|
|
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туын көтеру
- ҚР әнұраны
5. Мектеп директорының құттықтауы
6. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары
7.Ата-аналар атынан құттықтау сөз
9.Алғашқы қоңырау салтанаты
10.Қорытынды сөз
11.Оқушыларды мектепке кіргізу
Өтетін күні: 01.09.2012
Уақыты: 09.00
Сыныптар: 1-11 сыныптар
8.30 – Музыка жіберу
8.50 – Сапқа тұрғызу
09.00 – фанфары жіберу
Жүргізуші:
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын! «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиынымызға қош келіпсіздер! Тәуелсіздік алған мемлектеттердің ең алғаш жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сайлап алу. Бүгінде өркендеп өсіп келе жатқан жас мемлекетіміздің рәміздеріне 20 жыл толып отыр. Алғашқы әнұранымыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданған болатын.Ал жаңа өңделген нұсқасы 2006 жылы қабылданды. Авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
Сіздерді Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерінің 20 – жылдығымен құттықтаймыз!
Әнұраным, әнұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім , сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Бақыт,бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні.
Мәңгі - бақи шырқалады,
Қазақстан әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру Қарабұлақ орта мектебінің 11 классының озат оқушысы Зейнекен Сағынышқа тапсырылады!
Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!
ҚР әнұраны орындалсын!
Айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ. Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымыз ашық деп жарияланады!
Бүгінгі жаңа оқу жылы мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз кезегін Қарабұлақ орта мектебінің директоры Жақас Тоғызбай ағайға береміз!
Білім күні мерекесіне құрметті қонақтарымыз қатысып отыр:
1) Аудандық білім бөлімінің бас маманы Адай Шәріп ағайға:
2)
3)
4) Сонымен қатар мектебіміз биылғы оқу жылында жас мамандармен толығуда.Солардың бірі мектебіміздің түлегі Неталина Шамшырақ.Ендігі сөз кезегін жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатуға дайын келген жас мамандарға береміз!
Жүргізуші:
Қазақстанның Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күні, оның аясында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Матаның сол жолағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Күн шұғыла, өрнек және қыран бейнесі – алтын түстес. Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков. Еліміздің Мемлекеттік Туы мемлекттік мекемелерде қолданылады.
Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құстың үні бар.
Ою басқан мөп – мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген Туы бар.
«Атамекен» хор: Мектебіміздің 7 кл оқушылары
Жүргізуші:
Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған.Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан.Ал төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар.Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Маңдайдан жұлдыз туып тұр,
Қуат отын қоздырған.
Хас тұғырға қондырған,
Қазақстан – ұраным!
Би «Қазақ биі» орындайтын: Тайберен Асылайым
Жүргізуші: Ертеңгі егеменді ел иесі – бүгінгі ұрпақтар.Тәуелсіз елдің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы дені сау,жаны таза, саналы да, білімді , білгір азамат болуы тиіс. Ендеше мектеп қабырғасына енді аттағалы отырған мектепалды даярлық тобын Амантурлиева Динара бастап барады.
Қол соғып қошеметтеп отырайық !!!
Мектебіміздің 1 сыныбын білім әлеміне Сабыр Айман бастап апарады.
(1- сыныптардың тақпақтары)
1 - оқушы
Мектеп, мектеп!
Төңіректеп
Жүруші едім мен кеште, Ерсұлтан
Сұраушы едім,
Жылаушы едім ,
Әпкем кітап бермесе.
2 - оқушы
Келді ,міне, қоңыр күз, Ерлан
Келді қағып қоңырау.
Мектеп – ана, жылы жүз,
Ашты құшақ омырау.
3 - оқушы
Жадыраған күн қандай,
Алып ұшып мен жеттім.
Гүл құшақтап тұрғандай, Динара
Кең ауласы мектептің.
4 - оқушы
Қағылды зор қоңырау , күмбірледі,
Аралап айлық ,жерді күндік жерді. Аружан
Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.
5 – оқушы
Қадірлі мектеп, бұл мектеп,
Оқыған ата – анамыз.
Атыңды сенің құрметтеп, Гүлзиям
Әрқашан еске аламыз.
6 - оқушы
Жеті жасқа келгенім-
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап, Нұрлан
Мектебіме жеткенім.
7 – оқушы
Күлім қағып көкте күн,
Тал шыбықтай көктедім.
Әлдилейді анамдай, Гүлжайна
Мейірімді мектебім.
8 – оқушы
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін, Азамат
Біз оқушы боламыз.
9 – оқушы
Сап түзедік бәріміз,
Бес ұл менен алты қыз.
Бүгінгі бұл бір сын ғой. Мадина
Алдағы өмір жолында.
10 – оқушы
Нұр шашып тұр көкте күн,
Өмірімнің көктемін.
Гүлдендірем деп келем, Нұржайна
Алтын ұя мектебім.
11 – оқушы
Мектеп деген жақсы екен,
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен, Елдос
Әдемілеп жазғанды.
Жүргізуші:
Ата-ана болу үлкен сын,
Бала өсіру ұлы өнер.
Жақсылардың соңынан,
Жарқын қыз бен ұл өсер.
(1 сынып ата-аналарының құттықтау сөзі)
Ән «Мектебім» Орындайтын: Алтынбай Нұрғиса 5 кл оқушысы
Жүргізуші:Егемендігі мен Тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай шара болған жоқ.Себебі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрын оның құрамына енген , енді дамудың егемендік жолына бағыт ұстанған әрбір республика үшін , соның ішінде Қазақстан үшінде өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық бизнесі пайда болып, өзгерістерді бейнелейтін идеологиялық қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды.Ал, Конституция болса осы негіздердің тірегі болып қызмет атқаруға тиіс еді. Сөйтіп Қазақстанда 1993 жылы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш Конституция қабылданды.
Бұл Конституция өтпелі сипатта еді. Сондықтан 2 жылдан соң жаңа Конституцияны қабылдау қажеттілігі туралы мәселе қойылды.Қазақстан Халықтары Ассамблеясында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ Ата Заңның басымдылықтарын баяндап берді.1995 жылдың 30 тамызында Бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануын еліміздің негізгі Ата Заңы Конституция мемелекетімізге, оның органдары мен ұйымдарына, бүкіл республика жұртшылығына қызмет етуін атап өтуге тұрарлық алғашқы бір мерейлі мәжілісіне жетті. Қ.Р Конституциясы 98 бапты өз бойына қамтитын 9 бөлімнен тұрады.Сіздерді Ата Заңымызға 17 жыл толу мерекесімен құттықтай отырып,алғашқы қоңырау салтанатымызды жалғастырамыз!
Ән:«Алғашқы қоңырау соғылсын» Орындайтындар: Бақтыбай Жарқыра
Өтес Гүлбақыт
Жүргізуші:2012 жылғы маңызды оқиғалардың бірі - Ұлыбритания елінде ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарының өтуі. Әлемдік доданың шілде мен тамыз тоғысатын тұсқа отыз алты жылда бір айналып соғатын қасиетті оразамен тұстас келгені Қазақстанды қуанышқа бөледі. Еліміз спортшыларын жаһандық жарыстың биік тұғырына көтерген осынау жүлделердің 7 – еуі алтын, 1 – еуі күміс және 5 – еуі қола медальдар болып шықты.Әлем елдерінің алдында көк Туымыз 7 рет желбіреп, Әнұранымыз 7 рет шырқалды!
Жарасқан байрақтың мәні бар:
Көк аспан,күн,қыран - сәні бар.
Көк байрақ – ашық көк кең ісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Көкбайрақ күш беріп әр істе,
Ерлерді жеткізген жеңіске.
Желбіреп тұр байрақ аймақта,
Елжірей қараймыз байраққа.
Киелі байрақта аруақ ,бақ:
Иеді басын ел ардақтап.
Көк туды қастерлеп сүйіп те,
Көтеріп ұстаймыз биікке.
Ән «Көк тудың желбірегені ...» хор орындайтын: Мектебіміздің оқушылары
Жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет жас ұлан,
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап,
Бөбекті жиды маңына.
(Алғашқы қоңырау салтанаты)
Жүргізуші:Жаңа 2012 – 2013 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсіміне 11 сынып оқушысы Тойлыбайұлы Нұрлыбек пен 1 сынып оқушысы
Аманжолқызы Аружан ие болып отыр.
Жүргізуші:
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысыни
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға малынсын.
Сәулелі сөз сөне ме?!-
Орны бөлек батаның,
Бізге , тәлім, өнеге –
Ақ тілеуі атаның - деп ата – аналардың ішінен бата сұралады.
................................
Жүргізуші:Қымбатты ұстаздар, ата – аналар мерекелеріңіз құтты болсын!Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін.Бүлдіршіндер білімді де білікті азамат болсын! Осымен алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынымыз жабық деп жарияланады!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |