Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ ғарышкерлері :Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев


Қазақ ғарышкерлері :Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев

Қазақ ғарышкерлері :Тоқтар Әубәкіров пен  Талғат Мұсабаев

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ғарышкерлері :Тоқтар Әубәкіров пен  Талғат Мұсабаев

Сабақтың мақсаты:  1)Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер жайлы таныстыру, ғарыш  айлағы   космос жайлы ұғымдарын кеңейту.

2) Сөздік қорларын, дүниетанымын, тіл байлығын дамыту, грамматикалық тапсырмаларды орындау.

3) Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: презентация.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Лексикалық кезең. Миға шабуыл. ҰБТ-ге дайындық.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Үнді дауыссыздар нешеу 7.
  2. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшелері бар (3)
  3. Құрмалас сөйлемнің түрлері: (сабақтас, аралас, салалас).
  4. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы: (Жетісу)
  5. Бірінші қоңырау қашан соғылады: 1 қыркүйекте.
  6. Көп тіл білетін адамды қалай атайды? Полиглот
  7. Өнер алды - ... тіл. (қызыл)
  8. Қазақстандағы қасиетті жер. (Түркістан).
  9. Асыл тастармен жұмыс істейтін адам. (Зергер).
  10. Сын есімнің сұрақтары? Қандай?, қай?
  11. «Невада- Семей» қозғалысының басшысы? (Олжас Сулейменов)
  12. Мезгіл пысықтауыштың сұрағы? ( Қашан?)
  13. Үй тапсырмасын тексеру
    - Үйге қандай тапсырма берілді?

Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?

Өз ойларын сұрау.    Кластер жасау.

- Ғарыш айлағы дегеніміз не?

Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма? Қалай аталады? (Байқоңыр).

Сұрақтарға жауап беру мәтін бойынша

  1. Ғарыш құрамдас бөліктеріне не жатады?( жұлдыздық жүйелер галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң тозаң мен газ шоғырлары , әлемнің түкпір түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады.
  2. Жерді қоршаған бүкіл дүние  қалай  аталады?( Ә лем немесе  Ғарыш)
  3. Оның Әлемдегі орнын қысқаша қалай өрнектеуге болады?
  4. Ғарышқа қашан жол ашылды ?( 1957 жылы 4  қазанда. )
  1. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында  бірінші рет  Ю. Гагарин ғарыш кемесімен
  2. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық  станциялар да бар.
  3. Жаңа тақырып: 

  Сонымен, балалар біз Ю. Гагарин адамзат баласынан бірінші болып ұшты. Ал біздің қазағымыздың ішінен шыққан ғарышкерлерді білесіңдер ме? Ия, дұрыс. Тоқтар Әубәкіров кейін Талғат Мұсабаев ағамыз ұшты.  Тақырып  былай аталады.Қазақ ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

Ол кісілер батыр да ержүрек жандар. Біздің мақтанышымыз, еліміздің даңқын дүние жүзіне шығарған адамдар.

А)      Мәтінмен жұмыс

    Тоқтар  Әубәкіров  1946 жылы шілденің 27-де Қарағанды  облысы Қарқаралы  ауданында  дүниеге  келген.  Ұлты –қазақ. Білім  жоғары.

  Техника ғылымдарының  докторы, академик авиация генерал-майоры,1965- 1969 жылдары  Армавир әуе қорғанысы  ұшқыштарының  жоғары  әскери  оқу орнында  оқыған, ұшқыш-инженер.  (слайдтар арқылы  суреттер  көрсетіліп тұрады)

 1991 ж 2 қазанда  Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы.

Талғат Мұсабаев  Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында 1951 жылы. қаңтардың 7-сінде туған.

1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлерік институтын бітірген, инженер.

1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.

1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп, азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.

1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған

 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануыда. Әскери әуе күштерінде. 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2001—2005 жж. Ресей ғарыш мекемесінде. 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.

2007 жылдан бастап  — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.

     Ә) Кластер жасайық:

Қорытынды :

Деңгейлік тапсырмаларды орындау:

1- деңгей

Сұрақтың дұрыс жауабын сәйкестіріп қою керек:

  1) Жердің табиғи серігі ..                                А)  (9)       

  2) Біз тұрған планета қалай аталады?     Ә) (ай)

  3) Ғарыш идеясын жүзеге асырған ғалым   конструктор?     Б) ( Жер)

  4) Күн жүйесінде қанша планета бар?                  в) С.П. Королев

   Дұрыс жауап :

  1.ә   2.б   3.в  4 а

2- деңгей

Синтаксистік талдау жасау:

Ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіреді және ондағы ауа мен топырақты зерттейді. (құрмалас, хабарлы, салалас құрм,сөйлем, жалғаулықты, ыңғайлас сал, құрм, сөйлем).

3 – деңгей

  «Менің қиялымдағы  ғарыш»  тақырыбында  эссе жазу.

   Грамматикалық кезең.  ҰБТ-ге дайындық.

Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса

Биыл  шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр мол болды.

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғарыш туралы алғашқы түсінік Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер
Ғарышкері қазақтың
Ғарышты игеру
Ғарыштық зерттеулердің бүгіні мен ертеңі
Ғарышқа саяхат
Ғарыш және Қазақстан
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш әлемі
"Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!"
Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 13164 | Қосты: Молдоназарова Сәуле Ментайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык