Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақша дегеніміз не?


Ақша дегеніміз не?

Ақша дегеніміз не?

Тақырыбы: Ақша дегеніміз не?

Мақсаты:оқушыларға ақша туралы түсінік бере отырып,ақшаның пайда болуы,ақша қызметтерін айтып түсіндіру,ақшаны үнемді жұмсауға, экономиканың дамуына өз пайдасын тигізуге үйрету;

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих,герграфия т.б.;

  Ақша—тауар мен өнім құнын бейнелейтін балама.Ол әр мемлекетте әртүрлі аталғанымен,негізінде сауда-саттық кезінде құн өлшемі ретінде пайдаланылады.Мәселен,Ұлыбританиядағы ақша өлшемі—фунт-стерлинг, Венгрияда—форинт,Германияда—марка,Қазақстанда—теңге,Қытайда—юань,Ресейде—рубль, Өзбекстанда—сум,Қырғызстанда—сом,Түрікменстанда—манат, АҚШта—доллар деп аталады.Сонымен қатар,кейбір ақша өлшемдері бірнеше мемлекеттердің ақша қатынасында жүреді.

    Алғашында әртүрлі тайпалар мен халықтарда ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болатын тауарлар қолданылған. Мәселен,кейбір халықтарда мал,аң терісі,тұз,шай—ақша орнына жүрген.

    Ресей империясының қол астына өтпей тұрғанда кең байтақ қазақ даласының көптеген жерлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей эквивалент ретінде—тоқты немесе саулық қой пайдаланылды.ХХ ғасырдың басына дейін  орын  алған болатын.

   Одан ертерек замандарда сауда-саттық үрдісінде ақша өлшемін—бағалы аң терілері атқарғаны туралы деректер бар.Ол жөніндегі мағлұматтар кейбір ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Мәселен,филология ғылымының кандитаты В.Вакуров ертедегі Русьте ақша орнына бағалы аң терілері,оның ішінде жалпыға бірдей балама ретінде «куница» деген аңның терісі қолданылған деп жазады.Осыған байланысты ол орыс тілінде ақша мағынасында қолданылған «кун» сөзі пайда болған деген пікір айтады. «Кун» сөзі «куница» деп аталатын аң терісімен байланысты.Ал осы куницаның қазақшасы «сусар» екен.Қазақстанда бұл аңның екі түрі кездеседі.Ол оңтүстік Орал сусары және Орта Азияның тау сусары.

   Орыстың «куны» сөзі қазақтың «кұны» сөзімен бірдей.Яғни қазақ жерінде «құндыз» деп аталатын аң бар. «Құндыз» деп аталатын аң терісі ақша орнында жүрген.Құндыз сөзінен «құн» сөзі шыққан.

  Ертеде ақша жоқ кезде айырбас сауда болған.Адамдар өзіне қажет тауарды екінше бір тауармен айырбастаған.Келе-келе айырбасталатын екі тауардың құны тең келмейтіндіктен ақша ойлап шығарылған.

   Көшпелілерде өте кең тараған айырбас тауары--мал және мал терісі еді. Латын тіліндегі «пекус»--«мал», «пекуния»--«ақша» деген мағынаны білдіреді.Бұл мысал Еуропа халықтарының көшпелі малшы тайпалармен тығыз байланыста болғанын білдіреді.Келе-келе металдан ақшалар жасала бастады.Олардың сапасы құрамындағы алтынға байланысты болды.Таза алтыннан жасалған монетаны парсы патшасы Дарий шығарғандықтан, ол «дарик» деп аталды.

    Ақшаның бірнеше қасиеттері мен атқаратын қызметтері бар.

    Ақшаның қасиеттері:

   Тұрақтылық—ақшаның құны бүгін де ,ертең де азды-көпті бір деңгейде болуы керек.Ақшаның құны құбылып тұратын заманда халық оны құны қымбаттайды деген үмітпен кейінге алып қоятын немесе ертең құнсызданып кетеді деп дереу жұмсау жіберетін.Бұл екі жағдайда экономикаға кері әсерін тигізеді.Сол себептен ақшаның тұрақтылық қасиеті болу керек.

    Жинақылық—қазіргі кезде ақша көлем жағынан шағын,әрі адамдар өзімен бірге алып жүру үшін жеңіл болу керек,мәселен, шар,тас,стол пішіндес болса,онда адамдар өзімен бірге алып жүре алмайды немесе қалтамызға не сумкаға сыймас еді,сол себептен ақшаның жинақылық қасиеті болады.

   Көпке шыдауы—ақша жасауға таңдап алынған материал жеткілікті дәрежеде берік,ұзаққа кететіндей мықты,жарамды болу керек.Осыған байланысты көптеген елдерде ақша жасауда сапалы қағаздар пайдаланылады.Мәселен,кәдімгі қағаздан не салфеткадан жасалған болса,онда ақша қолға бір ұстағаннан жыртылады да, жарамсыз болып қалады.

   Біртектілігі—қандай да бір бағаға ие ақша түрлері құн жағынан бірдей болу керек.Егер жүз теңгелік қағаз ақша монета түріндегі жүз теңгемен құны бір болмаса,бұл жағдайды қиындатып жібереді.

Мәселен,айналыстағы мың теңгемен жаңадан суреті өзгертіліп шығарылған мың теңгенің құны бірдей болады.Екеуіде айналыста қатар қолданылады.

    Бөлінгіштігі—ақшаны бірнеше бөлікке бөлуге болады.Он мың теңгелік ақшаны ұсақтауға болады,ал қойды не түйені бөліп ала алмайсың.Сондықтан ақшаны ұсақтап,қайтадан ірілетіп алуға болады.Ал егерде,ақша ұсақталмай не іріленбейтін болса,онда адамдар он мың теңге,бес мың теңгелерді ұстамас еді.

   Танымдылығы—ақша жалған жолмен жасау қиын және тез танылатындай айырым белгіге ие болуы керек.Ақшада ондай белгілер болмаса,онда адамдар қолдан жалған ақша жасап алар еді. Біздің қолданыстағы теңгелерде көзге көрінетін және саусақтың ұшымен танылатындай қасиеттері бар.Екіншіден банктерде ақшаны жалған ақшадан айыратын аппараттар бар.Сол себептен ақшаны жалған ақшадан айыра танып білуі қажет.

  Ақшаның атқаратын қызметтері:

    Айналым құралы—ақша үнемі айналыста болу керек.Егерде адамдар,мекеме,тіпті мемлекеттің өзі де ақшаны айналысқа шығармай сақтап отырса,онда елде дағдарыс болуы ықтимал.Ақша айналысқа түскенде ол көбейеді және сауда-саттықта жақсы қозғалады.

    Құн өлшемі—ақша қандай да бір тауардың құнын көрсетеді. Мәселен он жұмыртқа жүз елу теңге тұрады,айырбас саудада біз жұмыртқа құнына тең келетін затты айырбастауымыз қажет. Бас қатырып жүргенше тауардың көрсетілген құнын ақшамен төлеуге болады.

   Төлем құралы ретінде—адамдар өзіне қажетті тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алғанда еш қиындықсыз орнына ақша төлейміз.

   Қор жинау құралы—ақшаны жинақтап көбейтіп алуға болады. Кәзіргі таңда не көп банктер көп.Банктерде депозиттер бар.Депозит дегеніміз—банкке ақшаны салып,белгілі бір мерзімнен кейін пайызбен көбейтіп алады.Ақшаны жинақтаудың екі әдісі бар. Біріншісі,үйде—сандыққа не шифонерге,кілемнің астына сақтауға болады,бірақ өкініштісі ол ақша көбеймейді.Екінші әдіс жаңа айтып кеткендей банкте сақтауға болады.

   Электронды ақша—қазірде қолдағы ақшаға қарағанда, электронды ақша—пластик карточкалар көп қолданылады.Оларды пайдалану оңай,әрі қауіпсіз.Жазатайым жоғалтып алған жағдайда, банкке телефон соғып,карточканы жаптыртуға болады.Сонда сіздің карточкадағы ақшаны ешкім пайдалана алмайды.Көбінесе шетелдерде көп пайдаланылады.Дүкен,супермаркеттерге барып өзімізге қажетті тауарларды алғанда қолма-қол ақшамен емес, карточка арқылы төлеуге болады.

    Нумизматика—ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым. Нумизматика ғылымының негізін салушы—веналық коллекционер, оқымысты И.И.Эккель.

    Теңге тарихына көз жүгіртсек,тарихшылардың зерттеуінше,теңге тарихы ежелгі заманнан бастау алады.Ежелгі түркілер Ұлы Жібек жолы бойында ҮІ-ҮІІІ ғасырларда теңгені құйып шығарған.Онда билеуші тайпалардың таңбасы,ру рәміздері бейнеленген.

    ІХ-Х ғасырларда Фараб,Испиджаб қалаларында мәнет сарайлары

жұмыс істеген.ХІҮғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.Оның негізгі атауы—«тәңге» деп аталды. «Тәңге» атауы орыстың «деньги» сөзімен байланысты.

    ҚР-ның ұлттық валютасы—теңге 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілді.Теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Алғашқы теңгелер ағылшынның «Харрисон» фирмасынан шықты.Теңге беттерінде қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың суреттері бейнеленді.Ал,жаңа үлгідегі теңгелер 2006 жылы  

15 қарашада шығарылды.

        Теңге—Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлері бойынша қабылданатын ұлттық валюта.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақшаны ақылмен жұмсайық
Шығарма "Ақша саған айтарым бар"
Банк жүйесі
Ақша қызметтері және түрлері
Теңге
Теңге.
Ақша туралы ой
Ұлыбритания. Мемлекттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Ұлттық теңге – мақтанышымыз
Ұлттық теңге-мақтанышымыз
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 20545 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык