Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » “Көшбасшы” интеллектуалдық ойыны


“Көшбасшы” интеллектуалдық ойыны

“Көшбасшы” интеллектуалдық ойыны

                                           Азанова  Гүл  Бақытқызы     

Мақсаты: а) Оқушыларды білімді болуға үйрету, білуге, үйренуге деген
                           қызығушылығын арттыру, білімпаздыққа баулу.    

                      ә) Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, жарыста жеңімпаз болуға   
                           ұмтылдыру.
                      б) Алған білімдерін ойын үстінде көрсете білуге, дарынды, озық ойлы                
                          болуға баулу.

Түрі: танымдық ойын сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: ана тілі,  қазақ тілі, математика, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану.
Көрнекілігі: тірек – сызбалар, сұрақтар, сигналдық белгілер, нақыл сөздер.                       
 

Жүрісі:

1- жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақ халқы 
“ақыл – жастан, асыл - тастан” деп бекер айтпаған, олай болса ұшқыр қиял мен ойлылықты қажет етер, 
“Көшбасшы” ойнына қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші:  Бәйгеге түсіп жарыспай,
                            Жүйріктің бағы жанар ма?
                            Білім мен өнер жарысып,
                            Тәрбие, тәлім табар ма?
                            Бұл бәйге ойдың бәйгесі?
                            Кім жүйрік ойға сол алда, дегендей сайыскерлерімізді ортаға                
                            шақырайық.
Сайыскерлер өздерін таныстырады.

                                                           І – кезең “ Бәйге”
1 -  жүргізуші: Енді білім сайысының бірінші кезеңі - “ Бәйге”
2 -  жүргізуші: Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысыңдар.
Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
Екеуі  қосылып: Сонымен бәріңізге де табыс тілейміз.
       1.  Қазақстан халқы тұңғыш президентін қашан сайлады?
            ( 1991 жылы, 1 желтоқсан )
       2.   Елтаңба авторлары кімдер?
            ( Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлімбеков )


  1. Маңғыстау өңіріндегі қорықты ата.
                 ( Үстірт қорығы )
            4.  Қазақстанда “ Қызыл кітап” қашан шықты?
                 ( 1977 жылы )
            5.  Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?
                 ( 1993 жылы, 17 қараша )
            6.  Бейнеу ауданының әкімі кім?
                 ( Басшы Әзірханов )
            7.  Қазқстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
                 ( 1991 жылы, 16 желтоқсан )
            8.  Тәуелсіздік алуымызға қандай себеп болды?
                 ( Желтоқсан оқиғасы )
            9.  Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
                 ( Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан )
           10.  Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
                 ( Т. Әубәкіров, 1991 жылы, 2 қазан )

Ұпайларды анықтау.

                                             ІІ – кезең “ Тіл - өнер”
1 – жүргізуші:
 Ойынымыздың келесі кезеңі “ Тіл - өнер” деп аталады. Бұл кезеңде мақал мәтелдер оқылады, олардың құрамынан оқу кезінде түсіп қалған сөздерді табу керек және ол сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.
2 – жүргізуші: Жұмбақтар оқылады, шешуін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.
1 – жүргізуші: Мақалдан қалып қойған сөзді немесе жұмбақтың шешуін тапса 10 ұпай, орысшаға аударса 20 ұпай, ағылшын тіліне аударса 30 ұпай беріледі.
Екеуі  қосылып: Сайыскерлерге табыс тілейміз.

                                             Мақал – мәтелдер
       1.  Отан - ..... басталады.
            ( обасы – семья - .....
       2.  Ер қаруы ..... қару.
            ( бес – пять - .....
       3.  Батыр – елінде, ..... – көлінде.
            ( балық – рыба - .....
       4.  ..... еркем кестесімен көркем,
            ..... еркем өнерімен көркем.
            ( қыз – девочка - ......
            ұл – мальчик - ......
       5.  Дана – дананы да туған ......
            ( ана – мать - ......

 

                                         Жұмбақтар
1.  Қобдиында қайырлы,
     Қазынаның бәрі бар.
     Тауыссаң көз майыңды, 
      Қалағаның табылар.                             ( кітап – книга - ......

  1. Үлкен алтын табақтан,
    Әлемге нұр таратқан.                          ( күн - солнце - ......
  2. Өзі айлакер, өзі қу,
    Жүрген жері айқай да шу.                   ( түлкі – лиса -......
  3. Қыт – қыт етеді,
    Кезіп жүріп көшені
          Жата қалса орнына
          Ақ доп тастап кетеді.                            ( тауық – курица......
  4. Көзін жұмады,
    Көзін ашады.
          Сыбысын білдірмей,
          Ақырын басады.                                     ( мысық – кошка - ......

Ұпайларды анықтау.
 Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

1-жүргізуші: Ойынымыздың келесі кезеңі – Жалғастыру.
2- жүргізуші: Өздеріңіз жаттаған өлеңдердің бірінші жолы оқылады, соны әрі қарай жалғастырып, бір шумағын айтуларың керек.
1 – жүргізуші: Әр жауапқа 10 ұпай.
2 – жүргізуші: Өлеңнің авторы мен атын тапса 5 ұпай.
Екеуі қосылып: Сәттілік тілейміз.

  1. Бостандық таңы атты,
    (Қазағым, көріңдер.
        Арға ие басшының
        Соңынан еріңдер)
  2. Отан – осы, достарым, 
         (Көңілге мұны түйе біл!
         “ Отан” деп өс, жас қауым,
         Оны ардақтап, сүйе біл!)                 ( Бүркіт Ысқақов, “  Сенің Отаның ”)
  3. Ең бірінші бақытым – Халқым менің
       ( Соған берем ойымның алтын кенін
        Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
        Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің)        
        ( М. Мақатаев, “ Үш бақытым” )

     

 

 

  1. Балалар , бұл жол басы – даналыққа,
    ( Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та,
          Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
          Соларды көре тұра қалалық па?!)          (А. Байтұрсынов, “Оқуға шақыру”
  2. Өзің үшін үйренсең, 
    ( Жамандықтан жиренсең, 
          Ашыларсың жылма – жыл. 
          Біреу үшін үйренсең,
          Біреу білмес, сен білсең,
          Білгеніңнің бәрі – тұл.
          Сөзіне қарай кісіні ал, 
          Кісіге қарап сөз алма ....
          Тез үйреніп, тез жойма,
          Жас уақытта көңіл – гүл)      ( А. Құнанбаев, “  Адам болам десеңіз”)
  3. Өнер, білім бар жұрттар
    ( Тастан сарай салғызды.
          Айшылық алыс жерлерден
          Көзіңді ашып – жұмғанша
          Жылдам хабар алғызды.
          Аты жоқ құр арбаны 
          Мың шақырым жерлерге 
          Күн жарымда барғызды)    (Ы. Алтынсарин, “Өнер – білім бар жұрттар”)
  4. Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

      ( Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме!
      Жолама, шақырса да қасына ерме
      Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,
      Алам деп көктен жұлдыз қолың серме!) (М. Жұмабаев, “ қарағым”)

  1. Адамдық – борышың
       (Халқыңа еңбек қыл.
          Ақ жолдан айнымай,
          Ар сақта, оны біл.
          Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
          Білімсіз, өнерсіз
          Болады ақыл тұл)
  2. Қиядан қиқу төгілсе,
    ( Аттың басын тартпаған, 
          Қисапсыз қол көрінсе,
          Қорқып жаудан қайтпаған.
          Қазақ деген халқының
          Батыр шыққан даңқынан
          Қарсыласқан асылдар
          Қорғасындай балқыған

      Еңбек қылған ел үшін, 
      Қазақтың абырой, арына
      Сарп қылған бар күшін )  ( Бұхар жырау, , “Бөгенбай ” )

  1. Күзгі түн шөптің басын қырау көмген
    ( Ызғар шашып бұлт мынау жерге төнген.
          Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп 
          Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген ) ( С. Торайғыров, , “ Кедей ” )

 

Ұпайлар анықтау.
Ұпайларды аз екі оқушы ойыннан шығады.

1 – жүргізуші: Сайысымыздың 4-ші кезеңі – Жеті жұмбақ деп аталады.
2 - жүргізуші: Ойыншыларымыздың әр ғылым саласынан алған білімдерінбайқаймыз.
Екеуі қосылып: Табыс тілейміз.
                    20  20  20
                    30  30  30
                    40  40  40
                    50  50  50
1.  Сол жақтағы 20 Ана тілі

-    “Күлпаш” әңгімесі кімдік?
     ( Бейбіт Майлин )

  1. Ортадағы 20 математика

     2-нің көбейту кестесін айт.
3.  Оң жақтағы 20 Қазақ тілі.
     - Т дыбысы қандай дыбыс?

     (-т дауыссыз, қатаң дыбыс )

  1. Сол жақтағы 30 Дүниетану
    - Бақылау әдісі дегеніміз не?
         ( Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап,
         естіп зерделеу жолдарын бақылау әдісі дейміз)
    5.  Ортадағы 30 Орыс тілі.
        - Орыс тіліне аудар.
        Асан үйдің суретін салып
  2. Оң жақтағы 30 Бейнелеу өнері.
    - Гуашь қандай бояу?
    ( Гуашь – акврель сияқты желім қоспасы бар, суға тез еритін бояу )
  3. Сол жақтағы 40 математика.
    Тез есепте:
         3х (25-20 )   (100 – 73 ) : 3    (15, 9 )

 

  1. Ортадағы 40 Қазақ тілі 
    Көшбасшы сөзіне дыбыстық талдау жаса.
    9. Оң жақтағы 40 музыка.
    -Ұзын бес сызық қандай сызық?

    Нота сызығында неше дыбыс бар, оларды дыбыстап атап шық.

    7 – дыбыс бар. Олар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
10. Сол жақтағы 50 Ана тілі.
      В. Сухомлинскийдің  “Қатқаң  нан ” әңгімесінің мазмұнын айтып бер.
11.Ортадағы 50 Ағылшын тілі.

     Сандарды ағылшын тілінде айт.
12.Оң жақтағы 50 Қазақ тілі.
     - Қуыста қызыл әтеш билейді?
     - Шешуші от
     - Сөйлем мүшелеріне талда

 

Ұпайларды анықтау. 
Ұпайлары аз екі ойынша ойыннан шығады.
1 – жүргізуші: Ойынымыздың ең соңғы шешуші кезеңі “Жорға” деп аталады.
2 – жүргізуші: Бұл кезеңде әр түрлі бағытта 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 
10 ұпай беріледі.
1 – жүргізуші: Ұпай аз ойыншы сұрақ нұсқасын таңдайды.
2 – жүргізуші: Ұпайы көп оқушы сыныптан шыға тұрады.

 

                                             А – нұсқасы
      1.  Жыл басы не? ( тышқан )
      2.  Түйенің пірі. ( Ойсылқара )

  1. Адам денесінің тірегі не ? ( қаңқа )
          4.  Сөйлем мүшелерінің байланысын не арқылы анықтаймыз ?
               ( сұрақ қою арқылы )
          5.  Көбейту малының атуларын ата. ( көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні )
  2. Ы. Алтынсарин балалық шағында кімнің тәрбиесінде болған?
               ( атасы Балқожа бидің тәрбиесінде )
          7.  Келбеттік ( портрет ) жанр нені белгілейді? ( адамның бет – пішінін )
          8.  Ақ алтын ( мақта )
          9.  Ф – қандай дыбыс? ( ф – қатаң дауыссыз дыбыс )
          10.  Дизайн дегеніміз не ?
                 ( Адамға қажетті заттар мен бұйыдарды ыңғайлы, әдемі етіп жасау, жобалау )
          11.  Күзде болатын мерекелерді ата. ( Алғашқы қоңырау, Ұстаздар, Алтын күз )
          12.  Басты байлық не ? ( десаулық )
          13.  9 х 5  ( 45 )
          14.  Бір жартысы көк, бір жартысы ақ қандай көл ? ( Балқаш көлі )
          15.  Сөйлеудің түрлерін ата. ( ауызекі және жазба )

 


  1. Ас атасы не ? (Ас атасы – нан, нан атасы - дән )
          17.  “Аққу ұшты ” деген сөйлемде аққу сөзі бастауыш па ? ( ия )
          18.  Адмның жүйке жүйесі неден тұрады?  
                 ( мидан, жұлыннан, жүйке тамырларынан )
         19.   Көз қандай мүше? ( көру мүшесі)
         20.   Бұлттың түрлерін ата. ( будақ бұлт, шарбы бұлт, қабат бұлт )

 

 

                                            Ә – нұсқасы

  1. Жылдан құр қалған жануар. ( түйе )
  2. Сиырдың пірі ( Зеңгі баба )
  3. Дені сау адамның тамыры 1 минутта қанша рет соғады? ( 60-80 рет )
  4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата. ( бастауыш пен баяндауыш )
  5. Бөлу амалының атауларын ата. ( бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні )
  6. Абай жас кезінде кімнен тәрбие алған? (әжесі Зерінің )
  7. Пайзаж жанры нені бейнелейді? ( табиғат көрнісін )
  8. Қара алтын. ( мұнай )
  9. В қандай дыбыс. ( В-ұяң дауыссыз дыбыс )
  10. Орман дәрігері не ? ( тоқылдақ )
  11. Күз айларын ата. ( қыркүйек, қазан, қараша )
  12. Денсаулықтың қастарын ата. ( ішімдік, темекі, нашақорлық )
  13. 8 х 9  ( 72 )
  14. Қазақстандағы ең ұзын өзен . ( Ертіс )
  15. Троллейбус сөзі неше әріп. ( 10 әріп )
  16. Цирктің қандай түрлері бар? ( көшпелі және тұрақты )
  17. Мал семірді дегенде семірді сөзі баяндауыш бола алады ма ? ( ия )
  18. Адам  тірегінің үлкендігі қандай ? ( өз жұдырығындай )
  19. Тері қандай мүше ? ( сипап сезу мүшесі )
  20. Кез келген дене неден тұрады? ( заттан )

Ұпайлырын есептеп, жеңімпазды анықтау.
Хор; “Көшбасшы ” әні орындалады.

Қорытынды

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық ойындар сайыс сабағы.
Әкем, анам және мен
ХХІ ғасыр көшбасшысы
“Денсаулық-басты байлық”
Білім додасы
Жүзден жүйрік білімпаздар сайысы
Қанат қақты кезеңі
ЖАС ДАРЫНДАР
Алтынсарин әңгімелері
“Қызықты математика” әлемінде
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 6310 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык