Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әкем, анам және мен


Әкем, анам және мен

Әкем, анам және мен

Тәрбие сағатының мақсаты: туған тілімізді сүюге, туған жерін құрметтеуге,жан – жақты білімділікке , кітапқұмарлыққа баулу. Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.

Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын , шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ , оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім тәрбие беру.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, суреттер салынған плакаттар, топ аттары, шарлар , слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

  • Құрметті кітапсүйер қауым және бүгінгі сайысымызға қатысушы балалар мен олардың ата – аналары. Бүгінгі өткелі отырған «Әкем, анам және мен – отбасымыз оқырман» тақырыбында оқырмандар байқауын ашық деп жариялаймыз. Әрине , бұл оқырмандарымызбен қатар олардың ата – аналарына да сынақ болмақ. Өйткені, олар сайыс барысында өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын, өнерлерін толығымен ашып көрсете алады. Сайыскерлеріміз дайындалғанша біз өзіміздің оқып, біліп, жаттағанымызды еске түсіріп айтып өтейік.

1 – оқушы: Қуан кітап қуанатын күн бүгін

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін

Кел, оқырман тойын тойла кітаптың

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

2 – оқушы: О, кітап бас иемін мәртебеңе

Игілік қазынасың бар адамға

Сен берер жақсылықтың есебі жоқ

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

3 – оқушы:Өмір атты осынау сырлы алаңда

Жаңаға , жақсылыққа құнықтырған

Адам ойы – ең қымбат бұл ғаламда

Кітаптардың бетіне тұнып тұрған.

4 – оқушы:Пайда ойлама, ар ойла

                    Талап қыл артық білуге

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге.

5 – оқушы: Кітап толы терең сыр парасатқа

                    Қазынасы ол – адамзат ақылың

                    Кітап сөзі – жас ұрпақ болашаққа

Жеткізеді дананың асыл үнін.

6 – оқушы:Керемет кемеңгер жан ақыл асқан

Ең алғаш әріп жасап , кітап басқан

Емес пе, шың ғажайып осы кітап

 Халыққа өнер білім нұрын шашқан.

Тәуелсіз елдің болашағы – білімді ұрпақ. Олай болса, бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтеді.Сайысқа 4 отбасы қатысады. Ендеше сайысқа түскелі отырған оқырман отбасыларды ортаға шақырайық.

  1. « Бірлік» тобы  _______________________________________________
  2. «Қыран» тобы  _______________________________________________
  3. «Сұңқар» тобы _______________________________________________
  4. «Жұлдыз» тобы _______________________________________________

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Ортаға топ басшыларын шақырамыз. Топ басшылары мына қоржыннан нөмірленген асықтардан бір асықты аласыздар.Осы нөмір сіздердің реттік нөмірлеріңіз болады. Сайысымызды бастамас бұрын айналымдармен таныстырып өтейік.

1 айналым. « Сұрасаң менің тегім» . Таныстыру.

2 айналым. «Ұшқыр ой» сұрақ бізден, жауап сізден. Әр топқа 20 сұрақ беріледі.

3 айналым. «Кім тапқыр» ақын жазушылардың порттеріне қарап, есімі мен шығармаларын табу.

4 айналым. « Мақал – мәтелдер» жарысы.

5 айналым. «Өнерлі отбасы» үйге берілген тапсырма. 

 

1 айналым. Бұл айналымда әр топ 20 сұраққа жауап береді. Мұнда сізердің ұшқырлықтарыңыз бен сұраққа тез және дәл жауап бергендеріңіз есептеледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі, яғни неше дұрыс жауап болса, сонша ұпай жиналады. Сұрақтар қазақ тілі, математика, дүниетану дан қойылады.

1 топ сұрақтары.« Бірлік» тобына.

  1. Қазақстан  РеспубликасыныңПрезиденті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  2. Қойдың иесін ата? (шопан ата)
  3. Адамның ішкі мүшелерін атаңыз? (ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, қарын,ішек т.б)
  4. Қараша жылдың қай мезгіліне жатады? (күз)
  5. Жыл басы не? (тышқан)
  6. Есту мүшесі? (құлақ)
  7. Орман дәрігері? (тоқылдақ)
  8. Спорттық ойын түрлерін атаңыз? (футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, шаңғы тебу)
  9. Күн мен түн қай әріптен аяқталады? (Н)
  10. Үш биді ата? (Қазыбек би,төле би, әйтеке би)
  11.  Әр адамның шағын отаны? (Отбасы)
  12.  Мемлекеттік рәміздер? (Ту,елтаңба, әнұран)
  13.  ҚР Әнұранының авторлары кімдер? (сөзі Ж.Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев. әні Ш.Қалдаяқов)
  14.  «В» қандай дыбыс? (Дауыссыз , ұяң дыбыс)
  15.  Зат есімнің сұрақтарын ата?(Кім, Не?)
  16.   «Суретші, гүлдер, оқушылар, үйдің» деген сөздерді сөз құрамына талдаңдар?
  17.   1 сағатта неше минут бар? (60 мин)
  18.   Бөлудің компоненттерін атаңдар? (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
  19.  60 пен 50-дің көбейтіндісін атаңдар? (3000)
  20.  23 пен 5 тің бөліндісі нешеге тең? ( 4 қалдығы 3)

 

2 топ сұрақтары. « Қыран » тобына.

  1. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
  2. Жылқының иесі?  (Қамбар ата)
  3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні? (16 желтоқсан 1991 жыл)
  4. Желтоқсан қай жыл мезгіліне жатады? (қыс)
  5. ҚР мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
  6. Желтоқсан оқиғасы қай жылы  болды? (1986)
  7. Ел басқару саласындағы басты тұлға кім? (Президент)
  8. Абылайхан тұсында өмір сүрген жырау? (Бұқар жырау)
  9. Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)
  10. Адамға қажетті бес қажеттілік ?
  11.  « Көлшік» сөзін сөз құрамына талда. ( көл – түбірі, шік – жұрнағы)
  12. « Ж» қандай дыбыс? (дауыссыз, ұяң дыбыс)
  13. Сөз таптарын ата? ( зат есім, сын есім, сан есім)
  14. ......... хана жұрнағына аяқталатын 5 түбірсөз ойлап тап? ( кітапхана, асхана, шеберхана, емхана, баспахана)
  15.  Көбейтудің компоненттерін атаңдар? ( Көбейткіш, көбейткіш, көбейтіңдінің мәні)
  16. Елу мен қырықтың көбейтіндісі нешеге тең? (2000)
  17.  1 дм неше см бар? (10 см)
  18.  Қабырғасының ұзындығы 10 см ,  ал ені 5 см тіктөртбұрыштың периметірі неше см? (30 см)
  19.  22 мен 5 тің бөліндісі нешеге тең? ( 4 қалдығы 2)

3 топ сұрақтары.« Сұңқар » тобына.

  1. Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы? (алматы)
  2. Ешкінің иесі? (Сексек ата)
  3. Қазақстан жер көлемі жөнінде дүние жүзі бойынша нешінші орында? ( 9)
  4. ҚР елтаңбасының авторлары? ( Жанарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов)
  5. Ақпан жылдың қай мезгіліне жатады? ( қыс)
  6.  16  желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
  7. Тыныс алу мүшелерін атаңыз? (мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе)
  8. Етістіктің сұрақтарын атаңдар? (не істеді, не қылды, қайтті)
  9.  «Л» дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз. Үнді дыбыс)
  10. Сұраулы сөйлемге мысал келтіріңдер? (Сенің атың кім?)
  11.  Айдос жүгірді – сөйлеміндегі бастауыш пен баяндауышты тап? (Айдос – бастауыш. Жүгірді – баяндауыш)
  12.  Биші сөзін сөз құрамына талда? ( би – түбірі, ші – жұрнағы)
  13.  Берілген сөздерден сөйлем құрастыр? (көктем, атады, бүршік, ағаш)
  14.  1 м неше см бар? (100 см)
  15.  2  тәулікте неше сағат бар ? (48 сағат)
  16.  20 мен 30 дың көбейтіндісі нешеге тең? (600)
  17. Қабырғаның  ұзындығы 8 см , ал ені 4 см болатын тіктөртбұрыштың периметрі неше см ? (24 см)
  18.  Қабырғасының ұзындығы 8 см , ал ені 4 см болатын тіктөртбұрыштың периметрі неше см? (24 см)
  19.  Бір лимонның бағасы 70 теңге , ал 3 лимон неше теңге тұрады? (210тг)
  20.  26  мен 5 тің бөліндісі нешеге тең? ( 5 қалдығы 1)

 

 

  1. топ сұрақтары.  « Жұлдыз » тобына.
  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
  2. Сиыр иесі? (зеңгі баба)
  3. Мамыр айы жылдың қай мезгіліне жатады? (Көктем)
  4. ҚР туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  5. ҚР тұңғыш Президенті қашан сайланды? ( 1-ші желтоқсан 1991 )
  6. Жер шарында неше мұхит бар? (4)
  7. Ас қорыту мүшелерін атаңдар? (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек)
  8. Сезім мүшелерін атаңдар? (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері)
  9. Сан есімнің сұрақтарын атаңдар? ( қанша, неше, нешінші)
  10.  «Қ» қандай дыбыс? (дауыссыз, қатаң дыбыс)
  11.  Лепті сөйлемге мысал келтіріңдер. (Алақай , қар жауды)
  12. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңдар? ( бастауыш пен баяндауыш)
  13.  «Суретші» сөзін сөз құрамына талда. ( сурет- түбірі, ші – жұрнағы)
  14. 1 км неше метр бар? (1000 м)
  15. Геометриялық фигураларды атаңдар? (үшбұрыш, төртбұрыш ,)
  16.  20 мен 80-нің көбейтіндісі нешеге тең? (1600)
  17. Қабырғасының ұзындығы 10 см , ал ені 4 см болса тіктөртбұрыштың периметрі қанша? (28 см)
  18. Бір литр сүттің бағасы 90 теңге, ал 3 литр сүт неше теңге тұрады?
  19.  28 бен 5-тің бөліндісі нешеге тең? (5 қалдығы 3)
  20.  

 

3 айналым: «Кім тапқыр?» ақын жазушылардың порттеріне қарап , есімі мен шығармаларын табу.

 

5

5

5

10

10

10

20

20

20

30

30

30

 

Оң жақтағы – 5 (Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, ағартушы, ғалым. « Оқуға шақыру» , «Тіл тағылымы»)

Ортадағы 5 –(Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын,ағартушы ұстаз. «Өнер білім бар жұрттар» , «Кел балалар оқылық»)

Сол жақтағы 5 – (Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. «Ғылым таппай мақтанба» «Адам болам десеңіз»)

 

Оң жақтағы – 10  ( Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы «Әке арманы» «Абай жолы» романы «Көксерек» )

Ортадағы – 10 ( Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»)

Сол жақтағы – 10 (Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын , ойшыл , аудармашы. «Адамдық борышың» «Аманат» «Жаз келер»)

 

 

Оң жақтағы – 20( Ілияс Жансүгіров – ақын, жазушы . «Құлагер»)

Ортадағы – 20 (Мұқағали Мақатаев – ақын , жазушы. «Үш бақытым» «Туған тілім»)

Сол жақтағы – 20 (Сәкен Сейфуллин – ақын , жазушы . «Қызыл шұнақ», «Тар жол тайғақ кешу»)

 

 

Оң жақтағы – 30 (Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа», «Сен ұйықтап жатқанда»)

Ортадағы – 30 ( Қадыр Мырза Әлі – жер ақын.“Көктем” , “Данышпан” , “Сабақ”, “Ой орманы” , “Дала дидары”, “Бұлбұл бағы” , “Ақ отау” , “Күміс қоңырау”

Сол жақтағы – 30( Бейімбет Майлин – әңгіме жанрының шебері әрі ақыны. «Күлпаш»)

 

4 айналым. «Мақал – мәтелдер жарысы»

  1. Білім туралы  мақал мәтелдер
  2. Отбасы, ата- ана туралы
  3. Денсаулық туралы мақал мәтелдер
  4. Бірлік, батырлық туралы мақал мәтелдер
  5. Әдептілік туралы мақал мәтелдер
  6. Достық туралы мақал мәтелдер
  7. Еңбек туралы мақал мәтелдер
  1. айналым: «Өнерлі отбасы» үйге берілген тапсырма.   

Әділқазылар алқаларына сөз кезегін береміз!

 

  1. жүргізуші: Адамның  досы – кітап , өмір кілті

Тең келмес оған барлық жиған мүлкі

Ақылшы , жанға серік , жол бастаушы

Асыл қазынасы, өмір көркі!

Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті , өнерлі болуы керек. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды , өнерімізді кітап арқылы танимыз. Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек.

 

2 жүргізуші: Кітап – жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап – сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұлдызды сәт
“Көшбасшы” интеллектуалдық ойыны
«Бақытымның бастауы- Тәуелсіздік»
Дауыссыз б мен п.
Құқықтық тәрбие беру
Жүзден жүйрік білімпаздар сайысы
ЕЛІМ МЕНІҢ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС
Ойлы болсаң, озып көр
Отбасымыз оқырман
Жұлдызды сәт
Бөлім: Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 2287 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык