Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Банк жүйесі


Банк жүйесі

Сабақтың тақырыбы

Банк жүйесі

Сабақтың

мақсаты

Банк дегеніміз не?Банк түрлерімен, банк қызметтерімен, банк жүйесімен таныстыру;

сабақ тақырыбын толық аша отырып оқушыларға жеткізу; оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып экономика пәніне деген қызығушылықтарын, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру;

СТО модулін  қолдана отырып, әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы талантты және дарынды оқушыларды анықтау;

Өз ойларын толық, нақты жеткізуге үйрету;

Экономиканың дамуына өз үлестерін қосуға, ақшаны үнемді жұмсауға, сабақ барысында уақытты ұтымды пайдалануға үйрету;

Топтық жұмыс барысында бір-бірін сыйлауға, өзгенің пікірін тыңдай білуге, сыйлай білуге және топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру;

Сілтеме

Экономика негіздері 8-сынып,Бизнес бастамасы оқулығы;

Әлемдік экономика 7-сынып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  экономика негіздері оқулығы;

Интернеттен алынған банк тақырыбы (google)

Сабаққа қажетті материалдар (кеспеқағаз, маркерлер т.б)

Банк жүйесі бейнематериалы (www.fingramota.kz)

Оқыту нәтижесі

Банк туралы толық мағлұмат алады;

Банк түрлерімен танысады;

Банктердің  атқаратын қызметтері туралы ақпарат алады;

Банктік термин сөздердің мағынасын талдай отырып ақпарат алу;

Банк саласындағы мамандықтар туралы біледі;

Негізгі идеялар

Банк, депозит, несие, валюта, ипотека туралы түсініктерді ашу, термин сөздікпен жұмыс жасау;

Тапсырмалар

1-тапсырма. Банк сөзінің мағынасын ашу (постермен жұмыс)

2-тапсырма. Банк жүйесін талдау;

3-тапсырма. «Кім жүйрік?» тапсырмасын орындау;

4-тапсырма. Банк қызметтері тақырыбына көрініс қою;

5-тапсырма. Экономикалық сөздермен жұмыс;

Міндеттері

АҚТ-ны пайдалана отырып интертақтамен жұмыс жасау;

СТО әдісін қолдана отырып оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыру;

Кейінгі

тапсырмалар

 

Кері

байланыс

Өзін-өзі бағалау;

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ;

Топтық бағалау;

Бірін-бірі бағалау;

Білім ағашымен өз-өздерін бағалау;

«Мен бүгін  не білдім?» парақшасын толтыру;

                                                         Сабақтың барысы

                                                     І. Ұйымдастыру. (5 мин)

   Сыныппен амандасу, сынып тазалығын қадағалау, оқушыларды түгендеу.Оқушы- ларды топқа бөліп алып (топқа бөлу үшін арнайы қиылған суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу).  Топ ережесімен таныстыру.

Топ ережесі:

1.Мұғалімге бағыну;

2.Уақытты ұтымды пайдалану;

3.Сыйластық;

4.Марапаттау;   

                                                         ІІ. Жаңа сабақ

1.Жаңа сабақ тақырыбын ашу (2 мин)

 Сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешу.

Овал: Б

   Б             А             ғ            А

   А             қ            Ш            А

   Н             А             Р            Ы      

   К              Р            Е             Д

                                   

1.Тауарлар мен қызмет көрсетулердің құнын білдіретін көрсеткіш

 

2.Тауарларды сатып алуда қолданылатын балама

3.Рынок сөзінің синонимі

4.Қарызға ақша алу

   Сөзжұмбақ шешілгесін, жаңа сабақтың «Банк жүйесі» тақырыбын жазу.

 

2.Банк дегеніміз не? (постермен жұмыс 8 мин)

Банк туралы оқушылардың ойларын білу мақсатында, постермен жұмыс жасату. Әр топ өз ойларын, идеяларын, банк туралы барлық білетіндерін постер бетіне суреттеп салу. Тапсырманы берілген уақыт ішінде орындау.Тапсырма орындалғасын әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

 1топ несие, 2топ депозит, 3топ валюта айырбастау, 4топ ипотека, 5топ әртүрлі төлемдер қабылдау. Осы аталған банк қызметтері туралы жұмыстарын қорғайды.

 

3.Банктің пайда болуы (3 мин)

   Ертеде ақша операциялары үстелдің үстінде жасалған. Италян тілінде “banco” үстел сөзі. Банкирлер өз үстелдерімен нарыққа шығып, ақшаларды айырбастаған.

Банкирлерді ежелгі Грецияда “трапезиттер” мен Рим империясында “менсарийлер” деп атаған.

“Банк”атауы“банка” атауымен байланысты. Адамдар банк жоқ кезде ақшаларын банкаға салып  жинаған. Банктің шығуы сауда-саттықты  өркендетті. Банкир мен клиент арасында алғашқы сөз “Ақшаны үстелдің үстіне қой”  деп басталған.

   Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейіннен Германия мен Нидер-ландының  сауда орталықтарында пайда болды.Банк ісінің ілгері дамуына , 1712-1720 жылдары Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Оның шығарған банкноттары (қағаз ақша) айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды.

  ХХғ. басында Англия мен Германияда ірі банктер жұмыс жасай бастады. Банк жұмысы дамыған сайын өркендеп, экономиканың дамуына үлестерін қосты.

    Кеңес Үкіметі кезеңінде Қазақстанның өзінің банк жүйесі болған жоқ.Ол кездері елде Кеңес Үкіметінің орталықтандырылған банктері қызмет етті.Қазақстанның банк жүйесі 1995жылдан бастап құрылды.

 

3.Сергіту сәтін жасау  (2 мин)

 

4.Қазақстанның банк жүйесі  (2 мин)

Волна: Қазақстан Ұлттық Банкі 

 

 
   

  1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бірқатар міндеттерді орындау керек болды. Солардың ішінде ең маңыздысы болып, дербес банк жүйесін құру болды. ҚР Прези- дентінің «Қазақстан Ұлттық Банкі» туралы заң күші бар жарлығы белгіленді.

 

Ұлттық Банк жоғары деңгейдегі банк, ал қалған банктер екінші деңгейге жатады.

ҚҰБ қызметтері:

-ұлттық валюта теңгені шығарады;

-шетелдік банктермен қарым-қатынас орнатады;

-елдің атынан уәкілдік етеді;

-банк ашуға, таратуға және жабуға рұқсат береді;

-екінші деңгейдегі банктердің жұмысын қадағалап, бақылау жасап отырады;

Коммерциялық банктер қызметтері:

-несиеге ақша береді;

-депозитке ақша қабылдайды;

-халыққа ақша береді;

-шетел валютасын сатады, сатып алады және айырбастайды;

-ақша аударымдарын жүргізеді;

 

5.Ойлан тап?  (3 мин)

1) «Банк» сөзіне экономикалық талдау, яғни берілген әріптерден басталатын экономикалық термин сөздер жазу.

Б-баға,банк,бюджет,биржа,бизнес,бәсеке,баланс

А-ақша,айырбас,алтын,акция,акционерлік қоғам,адам,

Н-нарық,несие,нумизматика,нарықтық экономика

К-кредит,кәсіпкер,кеден,кәсіпорын,квота,компания

2) Әр топ банк атауларын көп біледі? Тапсырманы берілген уақыт ішінде тез орындау.

 

                                                         ІІІ. Қорытындылау

  Сабақты қорытындылау барысында интернеттен алынған банк туралы бейнероликті көрсете отырып, білімдерін жетілдіру. (3 мин)

 

Өтілген сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын орындату. (2 мин)

1.«Банк» сөзі италян тілінде қандай мағынаны білдіреді?

А) ақша

Ә) үстел

Б) несие

В) орындық

2. 1712-1720 жылдары  қай елде Джона Ло банкі жұмыс жасай бастады?

А) Италия

Ә) Германия

Б) Қазақстан

В) Франция

3.Қазақстан банк жүйесінің екінші деңгейіне жататын банктер—

А) коммерциялық банктер

Ә) Ұлттық банк

Б) Казкоммерц банк

В) Халық банкі

4. «Қазақстан Ұлттық банкі» туралы жарлық қашан қабылданды?

А) 30тамыз 1995ж

Ә) 30наурыз 1995ж

Б) 30наурыз 1993ж

В) 30тамыз 1993ж

5. Бір елдің айналымдағы ақшасы-

А) валюта

Ә) теңге

Б) ақша

В) доллар

6. Белгілі шарттармен қарызға ақша алу?

А) несие

Ә) салым

Б) борыш

В) парыз

7. Еліміздегі жоғарғы деңгейдегі банк?

А) коммерциялық банк

Ә) Ұлттық банк

Б) Халық банк

В) барлық жауап дұрыс

8. Ұлттық банктің атқармайтын қызметі-

А) несиеге ақша береді

Ә) теңге шығарады

Б) екінші деңгейдегі банктер жұмысын қадағалайды

В) шетелдермен қарым-қатынас орнатады

9. Банкирлерді ежелгі Грецияда қалай атаған?

А) банкирлер

Ә) менсарийлер

Б) трапезиттер

В) қарызға ақша беруші

10. Банк атауы қай атаумен байланысты болып келеді?

А) ақша

Ә) банка

Б) қарыз

В) банкир  

                                                              ІҮ. Бағалау

   Оқытуды және оқуды бағалау ( 5 мин)

Әр топ тапсырма кезеңдері бойынша бір-бірін бағалайды және әр оқушы өз білімдерін «білім ағашы» бойынша бағалайды. Оқушылардың және өзімнің қойған бағаларымды қорыта отырып, жиынтық баға қою.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Банктік қызметтер
Ақша қызметтері және түрлері
Жарнама
Білімді тиянақтау
Банк. Cептіктерді қайталау.
Несие және оның түрлері
Cептіктерді қайталау
Банк жүйесі
Біліктілігі туралы мәліметтер
Трапеция. 8 класс
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 3218 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык