпенділер трилогиясының авторы /І. Есенберлин/

Ь-Қазақстанның ең биік тауы /Тянь-Шань/

Э-Халықтардың әдет- ғұрып, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/

Ю-Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі  /Ою/

Я-Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/

Келесі бөлім «Ұлттық салт- дәстүр». Бұл бөлімде әр топ экранда көрсетіліп тұрған тақырыптардың біреуін таңдап соны қорғайды.

 

Үшінші бөлім «Сандар сыры»

Бұл бөлімде әр топ бір сан таңдайды Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

3 саны

  • Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/
  • Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
  • Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/
  • Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/
  • Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/

4 саны

  • Төрт тұлға /от, су, жер, жел/
  • Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/
  • Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/
  • Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/
  • Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/

5 саны

  • Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
  • Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/
  • Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/
  • Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/
  • Бес өсиет /Топасқа сенбе, Жауға иілме, Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба, Жарлыдан сый алма/

 

 

 

7 саны

  • Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
  • Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/
  • Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/
  • Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/
  • Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/

Ғылым

10

20

30

Өнер

10

20

30

Спорт

10

20

30

Кино

10

20

30

Төртінші бөлім «Қазақстан мәдениеті»

Мәдениетіміздің салалары бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтар қиындылығына байланысты 10, 20, 30 баллдарымен бағаланады. Сұрақтар суретті слайдтар арқылы көрсетіледі.

 

 

Ғылым

10-Қ.Сәтбаев-қазақ  геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті, академигі

      20-А.Жұмаділдаев- Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

      30-Н. Назарбаев- экономика ғылымдарының докторы

 

Өнер

10-Ш.Айманов- әйгілі актер, режисер

20-Құрманғазының күйі «Адай» 

30-Ә.Қастеев- тұңғыш суретші

Спорт

10-Б.Сәрсекбаев- «Бейжің» олимпиадасының алтан медаль игері

20-Б.Саттарханов- «Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері

Б.Тұрлыханов- грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы

Кино

10 -«Ағайынды» режисері: Ақан Сатаев

20- «Қыз Жібек» режисері: С.Қожықов

30- «Мұстафа Шоқай» режисері: С.Нарымбетов

Соңғы бөлім «Шығармашылық жұмыс». Тәуелсіздік мерекесіне байланысты копьютерді пайдаланып құттықтау дайындау.

Соңғы қорытынды сөз әділ-қазыларда.

Сайысты қорытындылау.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

Жүнісова Әсел тарих пәнінің мұғалімі

Күмісханова Балауса 11-сынып оқушысы

Ш.Қ.О.

Абай ауданы

Архат ауылы

С. Бекбосынов атындағы орта мектеп

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына» Алматы 2000 жыл

«Тарихи тұлғалар» кітабы

«Жұлдыздар отбасы» республикалық жастар журналы №19(113) қазан 2008, №3(44) ақпан 2009, №11(52) маусым 2009, №20(61) қазан 2009, №21(62) қараша 2009

«Stars» журналы №1-2(14-15) қаңтар 2008

«Япырай» журналы  №11(12) желтоқсан 2008


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» сайысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША «ҚҰТТЫ БІЛІК» интеллектуалдық сайысының ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЯРЛАМАСЫ.
Киелі жеті саны.
XXI ғасыр көшбасшысы
Ең үздік тарихшы сайысы
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
9- сынып оқушыларын МАБ-қа дайындауға арналған 150 сұрақ
ЕЛІМ МЕНІҢ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС
Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2182 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык