Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » [Р] дыбысын жекеше, буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру


[Р] дыбысын жекеше, буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру

 [Р] дыбысын жекеше, буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру

Мақсаты: [Р] дыбысының артикуляциясының жекеше, буында, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айтылуын бекіту.

Міндеті:

·         фонематикалық есту қабілеттерін дамыту, дыбыстық талдау жасай білуге бейімдеу.

·         лексико-грамматикалық санаттарын жетілдіру.

·         алынған сөздің дыбыстық белсенділігін айқындау.

·         сөздік қорын байыту және айқындау.

·         арныйы үлгі бойынша сөйлем құрау қабілетін дамыту.

·         ұжымдық жұмыс істеу қабілетін дамыту.

·         сөйлеген сөздерін өзі қадағалауға тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: буындық кесте, сөздері бар тапсырмалар, жаңылтпаштар, суретті құралдар, фишкалар, ойыншықтар. 

                                      САБАҚ БАРЫСЫ

I.  Ұйымдастыру кезеңі:

II. Жеке дыбысты түзету

– Біз кандай дыбыспен жұмыс істедік?

Балалар кезек бойынша логопедтің бақылауымен «моторларын қосады».Р-р-р-р-р-р-р

III.  [Р] дыбысын буындарда машықтандыру.

1. Буындық кесте бойынша жұмыс.

–Хормен, жекешелеп:

АР – ОР 
АР – УР
АР – ЫР
АР – ИР

Әр бала өзіне кесте алып оны оқи бастайды. Логопед буындық кестелерді таратады.

2. Белгілен буынды ерекше дауыспен айту.Үлгі бойынша көрсету.

– Буындық кесте бойынша жұмыс:

РА       РО       РУ
РА       РО       РУ
РА       РО       РУ

– Бір бірден оқу:

IV. [Р] дыбысын сөзде машықтандыру

1. «Бұл қалай?» ойыны

Логопед сөйлемдерді оқиды, балалар оның ішіндегі қате сөздерді тауып айтады және оны жазып көрсетеді.

Біздің бақшада оте әдемі ТҢҢҚУЛАЙ өседі. (ТАҢҚУРАЙ)

Апам маған туған күніме КОНСТЛУКТОЛ сатып ӘПЕЛДІ. (КОНСТРУКТОЛ, ӘПЕРДІ)

ДӘЛІГЕЛ ҚАЙСАЛДЫҢ ЖАЛАСЫН таңды. (ДӘРІГЕР ҚАЙСАРДЫҢ ЖАРАСЫН)

2. «Сұрақ-жауап» ойыны

– Біз сұрақ қойған кезде біздің дауысымыз көтеріледі, яғни стрелка жоғары қарайды.

– Ал біз жауап бергенде біздің дауысымыз төмендейді, яғни стрелка төтен қарайды.

 

3. Жаңылтпашпен жұмыс.

          ТАСҚА ҚАРА АЛА ҚАРҒА ҚОНДЫ,

          ҚАРА АЛА ҚАРҒА ТАЛҒА ҚОНДЫ.

Әр сөзге сұрақ кою арқылы, дыбысты шығара отырып  жауап береді.  Жауапты оқушылыр береді, сосын рольдерімен ауысады.

 

4. «Қарға» тақпағына қойылым жасайды

– Әр жолды айту арқылы:

Қарға, қарға, қарғалар.

Қар үстінде жорғалар.

Шаң тозаңы қағылар,

Көбік қарға шомылар.

Құндыздай жүні құлпырар,

Қызынып буы бұрқырар.

Қарқ – қарқ етсе қарғалар,

Қар үстіне қар жауар.

«Автор» және «Қарға» рольдері бойынша қойлым .

5. Ойын «Біз не білеміз, айтамыз».

Бау - бақшаның суретін көрсету.

– Омар атайда үлкен бау – бақша бар. Онда ол неше түрлі жеміс – жидектер өсіреді.
– Р дыбысы бар жемістер мен жидектерді анық атау.
– Әр аталған сөзге фишка беріледі, кім көп айтады.

Балалар оларды атап суреттерді панноға қояды.
Жеңімпаз анықталады.Суреттер алынып тасталады да, Омар атайдың бау – бақшасында қандай жеміс – жидектер өседі. Балалар  қайтадан жекелеп қайталап атайды.
 

6.  [Р] дыбысын сөйлемде машықтандыру.

Осыдан басқа да Омар атайда үй жануарлары да бар.
– Қорада қоңыр ала сиыр бар .
– «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны. Балалар хормен жауап береді.

1.      Омар атайдың үйінде не бар? … (ҚОҢЫР АЛА СИЫР)

2.      Омар атай сүтті неден алады? ... (ҚОҢЫР АЛА СИЫРДАН)

3.      Атай шөпті неге береді? ... (ҚОҢЫР АЛА СИЫРҒА)

4.      Сонымен Омар атай сүт, май, ірімшік, айранды қайдан алады? ... (ҚОҢЫР АЛА СИЫРДАН)

5.      – Ал енді балалар осы ҚОҢЫР АЛА СИЫР туралы әңгімелейікші

Тақтада  әр  сөйлемге  үлгі  жасалынады.

6.      – Маған кім ҚОҢЫР АЛА СИЫР туралы айтып береді

 

V. Жұмысты қорытындылау

«Балалар өз көңіл күйлерін салады»

– Балаларға 2 шаршы және қызыл, көк түсті қарындаш беріледі 
– Сабақ ұнаса,қалай сабаққа қатыстыңдар соны қызыл түспен бояңдар.

– Егерде сабақ ұнамаса көк түспен бояңдар.

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Пп"дыбысы мен әрпі
«Орман еңбекшілері. Қ қ дыбысы мен әріпі»
5- ке көбейту және бөлу
К дыбысы және әрпі.
Пп дыбысы мен әрпі.
Ы дыбысы және әрпі.
«C» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру
Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Л дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру
А а дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 14702 | Қосты: Тажиева Лала Токтамысовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык