Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік


Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

 

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»  

Барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін тәуелсіздігіміздің  20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты аймақтық көркемөнерпаздар байқауына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.     

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады, күтумен өтті.  

 

2-жүргізуші:

                        Армандарды жақындатып тым алыс,

                        Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

                        Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

                        О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

                        Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

                        Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

                        Ата бабам аңсап өткен бақытым,

                        Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Қарашоқат орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:

Өзіңе әркез сүйеуміз елім,

Қорғаймыз жаудан бабаның жерін

Қазақтың жері қандасым болса

Қазақтың жері - Отаным менің!

Хор «Ел қорғауға әзірміз»

сөзіне жазылған

әні

Орындайтындар 3-сынып оқушылары.

 

1-жүргізуші:  Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

                        Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

                        Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән «Гүлжазира Қазақстан» орындайтын  5 - сынып оқушысы: Нағыметов Аян.

 

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры  Жаңбыршы  Ауашовқа  беріледі.

Сөз кезегі қонақтарға беріледі:

  1.  
  2.  
  3.  

 

1-жүргізуші: Бүгінгі «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты аймақтық көркемөнерпаздар байқауының шарттарымен таныс болыңыздар:

 

  • Барлық халық аспаптарында орындаушылар (1 оқушы)
  • Эстрадалық және музыкалық аспаптар  сүйемелдеуімен орындайтын жеке әншілер (1-2 оқушы)  (домбыра, қобыз, гитара).
  • Дуэт, трио, квартет орындаушылар (музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен) (1-4 оқушы)
  • Сахналық сөз шеберлері (юмор, сатира, пародия) (1 оқушы)
  • Сахналық өнер

1-жүргізуші: Осы байқауымыздың жеңімпазын анықтайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1.  
  2.  
  3.  

2-жүргізуші:             Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай,  жанып-күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой-қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық

Кезекті байқауымыздың І бөлімі

  • Барлық халық аспаптарында орындаушылар бөліміне береміз
  •  
  •  
  •  

 

1-жүргізуші: Атырдым әнге бөлеп талай таңды,

                        Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді.

                        Асқақ үн, әдемі ән құшағында,

Кун күліп ұясына талай барды.

  • Кезекті эстрадалық және музыкалық аспаптар  сүйемелдеуімен орындайтын

жеке әншілер бөліміне береміз.

Аруындай арқаның,

Әсем сұлу – Астана.

Сені сүйген жан-тәнім,

Жібімейді басқаға.

 

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт басын саған иеді.

 

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

 

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан

 

  1.  
  2.  
  3.  

2-жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен  жүрегім ән салады.

  • Дуэт, трио, квартет орындаушылар (музыкалық аспаптарды сүйемелдеуімен)

бөліміне кезекті береміз.

 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

 

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

 

  1.  
  2.  
  3.  

1-жүргізуші:  

  • Сахналық сөз шеберлері (юмор, сатира, пародия) бөліміне береміз
  •  
  •  
  •  

2-жүргізуші:

  • Сахналық өнер бөліміне береміз
  •  
  •  
  •  

1-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

«Корей» биі. Орындайтын 8-сынып оқушысы – Құдайбергенова Таңшолпан.

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Б. Тәжібаевтың сөзіне жазылған Н.Тілендейвтың әні «Туған  жер» орындайтындар 6 - сынып оқушылары: Қарасаева Айғаным және Жаңабергенова Аяжан.

 

1-жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың қорытындысын жасап жеңімпазды жариялау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

                        Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

                        Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

                        Бас иемін ата баба рухына.

                        Бойымда әні бұлақ  жатыр бұрқырап

                        Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

                        Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

                        Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ

2-жүргізуші: 

                        Ту   тігілді халқымның бүгін бағына

                        Жас өрендер желбіретіп нық ұста

                        Ғасырларға жалғастырып елдікті

                        Дақ түсірме ата баба рухына

                        Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты   өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік   туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ  болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі  тәуелсіздігіміздің

20жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты аймақтық көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті.

Келесі кездескенше  сау саламатта болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мен елімді әнге қосып мақтан етем!
Отаным-атамекен
Тәуелсіздік толғауы
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
Тәуелсіздік-тұғырым
Тәуелсіздік шыңы.
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тәуелсіздік тұғырың, егемендік елдігің
Желтоқсан жаңғырығы
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Мектеп әкімшілігі | Көрсетілім: 5634 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык