Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Пп"дыбысы мен әрпі


"Пп"дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы.:Пп дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1 )Пп дыбыс мен әрпін таныту.П дыбысын қатаң дауыссыз екенін және сөз ішінде келетін орнын, буын,сөз,соңында дыбысталу ерекшелігін таныту.
2) П дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасап сөз, сөйлем құратып шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру.
3)Оқушыларды ұжымдық сыйластыққа,ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ппәрпінің баспа, жазба түрі,әріптер кассасы, суреттер,шар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Ана тілі
Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Шырылдайды қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Жаңа білім оқуға
Алға қадам аттаймыз
-Қане, балалар, көңіл-күйлерін қалай?
Олай болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын атаңдар?
Қазір күздің қай айы?
II.Қызығушылықты ояту.Ой қозғау
1.Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2.Дыбыс дегеніміз не?
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4.Әріп дегеніміз не?
5.Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
6.Мына сөздерді оқу
Үйрек ,күрек жүгері, үтік, тоғыз, күндіз, күз, түлкі,
1-топ. Мәтінді тізбектеп оқу
2-топ.Мазмұндау
3. топ.Тақпақты жатқа айту
4-топ.Сөздерді оқу
Ойын «Тез ойла, көп ойла» Ү дыбысы келетін сөздерді айту
III. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
-Балалар, біз бүгін тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін мына жұмбақтарды шешуіміз керек
Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты
(пияз)
Кесе-кесе мұқалады,
Жөни-жөни жұқарады
(пышақ)
-Балалар, пияз, пышақ сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
-П дыбысы
-Балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
-Барлығымыз П деп айтып көрейік
-пы,пы,пы
-Дыбысты созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме?
-Сонда П дыбысы қандай дыбыс?
-П дыбысы дауыссыз дыбыс
-П дыбысы сөздің басында ортасында, аяғында кездеседі
-Ендеше қандай текшемен белгілейміз?
1).Дыбыстық талдау жасау.
«Дәптер» «Кітап» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
2). «Адасқан буындар» ойыны
4-топтан 4-оқушы шығып адасқан әріптерді табады.
1.шо пі 2. то уық
ә та құн кі
кір ріп та ғыз
пар пан ү дыз
3.үй лақ 4. ұ та
мұ рек ша ғат
кір пі са на
бұ най пар шақ
3.Сергіту сәті: «Қызыл өрік»
4.Оқулықпен жұмыс
1.Шардағы буындарды оқу
2.Сөздерді буынға бөліп оқу
3.Мәтінді оқу, мазмұнын түсіндіру
Кітап білім бастауы. Кітапты оқи білу –өнер.Кітап-адамның ақылшы досы. Оны жұрт құрметтейді. Кітаптағы қызықты ертегі, әңгіме, өлеңдерді жазушылар, ақындар жазады. Суретшілер суретін салады.Кітап-ғылым білімін жемісін халық арасына жаюшы таратушы. Кітап ақылдың кені.Кітап бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.Кітап барлыұ заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Сондықтан да кітаптарымызды таза, ұқыпты ұстауларымыз керек.
5.Дәптермен жұмыс
1)Тақтаға жазу
2)Ауада жазу
3)Дәптерге жазу
6.Тақтамен жұмыс
7.Кеспе әріптермен жұмыс
IV.Ой толғаныс:Топпен жұмыс
1топ. Тиісті әріптерді табу
2топ.П дыбысын топтастыру
3топ. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
4топ Әріптерге сөз,сөйлем құрау.
-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-П дыбысы қандай дыбыс? Текшелерді көтеріңдер
V.Қорытындылау «Бес жол өлең құрау» әдісі
Не?-доп
Не істейді?- домалайды, қозғалады.
Қандай?-дөңгелек, жеңіл, әдемі.
Сөйлем-Балалар допты теуіп ойнайды.
Мәндес сөз-ойыншық
VI.Бағалау
VII.Үйге тапсырма:102 - бет оқу. «Кітапхана» туралы әңгіме құрап келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Ш"дыбысы
Өө дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Х дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5324 | Қосты: Ахметова Даметкен Қайратқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык