Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіршілік ғажайыптары


Тіршілік ғажайыптары

Тақырыбы: Тіршілік ғажайыптары

Мақсаты: Оқушыларға құстар туралы мағлұмат беру,сыртқы түрін, түсін ажырата білуге үйрету,дүниетанымын кеңейту,табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу. 
Сабақ түрі:   Сайыс
Сайыс жаспары:  1.Таныстыру (топ аты,ұраны);
                                 2.”Кім көп біледі?” (сұрақ-жауап);
                                 3.”Жұмбақ құс” 
                                 4.”Сөз тапқанға қолқа жоқ”
                                 5. Құстар, құстар сызылтып ән салады
  6. Қорытынды.
Сайыстың барысы:  1.Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз:
      Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерді көктемгі құстар мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі «Тіршілік ғажайыптары» атты сайысымызды ашық деп жариялаймын.
      Қазақ халқының жақсы салт-дәстүрлері өте көп.Оның ішінде жан-жануарларға байланыстылары да бір  төбе.Ата-бабаларымыз құстарды қалай бағалаған десеңізші!Үйге қарлығаш ұшып келсе,ежелден жақсы ырым саналған.Ол шаңыраққа бақыт әкеледі.Ұя салып,балапан басып,олардың қанаттары қатайып ұшқан кезде ғана қазақтар үйін жығып,көшуге бет алған.Еліміздің тарихында ерте кезден-ақ бүркіт-құс патшасы,қыран дегеніміз-ұлылық,ар-намыс,еркіндікті сүю, бостандық, өрлік, асқақтық, биік, ойлау, қырағылық деп саналған. Аңға құс салу қазақ тұрмысының қайталанбас ерекшелітерінің бірі.Қазақтар аққуды киелі санайды.Аққу-сұлулықты,тазалықты,қайырымдылық пен махаббатты паш етеді.
       Ендеше бүгінгі сайыстың жоспарымен танысайық.
Сайыстың алғашқы кезеңі топтардың таныстыруына береміз.
                                       Сайыс деген-сын сабақ,
                                       Сұрақты шешіп ойна,күл.
                                       Білімдіден мол талап,
                                       Күтіледі,оны біл!
    «Кім көп біледі?» кезеңнің сұрақтарына жауап береміз.
1-топтың сұрақтары:
1.Қазақ ертегісінде айдаһармен арпалысқан құс?   (қарлығаш)
2.Құстардың негізгі мекені не? (ұя)
3.Қандай құс хат тасушы атанған?  (көгершін)
4.Құсты аңға салу үшін баптайтын адам?  (құсбегі)
5.Сөйлей алатын қолға үйретілген құс?    (тотықұс)
6.Киелі құс?    (аққу)
7.Қай құста мүлде ұя болмайды?  (көкек)
8.Қыздардың бас киіміне қауырсынын тағатын қасиетті құс?  (үкі)
9.Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс?   (колибри)
10.Орман санитары?   (тоқылдақ)
2-топтың сұрақтары:
1.Түнде ұшатын құс?  (жапалақ)
2.Абайдың аңшылыққа байланысты өлеңі?  (Қансонарда)
3.Әлемдегі ең үлкен құс?   (түйеқұс)
4.Жұмыртқасы мен еті пайдалы құс?   (тауық)
5.Сайрағыш орман құсы?    (бұлбұл)
6.Қазақстандағы қорықтар саны?  (9)
7.Бейбітшілік символына айналған құс?   (көгершін)
8.Ең алғашқы көктем жаршысы?  (қараторғай)
9.Н.Тілендиевтің күйі қай құстың атымен байланысты?  (Аққу)
10.Еліміздің тауында бейнеленген құс?     (бүркіт)
 
         Құстар ертеден қанат жайып тараған.Археоптерикс-ең ежелгі арғы тегі,қоршаған орта жағдайларына бейімделген жаңа түрлер пайда болған.Қазір құстардың 8600-ге жуық түрлері,Қазақстанда 500-дан астам түрі бар.
   
Сайыстың келесі кезеңі “Жұмбақ құс”
1. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. 
2. Көкек- Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек. Дене тұрқы 25 – 40 см. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.
Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты.
3. Пингвиндердің дене тұрқының ұзындығы 91 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Жақсы жүзеді, сүңгиді, жарғақты саусақтары мен қысқа құйрығы руль қызметін атқарады. Жағалауға, мұз үстіне секіріп шығып, құрлықта көбіне екі жағына теңселе адымдап, баяу қозғалады, қар үстінде бауырымен сырғанайды. 
4. Аққу – ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тез уйренетін құс. Қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді. 
Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар. Аққудың тусі ақ, салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегенде үйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзын мойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді. 
Қазақ  халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдар алады және ол маңда адамның болуын уната бермейді. Сондықтан да халқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді. 
5. Көгершін құсы. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Ұясында  1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. 
6. Тоты құстар  350-ге жуық түрі бар. Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Өмір жасы да ұзақ, 70 жыл өмір сүреді.  Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ең жақсы сөйлейтін  жако (сұр) тотысы. Қораздары  мекиендерге қарағанда жақсы сөйлейді. Африканың сұр тотысы ретінде танылған жако тотысы ең зерек тоты болып табылады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алу қабілетімен ең тартымды құс болып саналады. 
  
 
1. Торғай-адамдардан жасқанбай, кез келген жағдайға бейімделе алатын шағын денелі шуылдақ құс. Торғайлар өте пайдалы құс, жаз айында жасыл желекті көптеген зиянды бунақденелілерден арылтады. Ең кішкенесі-17-28г, бұлар-отырықшы құстар.
2. Тырналар - далалы және батпақты жердің барлығында да кездеседі. Бізде тырналар  тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиірек кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы-120 см,  салмағы 6 кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. ¥я-ларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2—3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады.. Сибирьде, Қазақстанда ақ тырна немесе стрех (G. Іеисоgегапиs) деген түрі мекен етеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары .
3. Павлиндер, тауыстар.  Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Қоразының дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Олар  Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
4. Қарға — дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бірсыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік етеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа — қүзғын. қарға, қара қарға, ұзақ, сауысқан, самырсын қус, ақтұмсық, қара қарға және қоргаторғайлар жатады.
5. Шағалалар- суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар. Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі.
 
6. Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады.   Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген. Смотреть Порно Украина бесплатно.
Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. 
 
   Құстар біздің досымыз,
   Құс ұясын бұзбаймыз...
   Ей,балалар,балалар,
   Аман болсын аналар.
   Құстарда да ана бар,
   Құстарда да бала бар
   Кім сүймейді баласын,
   Осылар еске түскенде.
   Ойыңда әбден піскенде.
   Бір ойланып қаласың.
   Тырнақтай құстың жауы көп,
   Құрулы ажал,ауы көп.
   Балалық қып қызбайық,
   Құс ұясын бұзбайық.
 
Сайыстың келесі кезеңі   “Сөз тапқанға қолқа жоқ”
  
“Тоқылдақ” “Қараторғай”
Тоқ,оқ,ық,тоқы, Қар,ақ,ар,тор,тоғай,ай,
дақ,ақ,тақ,қыл, ор,орақ,ат,тарақ,айғақ,
от,қатық,қақ,одақ. орай.
 
 
Құстарға қарап адамдар табиғаттың ерекшелігін болжап отырған.
1.Ұзақ пен қарлығаштың ерте ұшып келуі-ерте көктемнің белгісі.
2.Егер қаздар асығып ұшып бара жатса,қар ерте жауады.
3.Егер тырналар оңтүстікті бет алып ұшса,онда 14 қазанда алғашқы аяз болады,ал ол бағытқа ұшпаса,суық 12 қарашаға дейін түспейді.
 
Келесі кезең “Құстар, құстар сызылтып ән салады...”  Поэзия минуты Табиғатты сүйіңдер,
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіңдер.
 
Атадан қалған асыл мұра.
Ал,балалар қарағым
Қалдарыңды жая қой
Ақ батамды ала қой
Жаратқан алла сендерге
Тотының сәнін берсін,
Бұлбұлдың әнін берсін,
Бүркіттің қырағылығын,
Сұңқардаң әдемілігін берсін.
Аққудың махаббаты мен іңкәрлігін берсін,
Ең абзалы жасын берсін,
Әр ісің қарлығаштай жылдам болып,
Барлық құстардың еңбекқорлығын берсін,
Ақылды ұл-қыз болып өсуіңе
Құдай қолдап,аруақ оңдасын!
Әумин! 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құстар – біздің досымыз
«Құстар келді өлкеге»
Құстар -біздің досымыз
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар
Қара торғайым келдің бе?
Құстар тарауын қорытындылау
Қанатты дос-табиғаттың тартуы
Құстар – біздің досымыз
Құстарды топқа бөлу
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3762 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык