Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құстар әлемі және ата-баба дәстүрі


Құстар әлемі және ата-баба дәстүрі

                        Құстар әлемі және ата-баба дәстүрі

          Табиғат-бізді қоршаған орта,ол адам баласының санасынан тыс,өздігінен пайда болған болған дүние.Табиғаттың пайда болуы-адамның пайда болуына әкелді.Ата-бабаларымыз ертеден-ақ ұрпағының бойына қоршаған ортаға,табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастырп келген.Елді, жерді құрметтеу дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде беріліп «Аққудың киесі бар,киіктің иесі бар»-дей отырып,табиғат байлығын сақтауды көздейді.

Құс -  табиғат байлығы.Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы.Құс табиғат көркі.Халық күміс көмей әншісін – бұлбұлға,ардақты азаматын сұңқарға,сұлуын аққуға,жігерсіз,намыссыз жігітін жапалаққа теңеген.

       Қазақстан территориясында құстардың 489-дай түрі мекендейді.

Құстардың табиғатта да,адам өмірінде де маңызы зор:

-тұқым тарату,тозаңдандыру арқылы өсімдіктердің табиғи жолмен қалпына келуіне қатысады;

-саңғырығы топырақты  тыңайтқыш ретінде құнарландыруға қатысады;

-жыртқыш құстар өлекселерді жеп,санитарлық қызмет атқарады,табиғаттағы тепе-теңдік заңын сақтайды.

     Құстардың адам өміріндегі пайдасы:

-адамға қажетті өнімдер: ет,тағамдық азық-түлікке тауық жұмыртқасы жоғары бағаланады;

-саятшылық,құсбегілік ұлттық спорттық мақсатқа пайдаланады;

-тұрмыстық жағдайда мамығы жастыққа,үкіні жас сәбидің,әншінің бас киіміне,домбырасына тағады.

  Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі оны қорғау дәстүрі өте ерте кезден қалыптасқан.

   Көптеген мемлекеттерде әрбір жылды сол мемлекеттің аумағында кеңінен таралған және сол елдің жергілікті тұрғындарына етене таныс құс түрімен атау дәстүрге айналғаны белгілі.Осындай үлгілі дәстүр біздің елімізде де 2006 жылдан бастап қолға алынып,жыл сайын құстың бір түрі жыл құсы деп аталып келеді.

  Жыл құсын белгілеуді Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) мен Қазақстандағы құстарды қорғау қоғамының орнитолог ғалымдары ұсынды.Осындай ұсыныстардың негізінде 2006 жыл-тарғақ, 2007 жыл – қыстау қарлығашы,2008 жыл – тырна,2009 жыл – бозторғай,2010 жыл – кәдімгі қаратроғай,2011 жыл – үлкен сарышымшық, ал 2012жыл – дала қыраны (Aquila nipalensis).Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (ҚБСА) хабарламасында «Дала қыраны-қазақ даласының рәмізі.Оны бірден –ақ ажырату қиынға соқпайды,ол еліміздің көптеген аймақтарында кеңінен таралған.Бұл түрдің популяциясы азайып бара жатқандықтан ерекше көңіл бөлуді қажет етеді»,-деп айрықша атап көрсетілген. «Жүйрік ат,қыран бүркіт,ұшқыр тазы,жігіттің оған құмар өнерпазы» деп талай ақын жырлаған.

   Бүркіт – құс патшасы.Туған жердің аспанында бейбіт қалықтаған бүркіт-біздің көп ұлтты егемен мемлекіміздің асқақ,еркіндікті сүйгіш рухын қадірлейтін барлық дос халықтарға құшағын жайған дала халқының кең пейілінің символы.Белгілі суретші Шәкен Ниязбеков күн нұрын төккен,ашық та көк аспан астында қазақ халқы осы қасиетті қыран құсындай самғасын деп көк байрағымызға қыран құсын бейнелеген.Батылдық пен ерліктің,қуаттылықтың нышаны. Бүркіттің сыртқы тұлғасына қарағанда да, «жайдың оғындай» өткір көзқарасынан да айқын сезіліп тұрады.Расында бұл құс айбындылықтың әрі асқан байсалдылықтың үлгісі.Орыс халқы бүркітті «құс патшылығына» теңесе,қазақ халқы да ер жігіттің арманы  «қыран бүркіт,жүйрік ат» дейді.Бүркіт  күш- қуаттың,қырағылықтың,алғырлықтың,тәуелсіздіктің,игіліктің тұлғасы ретінде көптеген мемелекеттердің елтаңбасы мен теңгелерінде ерте заманнан бері бейнеленіп келеді.Біздің қазақ халқы қыран құстарды киелі деп көп аулап,ұстамайды.Оларды қорғайды.

   Ел ауған «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» кезінде Төле би қасиетті жұртын қимапты.Сонда жоңғар қолбасшысы Төле биден көшпей қалуының сырын сұрапты.Сонда Төле би: «Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салыпты.Ол жер бетін топан су басқанда Нұх пайғамбардың кемесін сақтап қалған.Адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді.Осындай киелі құстың ұясын бұзып,балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмаймын».Төленің ғажайып болмысын,әділ шешімін таныған жоңғар қолбасшысы шын әулиенің өзі екен-деп өзіне де,еліне де көз алартпапты.Қарлығаш-жақсылықтың жаршысы,бақыттың басшысы,тіршіліктің иесі деп,олардың ұясын бұзбауға,балапандарын жәбірлеп,өздерін өлтіруге рұқсат етпеген екен.

  Аққу-қаздар – ежелгі түріктер мен қазақтардың тотемі (аң-құстарға табыну)болған.Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болған.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөлде жығылып,жалғыз қалады.Шөлден әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір аққу ұшып келіп,аузына су тамызып,оны өлімнен құтқарған.Аққуды халқымыз махаббаттың символы санаған.Аққу –киелі құс,оны өлтіру күнә, адамға бақытсыздық әкеледі деген діни наным қалыптасқан.Аққудың сұлулығына бас иген ақын-жазушылар өздерінің шығармаларында көп жырлаған.

    Үкіні қазақ халқы ежелден –ақ қасиетті,әрі киелі құс деп есептеген.Үкі қауырсындарынан түрлі әшекей бұйымдар жасап,бас киімдерге,домбыраға,тұскиізге,күймеге,бесікке,жас сәбилердің киімдеріне,бәйге аттарына және ұзатылатын қыздардың көрпе-жастықтарына таққан.Қазіргі кезде үкі қауырсындарын жеңіл автокөліктердің ішкі маңдайшасына іліп қою жиі кездеседі.Үкі қауырсындары тұрған жерге пәле-жала жоламайды,әрі сұқ көздерден сақтайды деген сенім қалыптасқан.

   «Мал атаулыдан марал кербез болса.құс атаулыдан дуадақ кербез» деп ата-бабамыз ежелден дуадақтың тегін құс емес екендігін байқаған.ХІV-ХV ғасырда өмір сүрген халқымыздың көрнекті шипагер ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты әйгілі еңбегінде кездесетін «дуадақ сілікпесі»,  «дуадақ нілнәрі» және  «дуадақ қарақ» деген ұғымдар дуадақ етінің шипалы қасиеті бар екендігін аңғартады.Дуадақтың еті өте дәмді болғандықтан,ертеде көп ауланған.Қазіргі кезде араб шейхтары дуадақтың еті адамға күш-қуат береді деп,көптеп аулауға ұмтылады.

   Дегелек құсын көптеген түркі тілдес халықтар «ләйлек» деп атайды.Дегелек сөзіне қатысты көптеген сөз тіркестері кездеседі.Мысалы, «дегелек келді,жаз болды,бала-шаға мәз болды» деген мәтел нақты дәлел бола алады.Бұл құстар бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,әрі қасиетті құс деп есептеледі.

       Табиғатты сүю,қорғау,жануарларды ,құстарды қамқорлыққа алу,оларды қасиетті,киелі деп бағалау,құрметтеу ата-бабамыздан қалған дәстүр,өсиет.Сондықтан табиғатты қорғау-бәріміздің міндетіміз.

               


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құстар – біздің досымыз
«Қош келдің, қанатты достар!»
Құстар -біздің досымыз
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Қара торғайым келдің бе?
Тіршілік ғажайыптары
Қанатты дос-табиғаттың тартуы
Құстар – біздің досымыз
Құстарды топқа бөлу
Бозторғай – дала сәні
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2950 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык