Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Отбасы-тәрбиенің ұясы


Отбасы-тәрбиенің ұясы

Отбасы-тәрбиенің ұясы

Тақырыбы: Отбасы-тәрбиенің ұясы

Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, сергіту сәті, үлестірмелі материалдар.

Күн тәртібі:

  1. «Отбасы-тәрбиенің ұясы» атты  коучинг
  2. І тоқсанның қорытындысы
  3. Әр түрлі мәселелер

Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бөлу «Аталар айтқан асыл сөз»  (сөздер жазылған қималарды біріктіріп,  мақал мәтелдерді табу арқылы топқа бөлінеді).

 Барысы:

І тапсырма: Мақал-мәтел мәнін түсіндіру.

І -  топ:   Ата – асқар тау,  ана – бауырындағы бұлақ,

                бала - жағасындағы құрақ.

ІІ – топ:  Біреу әкеге      тартып туады,

                Біреу әкеден       артып туады.

ІІІ – топ: Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

                Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,

                Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.

 

Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Аналар – шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»  дей келе бүгінгі ата-аналар жиналысын  «Отбасы-тәрбиенің ұясы» атты  коучинг түрінде өткізсек.

Мұғалімге сөз:  Қай елде , қай кезде болмасын , бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушыда – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

  Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

  Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

  Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен.

 

 Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәулігіне 8 сағат мектепте, 16 сағат өз отбасында тәрбие алады. Менің ойымша отбасы – бұл махаббат үйі , ал бала – бақыт. Сондықтан ата-ана сіздің махаббатыңыз  балаңыздың өмірге деген құштарлығына жол ашады.

 

ІІ тапсырма: Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

1-жағдаят     Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан «Екілік»              

                      алған бала мен ата-ананың  диалогі

2-жағдаят     Бала міндетіне салғырт қарау

3-жағдаят     Балаларға қымбат зат алып беру

Ата-аналардың пікірі тыңдалады.

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.

Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз!

 

1-қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2-қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»

3-қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын»

4-қателік Балаларды тым еркелету

5-қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6-қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету

7-қателік Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау

 

Міне құрметті ата-аналар,бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

 

Ата-ананың міндеті:

1.     Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2.     Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3.     Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4.     Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5.     Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу-

        тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6.     Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

  

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай

балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!

 

ІІІ тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз? Ата-аналардан сауалнама алынады.

1.Кез-келген өзіңіздің бар ісіңізі тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым- қатынас барысында қателіктеріңізіді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Өзіңіз балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кезде, өзіңізді ұстап, игере                                          аласыз ба?

6.Баланың орнына өзіңізді  қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8. Өзіңіздің басыңыздан өткен, балалық шағыңыздан ескерілетін жағдайды айта аласыз ба?

9.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

10. Баланың жүрегін жарақаттайын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға,өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл

аудармайсыз ба?                 

13. Баланың еркелеген дөрекі мінезінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

 

Ата-ананың аты-жөні:    __________________________________________________

         

Құрметті ата-ана сіздің шын жүректен жауап бергеніңізге көптен-көп рахмет!

 

Жауабы: келісемін-3ұпай

Кейде келісемін -2 ұпай

Келіспеймін-1 ұпай

 

0-16 ұпай: Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен мәселе.Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз
16-30 ұпай: Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тірбиешінің қабілеті бар,бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 ұпай: Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

«Жүрдек пойыз» музыкалық сергіту

І тосан қорытындысы (білім сапасы, үлгерімі, БТС қорытындысы)

 

Әр түрлі мәселелер

1)    Мектепшілік спартакиадаға қатысқан ата-аналарға алғыс.

2)    Мектепшілік  «Өнер қарлығаштары» байқауына қатысу

3)    «Жаңа жыл» шыршасына қатысу

4)    Педконсилиум  27.11.14

 

Кері байланыс

Оқушының аты-жөні:___________________

1 Жаттығу барысында мен нені ұқтым? _______________

_____________________________________________________

2.Маған ұнады __________________________________________

3.Маған ұнаған жоқ______________________________________

4.Коучингтің соңындағы көңіл-күйіңіз.

                      


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ата-ана бастауыш сынып баласының үй тапсырмасын орындауына қалай көмектеседі.
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс
Бала жанұя айнасы
Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей.
Ата-аналармен жұмыс
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
Балам – болашағым өмірімнің жалғасы
Ата ананың балаға көзқарасы сауалнамасы
«Мен және менің балам» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 12659 | Қосты: Камидолданова Динара Елеуовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык