Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз»


«Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз»

 «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» 

Мақсаты: ұлттар достастығын күшейту және жастар арасында патриоттық сезімде  

                  тәрбиелеу;

- Фанфары

- Күй әуені

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен  оқушылар, сіздердің назарларыңызға Халықтар ынтымақтастығы күніне арналған “Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз” тақырыбындағы 5-7 кластар арасында өткізілетін сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі мерекемізде біз 3 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

            Әнұраным – жан ұраным,

            Айтар әнім – сөйлер сөзім,

            Туған жерім – сағынарым,

            Мәңгі бақи шырқалады

            Республика әнұраны.         

(ҚР мемлекеттік Гимні орындалады)

 

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

 

2-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

 

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

2-жүргізуші:

            Қазақтың қасиетті даласында

            Думанда ауыл аймақ арасында

            Қызықтап көрермендер жиналыпты

            Қошемет көрсетуге баласына, - дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы ұлттарды  ортаға шақырайық

 

1 жүргізуші:

Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы  әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:

  1. Мектеп әдіскері Ерғалиева Мөлдір Төлегенқызы
  2. Музыка пәні мұғалімі Мектепова Зәуре Құлтанқызы
  3. Еңбек пәні мұғалімі базарбаев Медет Сәрсенбайұлы

 

2-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін, деген тілекпен біз әрі қарай сайысымыздың кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

  1. Таныстыру
  2. Өз өнерін көрсету
  3. Сұрақ-жауап
  4. Үй тапсырмасы

 

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

                       Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

                       Татулығын жырға қосам ұлттардың,

                       Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Кешімізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.

(Сайысқа қатысушы ұлттар өз тілдерінде топтарын таныстырады)

 

2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

                       Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

                       Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

                       Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деген тілекпен, ұлттарымыздың дайындап келген өнерлерін тамашалаңыздар!

(Сайысқа қатысушы әр топ өз ұлттарының өнерлерін көрсетеді)

 

1-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Назия Қасымқызы. Ендеше, апай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

 

2-жүргізуші:                     

            Ортақ мекен жер шары,

            Төбемізде бір аспан.

            Барлық ұлттың баласы,

            Достығымыз жарасқан, - дей отырып сұрақ-жауап кезеңіне де жеттік

(Сайысқы қатысушылар сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді)

 

1-жүргізуші:                          

            Ортақ бізге бір Отан,

            Ортақ жердің байлығы.

            Еңбек ортақ, жыр ортақ,

            Ортақ бізге барлығы, - дей келе сайысымыздың ІҮ кезеңі үй тапсырмасы

(Әр ұлт өздерінің қолдарынан шыққан ұлттық бұйымдарын немесе тағамдарын көрсетеді )

 

2-жүргізуші:                        

            Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

            Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

            Елім менің биіктігі шарайнам,

            Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған.

 

1-жүргізуші:                       

            Ағайын-туған – бар адам,

            Адалдық үшін жаралған.

            Бар қымбат туыстық,

            Баянды болсын тыныштық!

Бүгінгі  «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты сайыс жеңімпаздарын матапаттау рәсімін әділқазыларға береміз. 

(Сайысқа қатысушылар марапатталады)

 

2-жүргізуші:                    

            Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

            Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

            Қайталанып, жаңарып айтылады,

            Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

 

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты сайысымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тілді сүйсең менше сүй
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ
Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта
Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ
Қазақшаңыз қалай?
Ұлттар достығы атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 5853 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык