Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Киелі жеті саны.


Киелі жеті саны.

 Киелі жеті саны.         

Сабақтың тақырыбы: Киелі жеті саны

Сабақтың мақсаты:   Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету. Оқушының ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу тілін дамыту, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту. Танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың міндеті: Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау, шығармашылық қиялын дамытуға ықпал ету

Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Күтілетін нәтиже: Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар болады.Оқушының ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу тілін дамиды, сауаттылығын артады. Танымдық қызығушылықтарын арттыру.Талдау арқылы шығармашылық қиялын дамытады.

Көрнекті құралдар: «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» плакаты. Жүздер картасының үлгісі.

Сабақтың  барысы:  

І   Ұйымдастыру

                                   Әдебиеттік оқу сабағына әзірлік    

ІІ Үй тапсырмасын қорытындылау

                                -Шешендік сөздердің маңыздылығы    

 I .Қызығушылықты ояту.

  • Қазақтың киелі сандарынан хабарың бар ма?

Үш байлық: 1 – денсаулық, 2 – ақжаулық, 3 – қорадағы бес саулық

Үш би: 1. Үйсін Төле би. 2.Арғын Қаздауысты Қазыбек би.2. Алшын Әйтеке би

Үш жұрт: 1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт. 3. Қайын жұрт

Үш қуат: 1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.

 

Төрт тұлға: 1. От; 2. Су; 3.Жел; 4. Жер.

 

Төрт мұрат: 1. Дау мұраты – біту

                         2. Саудагер мұраты – ұту

                         3. Қыз мұраты – кету

                        4. Жол мұраты – жету

 

Төрт қорлық: 1. Шақырылмыған жерге бару

                          2. Бейбастық сөйлеу

                          3. Дұшпаннан жәрдем күту

                          4. Сараңнан қажет сұрау

 

Төрт қылыш:  1. Хәмхам. 2. Омар. 3. Оспан. 4. Әли(төрт құбыла, төрт маусым, төрт тоқсан, төрт мүлік, төрт халифа, төрт пір, төрт күнә)

 

Бес жаратылыс:        1. Күн. 2. Ай. 3. Жұлдыз. 4. Күндіз. 5. Түн.

Бес қатер:          1. От. 2. Жау. 3. Борыш. 4. Ауру. 5. Сөз  

(Бес борыш, бес қару, бес өсиет,т.б.)

(алты алаш, алты игілік, алты парыз)

II.  Мағынаны тану

  • Жеті санын естігенде,бірінші ойларыңа не келеді?

Екі өлеңді оқып, ойларын салыстыру. 

Сергіту сәті        

Жеті жетекші

  1. Адамның басшысы – ақыл
  2. Жетекшісі – талап
  3. Жолаушысы – ой
  4. Жолдасы – кәсіп
  5. Қорғаны – сабыр
  6. Қорғаушысы – мінез
  7. Сынаушысы – халық

Оқулықпен жұмыс

 

Өлеңді мәнерлеп оқу

  • Өзіңнің жеті атаңды жатқа білесің бе?
  • Отбасыңда ата тегіңді білу шежіресіне қалай қарайды? Отбасылық шежірең бар ма?
  • Жеті санына байланысты тағы қандай ұлағатты ұлттық ұғымдарды білесің?

(жеті жарғы, жеті ғашық, жеті шәріп, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті күн, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті қат жер, жеті амал)

Жеті жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба. 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала.

Жеті жоқ:

  1. Жерде өлшеуіш жоқ
  2. Аспанда тіреуіш жоқ
  3. Таста тамыр жоқ
  4. Тасбақада талақ жоқ
  5. Аллада бауыр жоқ
  6. Аққуда сүт жоқ
  7.  Жылқыда өт жоқ

III.  Ой толғау

«Бүгінгі даналық ұғымдар сабағынан не алдым?», «Не үйренуім керек?» тақырыптарына эссе жаздыру.

Көршісімен дәптер алмасу.

IV.  Сабақты қорытындылауБүгінгі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтқыз                                                    

V. Оқушылардың білімін бағалау

 Оқушыларды берген жауаптарына қарай бағалау, мақтап, мадақтау.

VI.   Үйге тапсырма.          «Бақытты адам – бай адам» немесе «Жеті байлық» тақырыбынды шығарма жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» сайысы
Санды 7-ге көбейту және бөлу.
Уақыт.
Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару
Қазақтың киелі сандары
Сан есім
Тематическая классификация идиоматических выражений
Тәуке ханның билігі және “Жеті жарғы”
Қ. Мырзалиев «Жеті»
Қазақтың киелі сандары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7109 | Қосты: Аязбаева Анар Рахматуллаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык