Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Азаматтық парыз, борыш деген не?


Азаматтық парыз, борыш деген не?
Күні:
Сыныбы:
Тақырыбы: Азаматтық парыз, борыш деген не?
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өз елі туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білуге, ҚР азаматы болу деген ұстанымдарын нығайта түсу.
Тәрбиелік: Оқушыларды құқықтық мәдениетке, отанға, туған өлкеге
деген сүйіспеншілігін арттыруға,әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ұлттық мәнер, ұлттық намыс қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, плакаттар.
Әдіс - тәсілдер: Мұғалімнің сөзі, коммуникативті.
Барысы:
Интерактивті тақтадан «Қазақстан тәуелсіздік жолында» тақырыбында видео көрсетіледі.
Жүргізуші: Қазақпын еңселі елмін егеменді
Кеңейттім кең әлемге керегемді
Қазақпын, қайнауы құт жері дархан
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам!
Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Әлем білген басшысымен көреген,
Қазақстан ынтымақтың айғағы!
Бүгінгі «Азаматтық борыш, парыз деген не?» атты тәрбие сағатымыздың негізгі мақстаы Қаз дауысты Қазыбек би «Алтын ұяң- Отан Қымбат, Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» - дегендей,ҚР азаматтары мен азаматшалары ретінде міндетті борышымыз ана тілімізді қастерлеп, көк байрағымызды биікке көтеріп,Отанымызды шексіз сүйіп, қазақ елінің патриоты болу.
Мұғалім: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік ата-баба рухын көтерді, мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік деңгейге көтерді.
Оқушылар тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?
Тәуелсіздік- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды, қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан деп жүрегімізді қақтырды. «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп, ата жұртты сүйдірді.
Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдік- этикалық категорияларға : ар, ұят, намыс, абырой, борыш, парыз жатады.
М: Оқушылар, ар,ұят, намыс, абырой, борыш, парыз сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
О: Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң , арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары- мың жылқы» ұят кімде болса иман сонда», «Әдептілік, ар- ұят -адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б деген мақалдар дәлел бола алады.
М: Қандай да бір кез келген елдің Конституциясы қоғамдық өмірде дәлеледенген шындық. Өйткені мемлекеттің заң жүзінде ғана тыйым сала отырып, әділетсіздікке тосқауыл қоюына болатындығы белгілі. Егемені мен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай шара болған жоқ. Қазақстанда 1993 жылы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш Конституция қабылданды, бұл өтпелі сипатта еді, ал, екінші Конституция Ата –заңымыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты , олардың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдарын белгілейтін нормативтік акт (Конституция)
2. «Қазақстан Республиасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қай жылы қабылданды? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
3. Құқықтық мемлекеттің бірінші көрсеткіші( Заңның жоғары тұратындығы)
4. Елдегі мемлекеттік биліктің бірден - бір қайнар көзі?(Халық)
М: Азаматтық борыш, парыз деген не ?
Борыш – этикалық маңызды катоегорияларының бірі, индивидтің өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Борыш ар өлшемі, адамгершіліктің талабы. Оған мағынасы жақын ұғым- парыз. Борыш ұғымы кісілік қасиеттер мен адамгершіліктің жалпы ережелерін орындаумен тікелей байланысты, ізгілікті жамандықтан айыру қажеттілігінен туындайды. Борыш кәсіби этиканың негізгі категориясы жауынгерлік, дәрігерлік, ұстаздық, құқық қорғау қызметкерлерінің борыштары т.б. Әдептанудың борыш туралы тарауы деонтология деп аталады.
М: Оқушылар, 1991 жылы 1желтоқсан да қандай заң қабылданды? 16 желтоқсанда ше?
О: 1991 жылы 1 желтоқсан да Республикамызда бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алһғашқы президенті Н. Ә. Назарбаев сайланды.
16 желтоқсан да ҚР-ның Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
Мұғалім: Балалар біз манадан бері азаматтық борыш, парыз, патриоттық жайында сөз қозғадық. Ендеше Біз әрқайсымыз өз бойымыздан қандай қасиеттерді көреміз? Бәріміз кезек кезек тізіп жазып шығайық!
Оқушыларға А3 форматтағы қағаздар мен маркерлер таратылады. Оқушылар өз ойын жазып, талдау жасайды.
Қорытынды: Оқушыларға тоқыма жіп беріледі. Олар бір- біріне тілек айтып жіпті лақтырады. Лактыру арқылы берік тор пайда болады.
Мінекей балалар, мынадан қандай қорытынды шығарамыз?
Сендер Н. Ә. Назарбаев айтқандай Қазақстаннның болашағысыңдар. Болашақтың іргесін бірге қалайық! Іргеміз берік болуына ауызбіршілікпен үлесімізді қосайық.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
Тәуелсіздік белестері.
Қазақстан Тәуелсіздігінің Дара жолдары.
Президенттің талпынуы – халық бақыты, гүлденген Қазақстан
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Мемлекеттік тілді білу – парыз
азаматтық парыз, борыш

Автор Ерболатова Айгерім Мәлікқызы

Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі

Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 15673 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар