Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіздік-тұғырым


Тәуелсіздік-тұғырым

Тәуелсіздік-тұғырым 

1-Жүргізуші:

Елдігіміздің белгісі-Еркіндік.

Ғасырларға куә-Тарих,Ерлік,Елдік.

Рухы  биік Ұрпақ!

Ордалы Отан!

Тәуелсіз ел Қазақстан!

2-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Егеменді елдің күміс қоңырауы 23 жылдың қуаныш дабылын қағып тұр. Ұлық мерекекміз- Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!

1-Жүргізуші:

Көк туымыз желбіреп

Биіктен көз тартады.

Жас Ұлан ол ержүрек

Болашақтың қорғаны

 «Назар аударыңыз!..» «ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!»

ҚР Әнұаны орындалады

1-Жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихы мол кешегі,

Туған жердің шежіресі деседі.

Менің елім Қазақстан- отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

2-Жүргізуші:

Бірлік барда көрмес елім,

Сабақтасып жылдар жатты жылдарға.

Сыр бойының тірлік дәні көгеріп,

Сол жылдарға көз жүгіртіп көрелік

(Осы кезде экраннан 23 жыл бойына жасалынған жетістіктер туралы көрініс беріледі)

1-Жүргізуші:

2011 жылдың 6 шілдесі күні «Елорда күніне» және Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырысымен «Нұр Отан» партиясы «Жас ұлан» деген атпен балалар мен жасөспірімдердің біріңғай ұйымын құрды.

2-Жүргізуші:

Балалар! Бүгін сендер үшін қуанышты күн! Себебе сендер осы күнге дейін атқарып келген мейірімді істеріңізбен қайырымды қадамдарыңызды «Жас ұлан» ұйымында жалғастырып, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін талай игі істер атқаратын боласыздар! Кең байтақ еліміздегі ұландар жұдырықтай жұмылып, болашақтың іргесін бірге қалайсыздар!

1-Жүргізуші:

Жас Ұлан жарқылдаңдар күліңдер,

Бақытты өмір сүріңдер

Барлық бейбітшілік күнінде

Отанымды ардақ тұтып жүріңдер.

2-Жүргізуші:

Парызымыз ұлы отанға адалдық

Бойымызда бар еркіндік балалық.

Барша дамға үлгі өнеге боламыз.

Біз Жас Ұлан адалдықтан жаралдық.

1-Жүргізуші: Бұл ұйым бізге не береді?

1 –оқушы: «Жас ұлан» ұйымы бізді біріктіреді.

Өмірге бейімдейді.

Жақсы істерге шақырады,

Әлеуметтік қызметтерге араластырады.

2-Жүргізуші:  Жас ұландықтарды не біріктіреді?

2 –оқушы: Отанға, Атамекенге деген махаббат!

Өмірді жақсартуға, адамдарды бақытты етуге деген ұмтылыс.

Бір- бірімізді тыңдап, түсіне білуді және бірге жұмыс жасауды үйренуге деген құштарлық

Білетінімізден артық білуге, қолымыздан келетін іс жасауға деген қажеттілік.

1-Жүргізуші:Жасұландықтарға не қымбат?

3 –оқушы:Ойларымен, қуыныш қайғыларымен адам қымбат.

Әрбір адамның денсаулығы қымбат.

Туған табиғатымыз қымбат.

2-Жүргізуші:  Жас ұландықтар қандай болу керек?

4-оқушы:Отанына адал, Отанының тәуелсіздігі үшін күресуші. Оқуда еңбекте және спортта өжет те қайсар. Шыншыл адал дос, әрқашан шыншылдық үшін күресуші.

1-Жүргізуші: Армандарымызды іске асыруға көмектеседі.

5-оқушы:Қоғамдағы кері әсерлерден қорғайды,

Сондықтан да «Жас ұлан» ұйымы бізге қымбат. Мерекеңмен Жас Ұлан.

 

1-Жүргізуші: Біз Жас ұлан Отанына өрнегі

Үміт артқан, болашақтан ерлігін

Туған елдің даңқын көкке өрлеткен

Гүлге бөлеп жақсартамыз өлкені

Ендеше Құрметті Жас Ұландықтар! Аға буынның тәрбиесін үлгі тұта отырып, көптеген жақсы істерді бірге атқарамыз деген тәуелсіз елдің ұрпақтарын қарсы алыңыздар.

2-Жүргізуші:

Бақ мұратымыздың бастауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығымен және «Жас ұлан» ұйымының салтанатты жиынымен құттықтау үшін сөз мектеп директорына беріледі.

«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны орындалады.

Ұланбасы: «Біз»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

Ұланбасы:Ұранымыз

Оқушылар: «Уақыт босқа кетпесін, бір күніміз мейірімсіз өтпесін»

Ұланбасы: Біз

Оқушылар:Жас Ұланбыз

Ұланбасы: Біз

Оқушылар:Қутты елдің ұрпағымыз

Ұланбасы: Біз

Оқушылар:Ұлағатты ұланымыз

Ұланбасы: Біз

Оқушылар: Тәуелсіз елдің қыранымыз

Болашақ біздің қолымызда

1-Жүргізуші: Біз Отанның ұланы

Жер қайысқан, қалың қол.

Тәуелсіздік ұланы

Ант беруге дайын бол

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ант мәтіні: Мен,---------------, Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным- Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құүрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата- анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға,

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігін өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ етемін

2-Жүргізуші:

Құрметті оқушылар «Жас ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларңызға тілектеспіз. Құрметті қонақтар бүлдіршіндерге галстук тағу рәсіміне шақырамыз.

1-Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші: 
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Жас Ұлан ұйымы мүшелерінің тәуелсіздік күніне ұйымдастырған «Тәуелсіз таңым атқанда» атты концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші:

Азамат боп –өсіңдер,

Білім қуған жасынан.

Биіктерге өрлей бер,

Қанатың талмай, Жас Ұлан!

2-Жүргізуші:

Бейбіт тандар арайланып атады

Туған жерді аймалайды шырағы

Байтақ елім- ұлы Қазақстаным

Ең бақытты балалардың Отаны- деп кезекті Әділбек Ақботаның орындаунда «Ұлы Отан» әніне береміз.

1-Жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты Қазақтың ұлттық биіміенОртада 8-сынып қыздарын шақырамыз.

2-Жүргізуші:

«Жас Ұлан» ұйымының жалынды жастары тәуелсіздік жайлы сыр шертпек. Олай болса ортада «Жас Ұлан» ұйымының белсенділерін шақырамыз.

Айтмахан:Тәуелсіздік

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!


Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған, 
Саған
Оған да!


Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?


Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

 

Мұхаммедкәрім: Қазақстаным!

Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,

Бойына жиған имани тазалық нәрін.

Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,

Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,

Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –

Қазақстаным!

 

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,

Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.

Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,

Қариялардың ұрлаған даналық шамын,

Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –

Қазақстаным!

 

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,

Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.

Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,

Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,

Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың –

Қазақстаным!

 

 Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,

Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.

Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...

Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,

Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –

Қазақстаным!

Қазақстаным – Отаным гүлдей жайнаған,

 

Азиза: Төсінде оның  тасқындап еңбек қайнаған.

Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,

Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.

 

Әнұран,Туы, Елтаңбасы бар азат ел!

Әлемге мәлім, өркендеп өскен ғажап ел!

Бой тікті қала Есілдің қос қапталынан,

Мақтанышыма мұрагер ұрпақ бола көр!

Көшбасшы өзі, тұтқасы елдің Нұр аға,

Қиялын баптап қондыра білген қияға.

Күн санап менің құлпырып жатса бай далам,

Қуанышы шіркін  кеудеме менің сия ма?

Мәңгілік  болсын тәуелсіздіктің тұғыры,

Күлкімен өтсін, бейбіт күнімнің ғұмыры.

Татулық пенен бірліктің туын көтеріп,

Арманшыл елдің лайланбасын тұнығы.

 Тәуелсіз елге тілеулес менмін бүгінде,

Ырыс құт дарып, бақыт кеп қонсын еліме.

Молшылық тойдың куәсі болып әрдайым,

Ынтымақ  болсын Қазақтың шалқар жерінде.

Жиырма үш жыл  міне,, жұлдызды күндер өтіпті.

Тарихта өшпес іздерін тастап кетіпті.

Шыдамды қазақ, өз бейнетінің арқасы,

Аңсаған  талай  бақытты күнге жетіпті.

                     

Наргиз: Мен Қазақпын!

Барлық есік ашық деймін,

Өз елімде мен үшін.

Ата-бабам қорғап қалған,

Ұрпақтары, елі үшін.

Тәуелсіздік төрімізде,

Желбірейді туымыз.

Қазақпын деп мақтанады,

Қызымыз бен ұлымыз.

Еңсемізді тік ұстап,

Мақтанатын кез келді.

Қазақстан таң қалдырды,

Туысқан, дос, өзге елді.

Отыз елдің қатарына,

Жетеміз деп сенемін.

Жастар адал Отанына ,

Көркейтетін өз елін.

Туған жерім — Қазақстан!

Өскен елім — Қазақстан!

Ән жырым да — Қазақстан!

Байлығым да — Қазақстан!

 

2-Жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: Әлисқар Фариза «НұрАстанам»

 

1-Жүргізуші:

Атыңнан айналайын Егеменді Ел

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-Жүргізуші:

Бірлік пен ынтымақ арнасы Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігі күні құтты болсын!

Ерлігі дастан, мәңгілік мақтан, жасай бер, Қазақстан!

Ортада Би 8-сынып қыздары

1 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңым атқанда» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
2-Жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мен елімді әнге қосып мақтан етем!
Отаным-атамекен
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Қазақстан ұландары ертеңгінің!
Тәуелсіздік тұғырың, егемендік елдігің
Тәуелсіздігім-мерейім!
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 25243 | Қосты: Маханова Айдана Рысбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык