Бала тәрбиесі - әрбір отбасы,қоғам, мемлекет үшін кезек күттірмейтін мәселе. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-туған ұясы, жанұясынан алған өнегесі. Демек тәрбие отбасынан басталады. Осыған орай халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі, білімді болып өсуіне берекелі отбасының тигізер әсері мол. Ата аналарға бала үлгерімін арттыруға байланысты мынадай бірнеше кеңестер ұсынғым келеді. Қай ата- анасы болмасын бауыр еті балаларының жақсы оқитынын қалайтыны сөзсіз. Ол үшін үйде балаға қолайлы жағдай тудыру қажет. Ең алдымен баланың жұмыс үстелінде баланың көңілін алдандыратын артық зат болмауы қажет. Көбінесе балаларға үй тапсырмасын жарық және қолайлы үстел болғандықтан ас бөлмесінде істеуге тура келеді. Міне сондықтан, баланың өз бөлмесінде балаға қолайлы бұрыш жасап беру қажет, ол жер кітап, қалам, қарындаштарын қоюға келетіндей кең болуы қажет, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн. Үй тапсырмаларын орындаған уақытта теледидарды қосуға болмайды деген қағиданы ұстаныңыз. Теледидар баланың сабақ оқуына кедергі келтіреді. Кейбір музыкалық шығармалар (ауыр рокты қоспағанда) материалды тез қабылдауға көмектесетіндігі дәлелденген болатын, сондықтан керісінше үй тапсырмасын орындауға көмектессе, онда балаға музыка тыңдауға рұқсат берген жөн.
Жүйелілік – маңызды да аса қажет фактор. Егер сіздердің кешкі астарыңыз бен түстіктеріңіз бір уақытта болса жақсы болар еді. Балада нақты бағдар қалыптасады, ол барлық сабақты кешкі асқа дейін немесе кешкі астан кейін орындайтын дағдыға ие болады. Балаға дем беру үшін үй жұмысының әр бөлігін орындаған сайын баланы қолдап, қолпаштап отыруды ұмытпау керек.
Балаға үлкен күнтізбе алып берсеңіз, ол күнтізбеге оқудағы маңызды оқиғалар туралы, тоқсанның аяғына дейін қанша уақыт қалғандығы туралы, емтихандардың уақыты туралы ескертпелерді белгілеп отырар еді.Бұл балаға көрініп тұрған ескерту ретінде қызмет етеді.
Балаға тек үй тапсырмаларын орындау білімділікті қамтамасыз етпейтіндігін түсіндіріңіз. Балаға үй тапсырмасын нәтижелі орындау үшін нені білу қажеттігін көрсетіңіз:
- әңгіме бөліктерін немесе мәтінді оқығанда ескерпелер жасап отыру керектігін;
- кестелер мен сызбаларды пайдалануды үйрену;
- оқыған мәтінді өз сөзімен жеткізе білуді үйрену;
- маңызды күндерді, сөздерді және т.б. маңызды заттарды тез қайталау үшін қағазға жазып алу;
Үй тапсырмасын орындаған уақытта баланың жағдайын бақылап отырыңыз. Егер бала шаршаса, тапсырманың ұзақ және қиын болуына өкпелі болса және бұл бірнеше рет қайталанса, мүмкін балаға бүгінгі күнге жеткілікті деп үзіліс беру қажет болар. Менің ойымша, мұғалімге неге үй жұмысы істелмегендігін әрқашанда түсіндіруге болады деп ойлаймын.
Ата-аналар балаларға үй тапсырмасын орындауға көмектесу керек пе? Әр түрлі жағдайда әр қилы істеу керек. Ата-аналар балаларға сөйлемдерді немесе сөздерді айта отырып сөзді дұрыс жазуға үйретуге, математикалық қиын тапсырмаларды орындауға көмектесуге болады. Егер тапсырма оңай болса, оны шешуді баланың өзіне қалдырып араласпаған жөн, ал мен тексеруге көмектесейін деп ұсыныс жасау керек. Сондай-ақ баланың өтінішін қуанышпен қабылдау керек. Баланың үй тапсырмасын тексерген кезде немесе орындауға көмектескен жағдайда балаға жағымды түсініктер жасау қажет. Балада тапсырманы дұрыс орындамасам маған ұрсады деген қорқыныш сезім болмауы керек.
Баладан мектептегі жасаған істері туралы сұраңыз, бірақ оған бітпейтін жағымсыз сұрақтар қоюдан аулақ болыңыз. Мысалы мынадай сұрақтар қоюға болады: «Математика сабағынан өткен бақылау жұмысы қалай өтті?», «Дүниетанудан жазған шығарма жағдайы не болды?», «Менің көмегім қажет пе?» және т.б. Баланың алған бағасына көңіл аударыңыз, сонымен қатар мұғалімнің ескертпелеріне көңіл аударған дұрыс. Бұның барлығы баланың сол немесе басқа пәндер бойынша істің қалай жүріп жатқандығын көрсетеді. Сіз сонымен қатар мұғаліммен кездесіп сөйлесе аласыз, бірақ оны баланың келісімімен жасаңыз, өйткені, балада сіз оның ісіне араласып жатыр деген сезім қалып қою мүмкін (егер сізді мектепке шақырмаған жағдайда). Еліміздің болашағы өскелең ұрпағымыздың заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуына бірлесе ат салысайық , құрметті ата- аналар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Ата-аналарға |
Көрсетілім: 4536 |
|
|
|
Ата-ана бастауыш сынып баласының үй тапсырмасын орындауына қалай көмектеседі.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |