Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » А з а м а т т ы қ


А з а м а т т ы қ

   А з а м а т т ы қ

Тақырыбы   :    А з а м а т т ы қ

Білімдік мақсаты : Оқушыларды демократиялық  мемлекеттегі басты    ұстаным – баршаның заң алдындағы теңдігін,         азаматтық алудың қан және топырақ құқығы   арқылы  алынатындығын, « азамат » және  « азаматтық » ұғымдарының мазмұнын ашу, еліміздегі  қосазаматтық жағдайын , азаматтықтан шығу мен  оған қабылдау реттерін меңгерту.

Дамытушылық мақсаты : Оқушының танымдық белсенділігі мен шешім       қабылдау қасиетін , есте сақтау қабілетін дамыту .

Тәрбиелік мақсаты :Оқушыларға тақырыпты меңгерте отырып , олардың бойындағы отаншылдық , елдік қасиеттерін,    патриоттық  сезімдерін  шыңдау.

Сабақтың түрі : түрлендірілген аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі : ноутбуктер, слайдтар, ҚР Азаматтық туралы Заңы , Азамататтардың  құқықтары  туралы  Жалпыға ортақ Декларация, азаматтыққа  байланысты  сызбалар.

Сабақтың әдісі :оқытудың ақпараттық  технологиясы

І.Ұйымдастыру кезеңі : Амандасып , тугелдеу. Реттілік тексеру .

 ( компьютерлері мен ноутбуктарының  жұмыс жасау қалпына келтіру, іске қосылуын тексеру  )

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :

                     1.Қазақстанның құқықтық жүйесі - халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі.

                    2.Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.

                    3.Адам құқықтары және мемлекет   .

                    4.Адам құқықтары жөніндегі комиссия.

                    5..Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы , кепілдіктері.

Ш.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі :     

  • Барлық оқушыдан    ғаламтор арқылы  Адам құқықтарының жалпыға ортақ  Декларациясын тауып , оның баптарын  үш топқа топтастыру.
  • Мына өлең жолдарын құқықпен байланыстырыңдар немесе  қай топқа жататынын анықтаңыз .

 

                                                                Арыстанның тәрбиесі

 

Құдайым ұл беріпті арыстанға,

Аң жайы айдан анық танысқанға,

Адамда бір жасында ақыл, әл жоқ,

Туса да әулиеден Гүлстанда.

      Бір жасқа бала  Арыстан келген күннен,

Сілкініп шыға келді жөргегінен,

Әкесі баласының алдын шолып ,

Көбірек ойға кетті күндегіден.

     Өтінем кімді жалдап әкім етем,

Патша ұлы кімнен дәріс оқыр екен,

Түлкінің ақылы мол айласы бар,

Ұстазы әлде ұлымның осы ма екен.

      Барысты алсам ба екен қайраты асқан,

Әдісі ерлігімен араласқан,

Бірақ ол білмейді ғой саясатпен,

Азаматтық заң ісін қара басқан.

     Жақпады Арыстанға аң баласы,

Пілге тең келеді аңның қай баласы,

Гректер Платонды қандай көрсе,

Сыйлады пілді сондай айналасы.

      Баулиын өзім алып балаңызды,

Тілінен бүркіт патша бал ағызды,

Ауыр жүк арқасынан алынғандай,

Арыстан көңілденіп жаңа қызды.

     Арадан бір жылдан соң жыл өтеді,

Шәкірттен талай хабар дүр етеді,

Арыстан алдыртады сүйікті ұлын

Қалдырмай үлкен-кіші жиып бүгін.

       Не оқып, ұстазыңнан нені білдің ?

Бағына не істемексің өз еліңнің,

Ұстаздар берген мына аттестатым,

Құстарға мәлім болды менің атым.

       Олардың айтуынша сияқтымын,

Аспаннан қолмен жұлдыз ала алатын.

Сен маған патшалықты тапсырғанда

Үйретем ұя істеуді барлық аңға.

Аң біткен аузын ашпай мүлгіп қалды,

         Опынып патша басын шұлғып қалды,

Аңдарды билеу үшін туған жанға

Құс жайын үйренуден пайда бар ма ?

Халқының қасиетін , жер пайдасын

Осыны оқу керек патшаларға.

ІҮ.Жаңа білімді игеру кезеңі :

                               1.Азаматтық туралы жалпы түсінік.

                              2.Қазақстан Республикасы Конституциясы азаматтық туралы.

                              3.Қосарлы азаматтық.

                             4.ҚР азаматтығын алу және азаматтықтан шығу.

Азамат– белгілі бір мемлекеттің тұрақты халқының қатарына жататын және осы мемлекеттің  барлық құқығына ие болып, барша міндеттерін орындайтын адам .

Азаматтықты дәлелдейтін құжаттар : туу туралы куәлік, жеке куәлік, паспорт.

ҚР Конституциясын ғаламтор бойынша тауып , әр бапта азамат сөзі  кездесетініне    көңіл бөлінеді.

         «Мемлекет азаматы» деген сөз нені білдіреді ?

  • Осы ел тұрғыны ;
  • Осы елде дүниеге келген адам ,
  • Елі үшін көп еңбек сіңірген адам ;
  • Мемлекет аумағында тұратын адам ;
  • Төлқұжатында азаматтығы бар адам ;
  • Өз қылығы не әрекеті үшін жауап беретін адам ; т.б.

 

Азамат

Заңдық   тұрғыда

Адамгершілік тұрғыда

« Азамат » сөзінің заңдық ұғымы адам мен мемлекет арасындағы олардлың өзара құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін жинақтап көрсететін тұрақты құқықтық байланысты білдіреді және осы мемлекеттің заңында көзделген құқықтарға ие болады және сол ел жүктеген міндеттерді орындауға тиісті.

- адамгершілік санатына жататын айқындама азамат деп аталатын адам өз білімін, өз қызметін    жеке игілігіне ғана емес, бүкіл елдің игілігі  жолында жұмсайтынын білдіреді. Азамат - өзінің әрекеті үшін жауап бере алатын, елдегі болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын адам.

                                                                                      Азаматтық алу

 

Тумысынан азаматтық алу

Ұлттық немесе қан құқығы

Аумақтық немесе топырақ құқығы

Баланың азаматтығы туған жеріне байланысты айқындалады.

Баланың азаматтығы , өзге елде туылғанына қарамастан , оның ата-анасының азаматтығынан туындайды.

Азаматтыққа қабылдау

 

АЗАМАТТЫҚҚА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

Міндетті шарттар

Өзге шарттар

Азаматтыққа қабылдаудан бас тарту негіздерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Азаматтығы туралы заңының 17- бабы)

Шет  мемлекеттің азаматтығында болмауы

Қазақстан Респуб-         Қ а з а қ с т а н

ликасының аума-           Республикасы

ғында кемінде бес                      

                                        азаматтарымен

жыл тұрақты тұрып        некеде

                                             тұратын

келген адамдар                   адамдар

 

Қазақстан Республикасы азаматтарының ішінде жақын туыстарының бірі – баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы(зайыбы)және ата-атанасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.

Мемлекет  қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін,құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;

 

Мемлекетаралық,ұлтаралық және діни  араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса ;

Сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса ;

Азаматтыққа қабылдаудан бас тарту

Басқа мемлекеттің азаматы болса.

Терроршылық әрекеті үшін сотталған болса;

Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса ;

Адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса ;

Қазақстан республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген  реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметіне,қауіпсіздік қызметіне, полицияға, заң органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан ;

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша ;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен бес жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе .

Қазақстан республикасы алдындағы міндеттемелерді орындамау ;

Азаматтардың немесе Қазақстан республикасы аумағында орналасқан кәсіпорындардың , мекемелер мен ұйымдардың , қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болған орындалмаған мүліктік міндеттер;

 

Заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе ;

 

Азаматтықтан шығарудан бас тарту негіздері

Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе.

 

Айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса ;

 

Азаматтықтан айыру негіздері

 

Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса ;

Ү.Білімді тұрақтандыру кезеңі : ҚА азаматтық туралы Заңның 1-21 баптары бойынша жұмыс жасалады.

Төмендегі жағдаяттар  тақырыпты меңгергендігін тексеру үшін беріледі .Жағдаяттарды оқып , ҚР Азаматтық Заңының қай бабы  жауап бола алатынын анықтаңдар.

                     1.Айман Түркия азаматына тұрмысқа шыққысы келеді. Бұған оның ата-анасы қарсы, себебі , олар бұл жағдайда қыздары Қазақстан Республикасының  азаматтығынан айырылады, мұның өзі жұмыс тауып алуын және өзге елге кеткен жағдайда отбасына келіп тұруын қиындатады деп қауіптенеді.  Виза жоқ,еркіндік.

                    2. Марат пен Гулхан Қазақстан азаматтары, бірақ олар контракт бойынша Литвада жұмыс істеп жүр.Екеуі ұлды болды. Гүлхан осыған байланысты баланың азаматтық алуы қиын болады деп қауіптенеді. Қан құқығы

                    3.Бір егде адам Қазақстан Республикасының  Австриядағы консулдығына өзіне азаматтық беру жөніндегі өтінішпен жүгінді.Тексере келгенде Польшаның  бейбіт халқына қарсы жасалған қылмысы үшін халықаралық сот тарапынан өмір бойы абақтыға жабуға үкім етілген, қазірде жасырынып жүрген нацист қылмыскер екендігі белгілі болды. 17-бап

                    4.Шевченколар отбасы Қазақстан республикасының Киевтегі елшілігіне өздеріне азаматтық беру жөніндегі өтінішпен жүгінді. Олардың өздері ешқашан Қазақстан аумағында тұрмаған, бірақ онда көп жылдан бері отағасының әпкесі қартайған ата-анасымен тұрады.16 бап

                    5.Израилдік кәсіпкер өзіне Израиль азаматтығына қоса Қазақстан азаматтығын беруді сұрап өтініш жасады. Қазақстан аумағында оның  көптеген туған- туысқандары тұрады, оның өзі де қызмет бабымен Қазақстанға жиі келіп, осында ұзақ уақыт тұрып қалатыны бар. Израиль азаматтығынан бас тартатын ниеті жоқ, бұлай етсе ол өзінің кәсіпкерлік зиян тигізіп алуы мүмкін.   17 бап

ҮІІ. Сабақты қортындылау кезеңі :

ҚР Азаматтық туралы Заңы 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданып, 1992 жылы 1 наурызда  күшіне енді.

Азамат – азаматтық – азаматтық алу – азаматтыққа қабылдану – азаматтық құжат-  азаматтықты тоқтату  ұғымдарын пайдалана отырып , өз еліңнің  белсенді азаматы ретінде Қазақстаннның жарқын болашағы үшін қандай үлес қосар едің ?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру : §32 , « Мен – Қазақстан республикасының азаматымын »  электронды шығармашылық жұмыс.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
"Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар"
Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік
Қазақстан Республикасының азаматтық алу құқығы
Құқықтық мемлекет
Құқықтық тәрбие беру
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Конститутциялық – құқықтық мә
Қазақстан Республикасының азаматтық алу құқығы
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Азаматтық парыз, борыш деген не?
Бөлім: Уроки / Құқық негіздері | Көрсетілім: 1820 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык